Әскер (армия) ер адам өмірінде не себепті қажет?

Әскер (армия) ер адам өмірінде не себепті қажет?

Бөлісу:

22 пікір

Daniar-Alan
Армияға барғанша оқуға барған дұрыс.
57 пайыз патриотшылдықтарыңдыссс
Marationok
Біріншісіне дауыс бергім келді, бірақ қазіргі әскерге қарағанда… баяғыдай әскер емес сияқты. Сондықтан екіншісіне дауыс бердім. Мектептегі НВП сабағынан сәл асып жатқаны, қазіргі әскер.
Сөздің расы керек, өзім әскерде болмадым, военный билетімді оқудан алдым.
aza
Мен әскерге барғаным жоқ… Еркектік деген екі жылмен өлшенбейтін шығар. Егер мен әскерге кетіп қалсам қазіргі жеткен жағдайыма екі жыл кешігіп жеткен болар ма едім деп ойлаймын. Босқа уақыт жоғалту секілді.
MickThatsMyNick
Әскер ер адамның өмірінде міндетті түрде қажет.  Бірақ, әскерге мені «недовес», майтабан, сколиоз болғасын алған жоқ.( Сол әскерге уақытша «негоден» болып отырм.
З.Ы. Екіншісіне дауыс бердім.
VKM
«недовес», майтабан, сколиоз болғасын
aza
Бейшара бала…
Осындайда әскерге неге денсаулығы жоқтар құмартып, зіңгіттей жігіттер бас тартады екен деп ойлайсың)
MickThatsMyNick
бейшара дегеніңіз енді артықтау деймін, википедиядан сколиоз деген ауруды көріп өзім шошып кеттім
Бірақ омыртқада проблема жоқ емес.
Adiletshu
Майтабан емделе ма
Marationok
Майтабан емделеді дейді, бірақ ол асқынып кеткенге дейін екен.Екі үш деңгей бар дейді ғаламтор. Сол шамамен 0 немесе 1 болса емделу керек сияқты.
Көбінесе статикалық майтабан, ол 82,1 % адамда кездеседі, оның себебі жіліншік бұлшық етінің жетілмегендігі, ауыр салмақ, және тұқымқуалаушылық да бар ішінде. Қалғандары ол жарақат алғаннан.
Қысқасы, салауатты өмiр салтын ұстану керек, ешқандайда майтабан тағы бәле жәлелер болмайды.
meirzhan
әлгі футбол ойнайтын қытайдың кедабутсыларынан майтабан болды ғой көбі
Marationok
Тек қана кеда бутсылар емес, кеданың өзі де, кроссовкілер, қыздардың туфлилары, ұлдардың туфлилары, макосиндер тағы басқа қытайдың қолдан жасанды заттары, яғни подделкілері.
Бірақ, басты себеп ол жіліншік бұлшық етінің жетілмегендігінде ғой, аяқтың әлсіздігінде, артық салмағында. Әрине кеданың әсері бар, дегенмен аяқ мықты болса, табаны жақсы басылса одан болмауы да мүмкін ғой.
Салауатты өмір дегенде, ол бір себепші, қазіргі рационға қарасаң, әрине түсінуге болады, жанұялардың көбісінде жағдайлары нашар, дегенмен балаларға, жасөспірімдерге жақсы, көпдәруменді, яғни көпвитаминды тамақ керек, былай қарасаң жейтіндері күнбағыс майына қуырылған нан-палау (рәшки, рожки) тағы басқа бәлемәтір, оның да себебі бар.
Егер майтабандық көрініп жатса, хотя бы ортопедикалық ұлтарақтарды қолданған дұрыс болар.
Marationok
Менің пікірімше, білмедім, бірақ, жайлы, ұлтаны қатты, ұлтарағы аяқ табанының формасын қайталайтын, яғни табанның рельефы мен ұлтарақтың дөңестіктері бір біріне келетін, каблугы бар бірақ үлкен емес, жазғы күндерде ауа шығып кіріп жататын аяқ киім керек.
Айтпақшы, жаңағы ортопедиялық ұлтарақ туралы мына суретті таптым, қытайдың медицинасы.

Дұрыс пайдаланылса, ауруларды емдеуге, және өзіңді жақсы сезінуге көмек береді деп қойған.
araika
Әскерден келген таныстарымнан әйтеуір бір өзгеріс байқаймын, сондықтан екінші нұсқаны таңдадым.
kozildirik
Меніңше әскерге барғанның дым керегі жоқ. Расымен де бір екі жылыңды бостан бос беріп қайтасың. Барлық прогресстен қаласың, басыңдағы бар аз мұз білімді плацтың астына, керзі етіктің ұлтарағына тастап кетесің. Бірақ армия оқу қумай ауылдан шығу мүмкіндігі жоқ немесе өмірін әскери өмірмен байланыстыратындар үшін керек. Біріншілерін тәртіп пен қарапайым гигиенаға үйртсе, екіншілері түсінікті шығар. Сондықтан кәсіби армия дегенді қос қолдап қолдайтындардың бірімін.
Пысы: Үшінішіге дауыс берген екеудің бірімін
FaraOn1
Отан туралы неге ештеңе айтылмаған. Не дегенмен әскер елді, жерді қорғау үшін керек қой, сәйкесінше әсерге де сол үшін бару керек. «Айдаһар оянып жатыр», немесе «Зима приблежается»…
omarbirat
Әскерге алынушылардың денсаулық жағдайына қарамастан, алты айлық немесе тіпті үш айлық міндетті курс болуын қолдаймын. Әрбір еркек ең құрығанда автоматты бөлшектеу-құрастыру, ату деген нәрсені білгені жөн. Мен, мысалы, әскерге де барған жоқпын, кафедрада да оқыған жоқпын. 27-ге толғаннан кейін барлық тексерулерден өтіп, дайындалып қойған әскери билетімді уақытым болмағандықтан алған да жоқпын. Бірақ қару атудан бірдеңе білгім келеді
Zhan
Мынау маған керек тақырып екен. Жігіттер жағы неге үнсіз отыр?
Daniar-Alan
ешқайсысы бармаған ғой енД… не десін?!!
Daniar-Alan
omarbirat
 Шын ғой енді
Daniar-Alan
СО ҒО… шындықты айтсаң жақпайсың… қара жоғарыны минустап кетіпті… оооо,…