Сергітер шайдан ала отырыңыздар=))
Айтыс — халық өмірін бейнелейтін көркем әдебиет саласының бірі. Бұрыннан келе жатқан ауыз әдебиетінде батырлар жырынан соңғы, көлемінен болса да, маңызды мән-мағынасының салмақтысы да айтыс жанры.
Айтыстың бір түрі «Қыз бен жігіт айтысы» көбіне қайымдасу сипатында болып келеді. Мысалы, Оспантай мен Күйкентай қыздың айтысында Қайымдаса отырып жеңіл әзілдесіп, соңын әлеуметтік мәселелерге ұйыстырады. Оспантай:
Қонған жері ауылыңның күнгей ғана,
Күнгейде неғып жүрсің күймей ғана.
Ауруым әсте менің басылмайды,
Бетіңнен алақандай сүймей ғана.
Күйкентай:
Көк ешкінің лағы жарда ойнайды,
Ойнамайтын, күлмейтін жан болмайды.
Бірге жүріп, бір тұрып, бір жатпасам,
Құрғақ сүйіс сүйгенге сән болмайды. -деп әзілдеседі. Ал, белгілі «Жамбыл мен Айкүмістің» айтысында мұндай жастық іңкәрлік пен ынтықтықтағы әзіл-қалжың былай көрініс тапқан:
Жамбыл:
Айкүміс, асықпауға шамам бар ма?
Жасшылық ұрындырды талай жарға.
Сен үшін жатсам, тұрсам арманым көп,
Жем болып кете ме деп жамандарға.
Айкүміс:
Біле ме пенде шіркін өз кемісін,
Ел кезіп, есер мінез сен де жүрсің.
Жаралған жат жұрттыққа ұрғашымыз,
Жарқыным, өкінбеші сен мен үшін!-деп жігіттен бойын аулақ салып, қамшылай түседі. Ақыр соңына Қыз көндікпегесін Жамбыл былай деп нөсерлетеді:
Ауылым жайлап отыр Көксеңгірді,
Көз сүзіп сіздің жаққа еңсем құрды.
Қолыма бір ұстатсаң түсінерсің,
Томпайған төсіңдегі өртеңгірді.
Айкүміс:
Жамбыл ау, ұстатпаймын кінә қойма,
Қайтейін, қайтып ардан мына тойда.
Жақсы сөз жан семіртер деген бар ғой,
Әдепті мінездерің жүрсін ойда. Сөз соңын Жамбыл бозбала аяқтайды:
Айкүміс, амалым жоқ, қош ендеше,
Кетелік сыр білдірмей жат пендеше.
Атыңды, ақ жүзіңді ұмытпаспын,
Кеудемнен қашан менің от сөнгенше.
Үнемі әлеуметтік мәселелердің кемшін тұстарын сөз етіп, қараспанды төндіре түнерте бергеннен гөрі осындай жеңіл әзіл оспақ адам көңілін сергіте, серпілте, жағымды әсер сыйлайды.
Сіздердің де көңіл күйлеріңіз көтеріліп қалсын деген үмітпен ұсынамын. Сергітер шайдан ала отырыңыздар.))

Айтысты оқығаннан гөрі, қарағанды ұнатамын. Әсіресе, танымал ақындардың айтысын.