Нақыл сөздер!

Ақшаңа үй сатып алуға болады,
Бірақ та отбасы сатып ала алмайсың.
Ақшаңа сағат сатып алуға болады,
Бірақ та уақыт сатып ала алмайсың.
Ақшаңа төсек сатып алуға болады,
Бірақ та ұйқы сатып ала алмайсың.
Ақшаңа кітап сатып алуға болады.
Бірақ та білім сатып ала алмайсың.
Ақшаңа дәрі сатып алуға болады,
Бірақ та денсаулық сатып ала алмайсың.
Ақшаңа тақ сатып алуға болады,
Бірақ та атақ, абырой, сыйластық сатып ала алмайсың.
Ақшаңа қан сатып алуға болады,
Бірақ та өмір сатып ала алмайсың.
Бөлісу:

25 пікір

meirzhan
Өте жақсы айтылған екен!
shimaibek
Нарық заманының ОҢ және КЕМШІЛ тұстары.
nurbergen_makym
Ақшаңа мешіт сатып алуға болады,
Бірақ иман сатып алмайсың.
Ақшаңа арақ сатып алуға болады,
Бірақ шын рөмкелес сатып алмайсың.
sigma
мына
Бірақ та атақ, абырой, сыйластық сатып ала алмайсың.
жеріне келіспедім Дос
мына жерлері
Ақшаңа дәрі сатып алуға болады,
Бірақ та денсаулық сатып ала алмайсың.
Ақшаңа қан сатып алуға болады,
Бірақ та өмір сатып ала алмайсың.
бір-бірін қайталайтын секілді
Robin
ия ия. Деңсаулық пен Өмір бөлек. Ал ең біріншісіне неге келіспедін? Сен дәл қазір атақ абырой сатып алар ма едін?
sigma
Сен дәл қазір атақ абырой сатып алар ма едін?
атақ, абырой, сыйластық ол тек достардың алдында емес, тек елдің алдында емес қой. Шын сыйлайтындардын бөлек адамдар да бар. Олар үшін тек ақша маңызды, сен тек „донор„ болсаң болды атақ та, абырой да, сыйластық та сенікі.
Robin
Ризамын. ӨТЕ ДҰРЫС
Gastarbaiter
әжестің пауерпойнты алғаш шыққан кезде 9 досыңа тарат деп келетін спам бояндарды архивтен әкеп төге берсек бола ма, о құдіреті күшті Одмин?
dark_nazgul
спам бояндарды архивке жинап жүрген сен де еріккен екенсің)))
Robin
мен жинап жүрген жоқпын.
dark_nazgul
а, олар саған енді келіп жатыр ма?
Robin
жоқ. ГУГЛДЕп қайтқам.
dark_nazgul
азабым ай  пайдалырақ нәрсені гуглдемейсің бе)))
Robin
Мысалы нені???
dark_nazgul
мысалы: «салидный апашкалар мен аташкаларға ұнайтын жазба жазудың қыры мен сыры»
dark_nazgul
«за растление малолетних» кетіп қалмай тұрғанда, саған ақыл айтуды доғарайын)))