"Керектегі" Сигма - Семейде жүр

Өкінішке орай, фотоаппарат болмады қолымызда. Семейде күн-райы -35 көрсетіп тұр. Біраз уақыттан бері еңсем түсіп жүр еді. Ойламаған жерден «Мен — «Керектегі» Сигма ғой...» деп, Семейге іссапармен Атыраудан келген Алмас хабарласты. Кеше кешкісін тоқтаған қонақүйіне аяздатып іздеп бардым. Әбіләкім сияқты «шампанға тапсырыс бердіңіз бе» деп бөгде бөлмені қағып шулатқам жоқ, 1 қабатта күтіп тұрдым.  Жалпы, осы Керекинфодан Сигма «Алматы кетті, Астана кепті» деген тәрізді ақпараттарды көзім шалғаны болмаса, таныстығымыз жоқ-тұғын. «Кофеманға» барып, 2 шыныаяқ кофені ұрттап қойып, біраз әңгіменің басын шалдық. Бүгін Әлекең келген жұмыстарын реттеп жатқан болар. Күннің аяздығы болмаса, жалпы Семей жұрты — қонақжай халық. Кешенің өзінде Сигманың пікірі осы маңда болды. Ел – жер көргенге не жетсін! Досымызға келген мақсаттарындағы істері оңға бассын деп тілейік!!!
Әрі қарай

Тарақанмен төбелес

Кеше түнде ауылдан Алматыға келдім. Екі аптаға созылған демалысым аяқталып, әдеттегідей «Атырау-Алматы» бағытындағы поездға міндім. Бұл поезд «Ақжайық» деп те аталады. 2007 жылдан бері қолданыста жүрген "қытайский" поездар бұрын жақсы сияқты еді, қазір шаршап қалыпты. Жолсерік мен отырған екі жарым күнде вагонды бір де бір рет тазалаған жоқ. Дәретханаға кірудің өзі қорқынышты. Бірақ, мұның бәрі тарақканмен салыстырғанда түк те емес. Ес білгелі поезға отырдым, алайда поездан тарақан көрмеген көзімде кінә жоқ. Вагонда тарақан қаптап жүр!!! Түнге қарай тамақ ішетін столдың маңын торуылдаған тарақандардан қорқып,ұйықтамай, тамақ ішпей, қақшиып келген жайым бар. Жолсерікке айтсам, Атырауда вахтада істейтін жігіттердің сөмкесінен түскен деп ақталады. Сонда да, тазалау керек қой… Жүрегім айныды…
Әрі қарай

Өз көңіл күйіңді білгің келеме?

Көңіл күй анықтайтын суретҚұрметті достар мына суретке қарап өзіңнің көңіл күйіңді анықтауға болады дейді. Егер сіздің жүрегіңіз тыныш болып, уайымыңыз болмаса сурет бір қалыпты тұрады екен. Ал, көңіліңізде қандайда бір кірбің болып мазалы болсаңыз сурет сіздің көзіңізге айналып тұрған секілді болып көрінеді. Дереккөз Намыс.кз сайтынан алынған.
Достар көңіл күйіңіңзді тексеріп көре жүріңіз.
Әрі қарай

Шақпақ қант пен ащы кәмпит

Бүгін әбедтте түріктің мейрамханасына бардым. Ақ су көк су қылып шәй әкеліп берді. Тістеме іздеп едім, пахлавадан басқа ешнәрсе жоқ екен. Менікі рафинатқа тұрмайды.Балалық шақ тағы да мен мұндалап шақырды. Есіме әжемнің қант қайшысы түсті. Баяғыда әжем марқұмның қалтасында үнемі күйдірілген қант немесе ащы кәмпит, болмаса шақпақ қант жүретін. Қазалының түрлі түсті ұзын кәмпитін таласа-тармаса жейтінбіз. Әжем 1 кәмпитті 4ке бөліп, бізге таратады, сосын біреуін алып шәйіне салып жібереді(ұзындығы 15-20 см болып қалады). Соған қарап біз кәмпитті трубочка қылып шәйді ішетінбіз, араларындағы кішкентай тесіктерін өтіп, ауызға шәйдің дәмі ащы да емес, тәтті де емес, әдемі тіл үйірердей жететін.Кәмпит жоқ болса, біртүрлі қисық добардай шақпақ қантты қант қайшысымен шағып, алдымызға «мә!» деп лақтыра салады. 90 жылдардың басында не нәрсе болса да қат кезінде, сол шақпақ қант пен тапа нан азығымыз болатын. Талонмен алынған бор кәмпитті қонақтар келген кезде ғана мүләйімсіп отырып, қағып кететінбіз. Сол шақпақ қант пен қазалының ащы кәмпиттерін әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсарды деп мақтанып жүрсек те таба алмайсың… Әжемдікіндей қант қайшы да жоқ қазір…
Әрі қарай

Сергітер шайдан ала отырыңыздар=))

Айтыс — халық өмірін бейнелейтін көркем әдебиет саласының бірі. Бұрыннан келе жатқан ауыз әдебиетінде батырлар жырынан соңғы, көлемінен болса да, маңызды мән-мағынасының салмақтысы да айтыс жанры.
Айтыстың бір түрі «Қыз бен жігіт айтысы» көбіне қайымдасу сипатында болып келеді. Мысалы, Оспантай мен Күйкентай қыздың айтысында Қайымдаса отырып жеңіл әзілдесіп, соңын әлеуметтік мәселелерге ұйыстырады. Оспантай:
Қонған жері ауылыңның күнгей ғана,
Күнгейде неғып жүрсің күймей ғана.
Ауруым әсте менің басылмайды,
Бетіңнен алақандай сүймей ғана.
Әрі қарай

Проект: «Зымырандар». I бөлім. Кіріспе.

Ичкерия қолбасшысы Джохар Дудаев телефонмен сөйлесіп тұрғанда, сигналды іздеп ұшатын зымыранмен өлтірілді. Бейресми мәліметтер бойынша, бұлайша ажал құшқандар көп көрінеді. Олардың қасында баналды пышақ, тапаншадан не асылып өлген адамдардың өлімі онша қызық емес, бекер туған сияқты болып көрінеді, нақтың.

Қаззақтар ойлайтындай, зымыранды ойлап тапқан немесе жасаған халықтар әулие Петрден бата алып, бірден данышпан болып тумаған. Зымыранға да көптеген қателіктер мен күлкіден бұтқа жіберіп қоятын әрекеттер арқылы келген. Бір мысал.
Мысалы Сізге:«мейлінше алысқа ататын қару жаса» десе, не істейсіз? Сіздің логикаңыз былай болар еді: «ох шешесс, онда оқ дәріні көбірек салайын». Яғни, бұрын оғыңыз қырық метрге ұшса, оқ дәріні екі есе көп салсам – 80 метрге барады деп ойлар едіңіз. Ендеше, шамамен осылай ойлаған немістің «Krupp» әскери зауыты жасаған зеңбіректі қарап, тоқ ішегімізді бір тазартып алсақ:
Әрі қарай

Желідегі туысқан

Бәрі де сонау 2004 жылдың күзінде басталды. Ол уақытта қазіргідей агент емес, мсн мен аськаның шарықтап тұрған «алтын ғасыры» болатын. Мен ол кезде екінші курс студентімін, сол жылы әкем шешем екеумізді жастау келіншекке айырбастап, кетіп қалды. Танымал адамның отбасы болған соң, біздің есікті қақпай кіретіндер көп болатын. Әкем кетісімен көп адам біз туралы ұмытқан сияқты боп көрінді. Алайда, аяныш сезімдерін білдіріп, «айналайын» деп басымнан сипайтын әкемнің ескі достары әлі де жүрген жерімде демеп, қолдарынан келер көмегін аяған жоқ. Шындығым сол, жұбанышты көшеден де, темекіден де, тіпті ішімдік пен жеңіл нашадан да іздедім, таппадым. Оқуым жайымен қалды, шешем әкемді ойлап, мені ойлап мүлдем шашы ағарды. Ол уақыт мен мұны байқамаған едім. Бәрінен ішім пысқанда интернетте уақытымды өлтіруге кірісетін болдым.
Әрі қарай

Нақыл сөздер!

Ақшаңа үй сатып алуға болады,
Бірақ та отбасы сатып ала алмайсың.
Ақшаңа сағат сатып алуға болады,
Бірақ та уақыт сатып ала алмайсың.
Ақшаңа төсек сатып алуға болады,
Бірақ та ұйқы сатып ала алмайсың.
Ақшаңа кітап сатып алуға болады.
Бірақ та білім сатып ала алмайсың.
Ақшаңа дәрі сатып алуға болады,
Бірақ та денсаулық сатып ала алмайсың.
Ақшаңа тақ сатып алуға болады,
Бірақ та атақ, абырой, сыйластық сатып ала алмайсың.
Ақшаңа қан сатып алуға болады,
Бірақ та өмір сатып ала алмайсың.
Әрі қарай

Менің оқиғам?!

Кішкентай кезімде нақты 4-5 жаста болуым керек. Сол 31-желтоқсан күні сағат түнгі 12-де барлық адам далаға салют атуға шықпай ма? Сол маған бір әпке салютты жақты да маған берді. Ал мен болсам салютты аспанға атудын орнына бір орыс балаға көздеп тұр екенмін. Сол кезде жаңағы әпке жылдам қолымдағы салютты аспанға көтеріп жібергенде бір атылып кетпесі бар ма? Ана орыс балаға тигенде не болатын еді???
Әрі қарай