Фляк-фляк бақыт

Кеше әкемнің үлкен апасының (әпкесі) үйіне бардық. Бұрындары өз үйім болмаған кезде сол үйде бір жылдай жатып жұмыс істегенмін. Әр ненің басын шалып отырып көкем (ол кісіні Көке деп атаймыз бала кезімізден) маған бір құттықтау қағазын (открытка) ұстатты. Ішінде мені туған күніммен құттықтаған текст бар екен.«Мына кісі жасына жетпей алжыған ба? Туған күніме әлі 2-3 ай бар ғой» деген арам ой сумаң ете қалды іште. сөйтсем бұны маған 2005-ші жылы ауылдас балалар сыйлаған екен. Ауылдың қыздарының, достарымның басын қосып туған күнімді тойлаған болатынмын.
Тілекте әлемдегі жақсылықтың барлығын, мол денсаулық, фляк-фляк бақыт, адал махаббат бәрін тілепті. Бұның бәрі дұрыс қой, айтқандары келсін!
Астында 50-60 мың теңге айлық, бірдеңе-бірдеңе байлық деген жолдары бар екен.
2005-ші жылы мен көп болса 20 мың алған болармын қолыма әлде 23-25 болар.
Ана тілеген айлықтары қазіргі менің айлығым. Тура 60 мың. Тбаймайттар 150-200 мың тілей салса несі кетеді?! қағазға жаза салу қиын ба?
Суреттің сілтемесі
Әрі қарай

Олимпиада ойындарын интернеттен тікелей қарағыңыз келсе



Егер ТВ-ден қарау мүмкіндігіңіз жоқ болса және жалпы ТВ барлық ойындарды тікелей көрсете де бермейді, осы сайт сізге көмекке келеді. 12 канал бар, соларды басып, қалаған спорт түрін қарай аласыз. Және бір жақсы жері ешқандай комментаторсыз болуы.

www.eurovisionsports.tv/london2012/index.html
Әрі қарай

Еуро-2012 ойындарының чемпионы кім болады?

"Кім чемпион?" дегенге "аз-маз ақша тастап қойсам" деген едім? Басым қатып отыр, доп домалақ дейін десем, сол допты домалататын адам ғой. Немістер чемпион болады деп ойлаймын, бірақ француздардың жеңімпаз болғанын қалаймын.
Әрі қарай

Фотожұмбақ(қарағандылықтар жауап бермесін)

Әр қалада әр түрлі ескерткіштер, әркімдерге қойылған ескерткіштер болады. Тіпті кейбірі қаланың символына да айналып кетеді.
Мынау ерінбеген құстардың барлығы басына саңғырып кеткен, қанаты талған құстардың сәл демалып алатын ескерткіш-бюстті кімдікі деп ойлайсыздар?
Әрі қарай

Баскесер

Біздің балалығымыздың басы Кеңес өкіметінің соңғы жылдарымен тұспа-тұс келді. Ендеше жоқшылық дегенді тәуелсіз Қазақстан болған кезімізде көрдім деп батыл айта аламын. Біз ержеткенге дейін тамақты картішкемен, талонмен алды ма шаруам жоқ. Бірақ 90-шы жылға дейін ел мамыражай тірлік кешкен секілді болып көрінеді.«Мамыражай емес,»Желтоқсанды"қайда қоясың?" демей-ақ қойыңыздар. Менің әңгімемнің бағытының саясатқа қатысы жоқ. Ауылда ол кездерде қылмыс атаулы көп болмайтын.Қазіргідей бір ауылдың жігіті,өз ауылының қызын зорлау дегенді ол кезде естімейсіз. Бірді айтып екіге кетпей-ақ қояйын.

Ауылдың тірлігі көбімізге белгілі. Бала біз үшін ең тәтті сусын лимонад еді ол кезде. сосын аңда саңда жейтін бөлке нанда тәтті болып көрінетін. Ауылда табаға піскен нанды жейміз ғой көбіне. Дегенмен ол кезде ауылдағылардың барлығы дерлік нанды өздері пісірмеуші еді.Ауылымыздағы жалғыз дүкенге ауданна әкелінетін бөлке нандар түсетін. Нанды бізбен көрші тұратын Мәдина атты әженің (ауылдың барлығы ол кісіні Мәдина апа деп атайтын) аудандағы Жетпісбай деген ұлы таситын. Сағат он екіде дүкенге нан келеді. Біздің ауыл шашыраңқырап жатыр.көп бөлігі таудың(Төбелерді тау деседі біздің ел/Табыл Досымов/)арғы бетінде, мына жақ мүйісінде 14 үй тұрамыз.Дегенмен, ауданнан келетін жол біздің жақты бірінші басып өтетін. Кей күндері 12-ге 15 минут қалғанда мамам (әжемді «мама» деймін әлі күнге)мені «хлебовозды» күтуге жұмсайды. Үйден 100 метрдей жерден өтетін грейдер жақа жүгіремін күшігімді ертіп алып. Мені көрген Жетпісбай машинасын тоқтатып,қолыма екі нан ұстататын. Кейде ақшасын мен береді, кейде үйге келгенде ала салатын. "Қымыз бар ма?" сұрайтыны осы? Мен басымды изеймін,"Қайтарда соғамын". Содан 12 жарымға қарай Жетпісбай біздің үйдің жанына қайтып келеді.Атаммен әңгімелеседі, қымыз ішеді. Біздің үйден киік еті үзілмейтін ол кезде. Аузының салымы ма,әлде соны әдейі есептей ме 1-ге қарай тамақ ішеміз.Киіктің еті қосылған қуырдақты жеп алып бірақ кететін. Жетпісбайдың қызық әдеті бар еді. Ауыл деген белгілі ғой. «Кухня» деп аталатын жазғы үйде отырамыз.Есігі шай ішкенде ашық тұрады. Қара шыбындардың бірі стөлден ұшып, енді бірі қонып жатады. Жетпісбай қымыз ішсе де, шай ішсе де бір қолына пышақ ұстап отыратын. Қонған шыбындардың басын «лып» еткізіп шауып тастайтын.Кейбірі сол жерде өледі, кейбірі бассыз ұшып кететін…
Әрі қарай

Еуро-2012 сенсациясын қай құрама жасайды?



Сенсация және сюрприздерсіз ешқандай үлкен жарыс болмайды. Күтпеген жерден жоғары нәтиже көрсететіндер әрқашан табылады. Осы сұрақты Фейсбуктегі футболсүйер достарымнан сұрап көрген едім. Сауалнама нәтижесі бойынша көпшілік Польшадан (21% — 8 дауыс) сенсация күтетіндерін айтты. Одан кейінгі орында Ресей (18% — 7 дауыс), Хорватия (13%) мен Украинадан (13%) да сенсация күтушілер бар.
Әрі қарай

Патриоттық мелодрама - қазззақтардың жаңа жанры

Романтикалық кеш. Қос ғашық мейрамхананың интимді күңгірт бөлмесінде бір-бірін көздерімен аймалап отыр. Үстел үстінде қымбат шампан, сәнделген салаттар мен сілекей ағызар тәттілер. Әйнек қабырғаның сыртында әсем қала — Ацсотононың силуеті көрінеді. Есілдің жағалауында жас отбасылар, кәрі-құртаң жайылып жүр. Бәрі сондай бақытты, мәз-мәйрам. Осы бір тамаша көрініс жалғаса берер еді, ал сен — көрермен осы бір тамаша өмірдің бір бөлшегі екеніңді сезініп, кеудеңді мақтаныш сезімі де керней бастайды.
Әрі қарай

Мемлекеттік сатып алу туралы

Құрметті жама'ат!!! Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303 Заңына сәйкес осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылуға болады екен:
1) конкурс тәсілімен. Конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бір көзден алу;
4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;
5) тауар биржалары арқылы.
Осы амалдардың ішінде «тауар биржалары туралы» не білесіздер? былай қарағанда көп тәсілдердің ішіндегі осы тәсілге бүйрегім бұрып тұрады…
Әрі қарай