Шақпақ қант пен ащы кәмпит

Бүгін әбедтте түріктің мейрамханасына бардым. Ақ су көк су қылып шәй әкеліп берді. Тістеме іздеп едім, пахлавадан басқа ешнәрсе жоқ екен. Менікі рафинатқа тұрмайды.Балалық шақ тағы да мен мұндалап шақырды. Есіме әжемнің қант қайшысы түсті. Баяғыда әжем марқұмның қалтасында үнемі күйдірілген қант немесе ащы кәмпит, болмаса шақпақ қант жүретін. Қазалының түрлі түсті ұзын кәмпитін таласа-тармаса жейтінбіз. Әжем 1 кәмпитті 4ке бөліп, бізге таратады, сосын біреуін алып шәйіне салып жібереді(ұзындығы 15-20 см болып қалады). Соған қарап біз кәмпитті трубочка қылып шәйді ішетінбіз, араларындағы кішкентай тесіктерін өтіп, ауызға шәйдің дәмі ащы да емес, тәтті де емес, әдемі тіл үйірердей жететін.Кәмпит жоқ болса, біртүрлі қисық добардай шақпақ қантты қант қайшысымен шағып, алдымызға «мә!» деп лақтыра салады. 90 жылдардың басында не нәрсе болса да қат кезінде, сол шақпақ қант пен тапа нан азығымыз болатын. Талонмен алынған бор кәмпитті қонақтар келген кезде ғана мүләйімсіп отырып, қағып кететінбіз. Сол шақпақ қант пен қазалының ащы кәмпиттерін әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсарды деп мақтанып жүрсек те таба алмайсың… Әжемдікіндей қант қайшы да жоқ қазір…
Бөлісу:

25 пікір

ken
Менікі рафинат қантқа тұрмайды
Қалай сонда?
salta
рафинат дегенди ващеее ұнатпаймын…
Nurgisa
Менікі рафинат қантқа тұрмайды.

Тосын тиркес…
Жазудан наз еседи екен.
manshukn
бор кәмпит деген де болушы еді
manshukn
апамның қант қайшысы бар, бірақ пайдаланбаймыз
salta
онымен шағатын шақпақ қанттар жоқ қой қазір…
Kipshakkyzy
Таныс сөздер. Шынымен де бала кезімізде әжеміз құмшекерден қайнатып шақпақ қант жасап беруші еді.Қазір олай ешкім жасай бермейтін шығар. Сол кезде ұзын-ұзын кәмпиттер көп болушы еді.
AKY
Шақпақ қантты мамам әлі күнге жасап тұрады анда-санда. Біздер оны "қатырған шекер" дейміз
salta
біз күйдірген қант дейміз оны, менің айтқан шақпақ қантым, үкіметский ірі ақ қант, өзі добардай…
satibaldi
Аралдың вә Қазалының кәмпитін сағынғандарға.
Қара суға құм шекерді қайнатып, ол қоймалжың массаға айнала бастағанда үш ас қасық уксу құйып жіберіп, аздан сон ұзын түтікше қылып илеп, кептіріп қойыңыз. Таңертең — велкоум ту Aral sea!!!
salta
мдаааааааа, фантазияңызға базар жоқ…
satibaldi
Ой лібә, шын айтам, өтірік айтсам — тасым жұмыс істемей қалсын епті, ауылдың шал-ауқандарын солай құтқарғанмын, Аралдың кәмпитін азынап, боз-боз жылап мазаны алған кезде.
salta
андай-мындай жағдай болып, айтқаныңыз өтірік болып шықса тасыңыздыңжұмыс істемей қалғанын қалай білеміз?
satibaldi
Әрі қарай дәлел жоқ. Ең қасиетті, өлердегі сөзімді айтып, иландыруға тырыстым. Оған сенбесең — өз еркің.
salta
сіздің өлердегі сөзіңіз бен иландыратын сөзіңіз тасыңызбен қатты байланысты болса, сендік… обалыңызға қалмай...
satibaldi
Істеп көрсейш лібә, кез келген қатынның қолынан келетін нәрсе ғой.
salta
қораз кәмпитті талай жасағанмын, сондықтан менің қолынан келетін қатын екеніме күмәнданбай-ақ қойыңыз...
Zhan
Шақпақ қант тастар да, тастар да сөз болыпты ғо мына жерде
salta
менікі мына кісімен жақынырақ танысудың амалы болып еді, кәмпиттің айналасынан шықпай қойды ғой өзі...
satibaldi
Айтпақшы ваниль мен мята (жалбыз деуші ме еді, терминкомсстың) қосасың. Аралдың мұзкәмпиті енді қалай ғана мятасыз болмақ!
Банзай!
salta
мынауыңыз мүлдем керемет екен, ескіні жаңғыртуға тура келеді ертең… рахмет, ағасы
satibaldi
Аздан істе енді, аздан.
satibaldi
Бояуға да болады бояғыштар салып, E114-сстің.
araika
күйдірілген қант
Мен жәмән жақсы көремін-ау. 
қазалының ащы кәмпиттерін әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсарды деп мақтанып жүрсек те таба алмайсың
Бір жыл бұрын қайдан түскенін білмеймін, осыны әкелген. Кейін басқаша түрін салып жіберетін болды үйдегілер.Бір кездескенде сізге де берермін.