Еуро-2012 сенсациясын қай құрама жасайды?
Сенсация және сюрприздерсіз ешқандай үлкен жарыс болмайды. Күтпеген жерден жоғары нәтиже көрсететіндер әрқашан табылады. Осы сұрақты Фейсбуктегі футболсүйер достарымнан сұрап көрген едім. Сауалнама нәтижесі бойынша көпшілік Польшадан (21% — 8 дауыс) сенсация күтетіндерін айтты. Одан кейінгі орында Ресей (18% — 7 дауыс), Хорватия (13%) мен Украинадан (13%) да сенсация күтушілер бар.
Жазылған пікірлерді бір шолайық:
Бақыт Алтаев:
Польша жасайды ау деймин Роберт Левондовски мен Лукаш Пишчек бар.
Сатыбалды Кербабаев:
Гректер. Қалғандары тырысса былай да жақсы құрамалар сияқты.
Әділет Мұқатай:
Польша деп ойлайм. Мықты. Германия чемпионы Буруссияның сапында 3 футболшысы ойнайды. Арсеналдың қақпасын күзетіп жүрген Щесны, Арсеналда негізгі құрамда ойнайтын Росицский бар. Және де чемпионат өздерінде өтеді.
Фархат Тастамбек:
Финал Украинада өтетін болғасын, оларданда бірдеңе күтіге болатын шығар. Бавария сияқты финалдан бірақ шықпаса да сенсация жасап қалуы мүмкін.
Дастан Кенжалин:
Осылардың ішінде Ирландиядан басқаларының бәрі әлем, Еуропа чемпионаттарында сенсация жасаған. Мысалы, Польша 1974, 1982 жылдары өткен әлем чемпионаттарында екі рет үшінші орын алса, Ресей 2008 жылы Еуропа чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Дания 1992 жылы ЕЧ-на Югославияның орынына барып, чемпион атанды. Хорватия 1998 жылғы әлем чемпионатында үшінші орынға ие болса, Чехия 1996 жылы ЕЧ-ның күміс, 2000 және 2004 жылдары қола жүлдегері атанды. Швеция 1994 жылы әлем чемпионатының қола медалін иеленді. Грекия болса, 2004 жылғы Еуропа чепионы. Украина 2006 жылы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Польша өз тобында сенсация жасап, бірінші және екінші орын алса, ширек финалда «В» тобында бірінші және екінші орынның біреуін алатын Голландия немесе Германиямен кездеседі. Сол кезде поляктар олардың біреуінен айласын асырады деп ойламаймын. Қысқасы, «А» тобынан ширек финалға Польша, Ресей немесе Чехия шықса, «В» тобынан Германия мен Голландия, «С» тобында Испания сөзсіз шығады деп ойлаймын. Ал Италия, Хорватия мен Ирландияның арасында бәсеке болады. «D» тобында да жағдай солай. Англия, Украина, Швеция, Францияның мүмкіндіктері бірдей. Украина өз тобында екінші орын алып, ширек финалға шықса, испандармен кездеседі. Сонда жеңеді деу қиын. Ал бірінші орын алып, келесі айналымға жоладма алса, Италия, Хорватия, Ирландия үшеуінің біреуімен алаңға шығады. Сол кезде сенсацияны Украина, Хорватия немесе Ирландияның біреуі жартылай финалға шығып, көрсетеді.
Ұлан Қармысов:
Өйткені Ресейдің соңғы кезде клубтары жақсы шығып жатыр және европада ойнайтын мықты тәжірибелі ойыншылары бар. Сюрприз команда құралатын сияқты. Ал Дания, Хорватия, Чехия және Швеция сияқты командалар бұрыннан жақсы ойын көрсетіп жүр, чемпион болалмасада.
Ал букмекерлер не дейді?
Топтардан мына құрамалар шығатынына сенімді:
А тобы: Ресей (1.44 коэффициент), Польша (1.80)
В тобы: Германия (1.28), Голландия (1.44)
С тобы: Испания (1.11), Италия (1.61)
D тобы: Англия (1.44), Франция (1.53)
Ал жеңімпаздар коэффициентін қарайтын болсақ:
3.25 — Испания
4.00 — Германия
8.00 — Голландия
9.00 — Англия
13.00 — Франция
15.00 — Италия
21.00 — Португалия
21.00 — Ресей
41.00 — Украина
51.00 — Хорватия
51.00 — Польша
51.00 — Чехия
67.00 — Швеция
67.00 — Грекия
81.00 — Ирландия
101.00 — Дания
Бұл кестеге қарайтын болсақ букмекерлердің ойынша ешқандай үлкен сенсация болмайды, алғашқы орындарды Еуропаның футбол грандтары бөліседі. Тек коэффициент жағынан басқалардан бөлініп Ресей ғана тұр. Яғни бұл командадан аз болса да сюрприз нәтижелер күтуге болады.
Бұл болжамдардың қаншалықты шындыққа жанасатынын бәріміз бірге көретін боламыз. Футболды күндерде жүздескенше!
Коэффициенттер WilliamHill букмекер кеңсесінен алынды.
ешкім қарызға ақша бермеуі де мүмкін бұдан кейін
Португалияға Ресеймен бірдей коэфицент беріпті. Соған қарағанда топтан шығуы екі талай деп тұр ғой. Европа чемпионатына келетін командалардың ішінде Португалия құрамы ең мықтылардың бірі. Топтан 2-ші орынмен шығады деп ойлайм. Чемпион Германия болатын сияқты. 2010 жылы 3 орын алған Германия жастары әлемнің топ клубтарында жүріп, біраз ысылып қалды.
Ресейдің Еуро 2012 жасақтаған құрамасы:
Қорғаушылар: Александр Анюков («Зенит»), Алексей Березуцкий, Василий Березуцкий, Сергей Игнашевич (все – ЦСКА), Владимир Гранат («Динамо „М), Юрий Жирков (“Анжи»), Роман Шаронов («Рубин»), Роман Шишкин («Локомотив»).
Жартылай қорғаушылар: Игорь Денисов, Константин Зырянов, Роман Широков (все – «Зенит»), Дмитрий Комбаров («Спартак» М), Денис Глушаков, Магомед Оздоев (оба – «Локомотив»), Игорь Семшов («Динамо»), Марат Измайлов («Спортинг» Португалия), Алан Дзагоев (ЦСКА).
Шабылушылар: Андрей Аршавин, Александр Кержаков (оба – «Зенит»), Артем Дзюба («Спартак» М), Александр Кокорин («Динамо» М), Роман Павлюченко («Локомотив»), Павел Погребняк («Фулхэм» Англия).
Бірақ тағы ойыншылар қосылуы мүмкін