Еуропа лигасының жеребесі өтті



Өткен дүйсенбі күні Еуропа Лигасының жеребесі өтіпті. Біздің командалар «Ақтөбе», «Жетісу», «Ордабасының» қарсыластары анықталды.

«Ақтөбе алғашқы турда Грузияның Торпедосымен кездеседі. Егер жеңсе келесі турда Молдавияның Милсами командасымен ойнайды. „Жетісудың“ алғашқы қарсыласы Польшаның „Лехы“, мұны өтсе „Хазар“ (Әзірбайжан) / „Нымме-Калью“ (Эстония)жұбының жеңімпазымен кездеседі. „Ордабасы“ Сербияның „Ягодинасын“ өте алса келесі турда Норвегияның танымал клубы „Русенборгпен“ ойнайды.

Бірінші раунд 5 және 12 шілдеде ойналады. Екінші раунд ойындары 19 және 26 шілдеде.
Әрі қарай

«Размен беріңізші» немесе тұтынушыға керек 10 қағида

Шіркін дүкееен! Дүкен болған жақсы ғой. Қонақ келсе ең алдымен сасқалақтап, тапырақтап дүкенге жүгіреміз, ішіміз пысса да сонда барып қомағай көзді тойдыруға тырысамыз. Керекті де сүйікті нәрселерімізді де сол жерден табамыз. Алайда кейде дүкеннен қапаланып не болмаса ашуланып шығатын кездеріміз де болып жатады. Өйткені ол жерде көкбет САТУШЫ бар… Ол өте ашушаң, қашан көрсең түнеріп, өміріне өкпелі болып тұрады…

Керекті нәрсеңізді алуға дүкенге бардыңыз делік. Сатушы бетіңе бақшиып қарап «Не керек? Айта беріңіз!» деді. Сіз де сасқалақтап:
— Сүт беріңізші-десеңіз, сатушы тағы да баж етті:
— Әй қазағым-ау қандайы керек? Саған қай сүт ұнайтындығын бетіңе қарап білем ба?- деп дүрс етті. Шыдай алмаған сіз де өз мінезіңізді көрсете бастадыңыз.
— Апай-ау! Немене сонша айғайлайсыз??? Тіпті тауардың түрін көруге де мұрша бермедіңі ғой… Анау да осыны күтіп тұрғандай шыж-быж етті… Ары қарай не болатынын өзіңіз білесіз. Кейде төбелес те болып жатады...
Міне мұндай жағдай орын алмас үшін тұтынушы төмендегі 10 қағиданы есте ұстауы шарт.

1. Не үшін барам? Не қажет? Дүкенге кірерден бұрын өзіңізге осы 2 сұрақты қойыңыз.
Бұл сауалдарды өзіңізге қойып, оның жауабын толықтай білуіңіз өте маңызды. Себебі, жетер жеріңе жетіп алып не үшін келгеніңді ұмытып қалу сатушының зығырданын қайнатады. Сосын ол айқайламай кім айқайласын??!
Әрі қарай

Тағы ұрлық. Не істесе болады?

Мына жерге «Алаш айнасы газеті бүгінгі санына бізге беймәлім КВН командасы туралы мақала шығарып, біздің www.kazkvn.kz сайтынан суретін ұрлап алып салып қойып. Не сілтеме, не басқа да бір ұяттың нышаны жоқ. Не істесе болады?
Әрі қарай

ОРТ Евразия жаңалықтар бере бастады

ОРТ Евразия арнасы жаңалықтар қызметін бастады. Енді еліміздегі және әлем жаңалықтарын осы арнадан да қарауға болады. Бұл арнаның жаңалықтар қызметінің бір ерекшелігі — дикторлар ауыспай, қос тілде жүргізе береді. Жаңалықтарды Астана уақытымен 19:00-де қарай аласыздар.

Интернеттен қараймын десеңіз:

Әрі қарай

Қытырлақ тауықтар

Бөлмеде аз болатындығым себепті, қазанның қасында да көп жүрмеймін. Кеше инеттегі қазақша блогтарды ақтарып отырып, солақай қолдарыммен мына тағамды дайындап көрдім.
Әрі қарай

Қажығұмар Воркута. "Төңкеріс".

Женішбек Жынысбеков тез-тез басып, базарға қарай аяңдап келе жатты. Өткенде құдалардың қамын күнде ертең жасаймын деп жүргенде төңкеріс басталып кетіп еді. Ұн мен май ала алмай қалып, масқарасы шыққан болатын. Құдасымен бірге кесек-кесек қара етті жеп, үндемей тарасты. Ұялған тек тұрмас деп, «нанның орнына картоптан алып-алып қойыңдар, бұл да нан ғой, іхе-іхе» деп, әзілдеп-шындағаны да құданың ренішін баса алмады. Құданың шығып бара жатып: «Төңкеріс-төңкерісімен құда, бірақ азамат күнкөріс қамын да жасап қою керек» деп, қаззақтар құсап
Әрі қарай

Едіге Алаң По. "Мектеп директорының өлімі"

(Жалғасы. Басы — «Профессордың өлімі»)

«Шегетін де дым жоқ қой мұнда!»© Akzere

Шырылдаған телефон дауысы алыстан талықсып жеткен. Тұрмас та еді, әйелі «Альв, Альв, сені телефонға шақырып жатыр» деген соң барып, майкасын көтеріп, бір бүйірін тыр-тыр қасыған күйі асүйдегі қызыл телефонға беттеді.

"Әбеке, мектепке келіңіз тездетіп. ОблОНО-дан адамдар келеді. Қазір. Әлі шықпапты, жаңа Уна Жібековна хабарласты". Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші самбырлап қоя берді.

"І-і-і… Қазір… ана… не...", — ұйқысын аша алмаған күйі бұл қолымен бақша жақты көрсетіп сөйлеп кетті, — «Айнәзиға айт, қағаздарды бір қарасын. Сосын жақын тұратын оқушыларды үйлеріне жібер, костюм, блузкаларын киіп келсін. Алдыңғы қатарларға отырғызар. Таак… Техничкалар само собой… Е-е-е… Пока осы. Сосын жақсылап тамақ дайындап қойыңдар».
Әрі қарай