"Қой сорпасы" (жасалу әдісі)

Үйдегі сүйіктіңізге сюрпризді соңғы рет қашан жасадыңыз? Өткен сенбі күні Кәмшатпен отасқанымызға бір жылдың жүзі болып еді, күннің дәстүрліден ерекше өтуін қаладым. Жұма күні жұмыстан кейін гүл дүңгіршегіне барып сатушымен келісіп қойып едім, сенбі таңертең ерте келіп, ең әдемі қызыл розаның бір шоғын сыйлады кіреберісте. Ұйықтап жатқансыған сыңай танытып, есікті әдейі өзім ашқаным жоқ. Сенбі күні үйге жылу берілетін болғасын, үйден шыға алмай қалдық. Мерекелік трапезаны үй шарттарында дайындауға болмайды деп кім айтты? Ешкім. Жанұям үшін айрықша күні өз қолыммен жасаған «Қой сорпасының» дайындалу жолымен сіздермен бөліскім келеді:

Алдымен қазанды жақсылап қыздырып, аздап май құйып, пиязды қызартамыз.


Сосын сүйегі, майы бар қойдың етін саламыз қазанға.



Көкөністерді жақсылап жуып, тым майдалап жібермей тураймыз.



Ет шамамен жиырма минуттай жон арқасын қыздырып ала тұрғаны жөн, сосын туралған сәбізіміз бен картобымызды қосамыз.



Күз мезгілі мәуенің пісіп-жетілген уағы. Сорпаға әдемі дәм берсін деп жасылдан да қостым аздап.



Оны табаға алдымен аздап қуырыңқырап алған дұрыс. Көп емес, 5-7 минут көлемінде. Сосын қазанға жалпы массаға қосамыз. Барлық құрамдасы салынған сорпамыз орташа отта бір жарым сағаттай жақсылап піскені дұрыс. Еттің бойындағы нәр сорпаға сіңіп үлгеретін уақыт дәл. Қалауыңызша ингредиенттерді ауыстырып отыруыңызға болады.



Тамаққа аскөкті турап, солай берген мақұл.

Бөлісу:

101 пікір

Nurgisa
Егер сіздерде басқаша жасау әдісі бар болса, бөлісе отырыңыздар.
Abilakim
Біздің қолдан тамақ жасау келе қоймас, картоп аршып қойғанымыздың өзі сіздің тосынсыйыңыздың әсерін беріп қалар
Zhan
Азанымен адамның аппетитін ашып сенде… Дегенмен, жарайсың, жан жарыңа жақсы сый жасапсың! +5!
Gulistan
Көктүтін қылыпсың ғой, құрдас
Abilakim
Бастысы қара түтіннің шығуына жол бермеу
Qojeke
Мына посты соңынан басына қарай қарамасаңдар, сілекейлерің ағып кетеді
Gulistan
Далада ошақта піссе, тіптен керемет болатын болар!
4-суретке қарасам, дамляма я болмаса картошка араласқан етке ұқсайды екен.Рахмет, осындай рецептермен бөліскеніңе.
Nurgisa
Арқада қысқа қарай мол етті мәзірге бұрады екен бүйрек. Соны байқадым. Қыста үздіксіз соғымсыз ағзаның белокқа сұранысын өтеу қиын. Беспармақты былайынша да істей бересің ғой, аракідік «наваристый» сорпа да жақсы. Жалпы, сорпаның кез-келген түрін жақсы көрем.
qisyq
Күшті, Нұреке! Уфілеп, үрлеп, керемет сезімге бөленіп отырып ішер ме еді тамағыңды. Рысбек.
sammita
Қисық, мен мынаны жасай алам
qisyq
Осы айдың аяғын ала барамын Астанаға.
sammita
аяғын ала барамын
уррра сорпа ішеміз
Nurgisa
Айлығын дегісі келген шығар
qisyq
Тәк, тәк, бұра тартпаңдар: ))))))
Айлығын да, аяғын да апармаймын, айдың соңында барамын.
asaubota
кездесуге бармай қалу үшін себеп, сылтаулар ойластыра бастаңдар қазірден. айдың аяғында келемін деп жатыр ғой, демек келеді шынымен.
sammita
әуежайға баратындар тізіміндеміз алдын ала келісілген.
Сен осылай дуалайсың ба, аурухананы да көрдік, айта бермеш
Abilakim
Бұл циклон Қарағандыға да соғады
asaubota
байқаңдар, бұл сенбистер жүрген жерде жоский отырыс болады.
sammita
демалыста Ботақарада боламыз
sammita
осы жерде жазып отсам соны
AKY
Сылтаудың қажеті не, біз бармасақ қуанасыңдар ғо онсыз да. Рахат, өздерің, жігіттер болып
Abilakim
Сіз-Біз десіп суық желімізді шығарып отыруға не кедергі?
sammita
неге бұндай болдық? тату-тәтті тіршілігіміз қайда қалды, жолдастар? кім кінәлі?
sammita
екеуіміз сол күні картоп егейік.
AKY
Ия, Қисекеңді күтіп алып, жігіттерге табыстаймыз да, сосын картоп егеміз
sammita
қытайдан тауар күтіп алғандай ма
Abilakim
Алла жазса күтіп алармыз. Бір қырсық шалмаса болды да сол кездері.
AKY
Есшо лучшы, күтіп алып, Нұрекеңнен сорпа ішуге барсақ?
Jacqabaies_Chirac
+1
Херемет! дамбляманы әлі ұмытқан жоқпын түн ішінде дамбалшаң жүріп жасап ем нақтың
Nurgisa
 Кезінде imageshack арқылы қойылған суреттер құрбақаланып кетіпті, ұят-ай…
asaubota
қалай ерінбейсіңдер ей, магазинге нан мен сүтке әзер барып келіп жүрк ерініп
Janasil
Жақсы екен.!!! Осы секілді сорпаны Сарыарқадағы Үрімжіден ішуге болады. /Сәл еті аздау болуы мүмкін/
sammita
соңғы суреттен беломыртқаны таппай отырмын.
sammita
сенбі таңертең ерте келіп, ең әдемі қызыл розаның бір шоғын сыйлады кіреберісте. Ұйықтап жатқансыған сыңай танытып, есікті әдейі өзім ашқаным жоқ
ұқпай қалдым.
Сорпа күшті, гүл сыйлау да керемет. Өзің де жақсысың
Nurgisa
Гүлді гүл сатушысы алып келді. Солай жасауын сұранғам. Таңертең ерте әкелді. Есікті өзім ашпадым. Меніңше, түсінуге тырысуың керек
sammita
еее курьер қызметі ме, сыйладым шығар дегем.
Zhan
— «Жыл сорпасы» деген номинацияға бірден бір лайық сорпа.
— Кім қарсы дауыс?
— ???
— Болды онда, шешім қабылданды. «Жыл сорпасы!» (Ду қол шапалақты ұмытып кетпеңіздер)
qisyq
Меніңше экстазидің екі таблеткасы бір күнде қабылдау қаіпті сияқты. © Сатыбалды
AKY
Оо, аппетитті ашатын суреттер)) Даж, шикі көкөністердің өзін әдемі түсіріпсің. Не дейік, қосағыңмен қоса ағар!
sammita
Керекинфо: Астанада көкөністер, азық-түлік жәрмеңкесі болып жатыр. Кеше-бүгін. СҚО өнімдері. Арзан әрі табиғи өнімдер.
Zere
Керемет! Осылай бір-бірлеріңізді қуантып жүре беріңіздер! ))
ErNur
Тс кезінде көріп мынаны Нұреке аран ашылып кетті ғой
Құтты болсын күндерің, тойыс жылдарың! Бақытты болыңдар!
Abilakim
Қой сорпасы демеңіз
ішіңе жақса тамақ қой
Жақпай қалса біреуге
Туалетке қамап қой
Altygradus
Бір жылдарың көп жыл босын Нұреке құтты болсын.
Nurgisa
Рақмет, Жанна. Бақытыңа жет!
a63a1
ана омыртқаларды, сорпаға турамай-ақ сол қалпында мүжіген неткен керемет
Zilola
Сіздің асханадан алыс емес екеніңіз ұнайды, папам да осылай анда-санда сорпа жасап береді, а так көбінесе «шашпа» палау жасайды.
Жеңгеміз риза болған шығар, неткен романтик едіңіз!
asaubota
Нұрғиса осындай посттар арқылы қазақ қыздарының талғампаздық қасиетін одан сайын ұлғайтып, күйеуге шығу уақыттарының бұрынғыдан да созыла түсуіне себепші болып жатыр.

менің ойымша мұндай мақалалар керекемес инфо! жастардың психологиясын бұзады.
Zilola
неге? керісінше маған да осындай адам бұйырса екен деп, асығып жүрмін
asaubota
мен де соны айтып тұрмын ғой. осындай адам кеерк деп қыздар одан сайын қатты талғампаз болып кетеді деп.

және мұндай мақалалар отбасылық скандалдарға да апаруы мүмкін. мысалы әйелі көріп күйеуіне айтуы мүмкін «жұрттың байларын қарашы, тамақ істиді сықитып» деп. мұндай сөзге күйеуі не деп жауап беретінін шамалап отырған шығарсыздар.
Zilola
түсіндім, бірақ менің ойым біреудің айрандай ұйып отырған отбасына сызат түсіру емес-тін
asaubota
менің екінші мысалымның біріншісіне түк қатысы жоқ, екеуі екі бөлек мысалдар.
Zilola
хе-хе, мен негізі талғампаз болып емес, мені қашан таңдайды екен деп жүрмін
satvaldo
«жұрттың байларын қарашы, тамақ істиді сықитып»
осының о жақ бұ жағы біздің үйде де боватыр
asaubota
макарон немесе вермишель қосылса дәмі бұзыла ма?
Nurgisa
Меніңше бұзылады емес, басқа дәм берер. Вермишель/макарон қоссаң ет пен майдың сорпаға берген нәрі мен дәмінің күші бәсеңсіп қалатын сияқты. Егер қатты қосқың келсе, вермишельдің шағын/жіңішкесін, оның өзінде өте аз көлемде қосу керек, меніңше.
a63a1
Жеке пісіріп алу керек те, үстіне етті қоя салу керек
Dinara
Дәмі өзгермеу үшін сорпаның, қасына бөлек пісіріп қойса да болады макарон, вермишель немесе ақ күрішті. Құр сорпаны тамақсынбайтындар үшін  
Қойдың етін қайнатып жасаған шығар деп ойласам, қуырып жасапсыз ғой. Қайнатпа сорпа да дәмді болады, егер сіз қосқандай майлылау ет болса.
dark_nazgul
Қазір супермаркеттердің ет бөлімдерінде осылай белдемені бөліп бөліп сататыны ұнайды.
a63a1
етті супермаркеттен аласыңба?
dark_nazgul
әйтеуір базардан алмаймын. үйге әкеліп, ашып қалсаң, жеуге жарамайтын «мусор» жүреді. Қай кезде салып жіберетіндерін құдай білсін.
a63a1
Супермаркетте таза деп кім айтты?
dark_nazgul
оны да құдай біледі, бірақ әйтеуір бір уыс без алып келмеймін ғой үйге.
VKM
класс, Нұрғиса ағай!
AKA
МашАллаһ, тамаша! Арнайы тапсырыспен гүл келсе тіптен ғажап!  Құттықтаймын, Аллаһ шаңырақтарыңызға береке, бірлік, шаттық пен қуаныш нәсіп етсін! Сіздердей иманы берік, жүректері махаббатқа толы жұптар, біздердей жастарға үлгі болып жүре берсін!
Maya
Керемет тосынсый. Алла разы болсын сізге! Отбасылық өмірдеріңіз әлі 50 жылға созылып, жылда бір осындай «сорпа жасау» әдісін біліп отырайық.
Gastarbaiter
Абайла жақсы пісіретініңді біліп алса бәле болады
Мен бір рет тамақ жасап ем, бітті маған енді не істейін десем, «тамақ істе» дейд. Бірақ мен де беріспей келе жатырмын. Әлден екі «ужин» қарыз болдым.
Aldeken
Гастаның бір сайтта тез, құнарлы тамақ тақырыбына, тауықтың жұмыртқасын целлованға салып пісіру туралы жазбасын оқығанмын. )))))))

Ал, өзіме келсек, келіншегімнің айтуынша, мен жасайтын тағамдар, сөз жоқ, дәмді, бірақ, тамақ істеу процессім өте шығынды екен, (жуатын ыдыс раковинаға сыймай кетеді, және жай жұмыртқа қуырсам да, 18 ингредиенттен тұратын қиын рецептілі тамақ істесем де солай) сондықтан, көбіне не істейін дегенде, қасыма келіп әңгіме айтшы дегеннен әріге бара қоймайды.
satvaldo
тамақ істеу процессім өте шығынды екен
 бұл да менің бір қулығым. оны да көңілім болғанда істеймін. желание (азарт + ықылас, жасап жүріп-ақ тойып каласын) болмаса жұмыртқа қуыруға да жоқпын.
omarbirat
Керемет! Етті сиыр етімен алмастырса қалай болады екен. Қызыма қой етін жегізбеңдер деп еді бір дәрігер.
Nurgisa
Пәщти сол ғой, құрдас. Сүйекті ет болса жақсы шығар, майы кілкілдейтін.
KILYZAMAN
Кірісіп жатыр едім… Суды қаншалықты қандайын(ыстық, суық) құяйын Нұреке?
Nurgisa
Негізі суық құюға да болады ғой. Олай жасайтын болсаңыз оны ет қызарыңқыраған кезде құйыңыз. Су қайнағасын жарты сағаттайдан соң туралған жемістерді. Одан соң бір сағат жиырма минуттай қайнағаны дұрыс па деймін, Қилеке.
Ыстық етіп құюға болады. Жарты сағаттан соң жоғарыдағы тәртіппен салынады ингредиенттер.
Nurgisa
1,5 л. су жетіп қалуы керек.
KILYZAMAN
:-(, Еее мен ананың бәрін салып тастап (етті қызартып алдым, сүйегімен бірге жатыр) )едім. Мейлі енді, сақырлаған қайнақ су құярмын
Nurgisa
Олай да құюға болады ғой, Қилеке. Қайнақ суыңыз тым көп боп кетпесе дұрыс шығар. Мүмкін болса, кейін қалай шыққанымен бөлісе отырарсыз.
KILYZAMAN
Тәәәк, осылай — осылай аспазшы болып кетпесем болды… Былайынша керемет сияқты! Қалампырды кейінге қалтырдым. Қалағандар өздері қосар деген оймен. Тағы жиырма минуттай тұрсын деген оймен отты бұрынғыдыанда бәсеңдеттім…
Nurgisa
Иә, оныңыз дұрыс, соңғы ширегінде отты пәсейткенің жақсы бопты. Көк шөптен салуды ұмытпайсыз ғой.
KILYZAMAN
Әлбетте! РАХМЕТ бауырым, бала-шағама тосын сый болсын :-)
sammita
көбіне мамасынан қызы тамақ жасауды өстіп сұрайды телефондатып
Aldeken
— Мама, алло, мама, бізде, бізде катастрофа.
— ау, қызым, не болды, жылама.
— мама, мама, мен күйеуіммен… ну… біздің семьяда сондай қиын жағдай боп тұр, мама.
— е, қызым, ештеңе етпейді, жас отбасы болған соң, ондай-ондай ыдыс-аяқ сылдырлай, түсініспеушілік деген болып тұрады, ондай жағдайлар бәрінде де болады, тек сенде емес…
— мама, мен бәрін түсінем, бірақ, өлікті қайда жіберем, мама??????
KILYZAMAN
«Бастан кешкен» — деген жаңа тақырып, ақырып тұрған сияқты ма қалай?
sammita
о жағынан проблема жоқ өізмде.
Nurgisa
"өлікті қайда жіберем" жағынан??????? неткен қатыгездік…
Nurgisa
Иә, Қилеке, бөлісіңіз!
KILYZAMAN
Саммитаның пікіріне жазылып еді… Жалпы, бір келінімді еске салып жіберді өзі. Тура солай әрекет етуші еді, тамақ жасар алдында. Қазір ауылымыздың белді(бес бала туған) келіні. Дастарханы да бекрекелі!
dark_nazgul
аспазшы деген сөз жоқ қазақ тілінде. ))
KILYZAMAN
Тура жолды төтесінен көрсетсең ғой, ренжімей қабылдар едім кеңесіңді.
dark_nazgul
демек, ренжимін, бірақ сонда да қабылдаймын кеңесіңді дегенің бе?
KILYZAMAN
Мұныңды тура жауаптан жалтаруыңның табанының жарқырағаны деп түсінсем, ренжімессің…
KILYZAMAN
-шы, -хана, -імдік, -ымдық — деген шылау ма(бұлау ма, құрау ма) жалғау ма білмеймін, қосып сөйлеймін(жазамын) деп жұрнағымды құртып жүрмін… РАХМЕТ!
dark_nazgul
жоға, «бар ондай сөз» деп таласа кете ме деп тайсақтағаным ғой.
Әйтпесе, бір қыз «шаштаразшы» деген сөзді жақтап біраз әуреге салған…
dark_nazgul
шындаса, қуырылып жатқан еттің үстіне суық су құймаған абзал. Ет бірден бүрісіп, қатты болып қалады.
izbasar
Жұбайыңа керемет сый жасапсың.