Бір түннің хикаясы...
Сен маған қайдан кезіктің?!
Менің сезімдерімді шайқадың келіп…
Күрмеліп тілім, үнсізбін, айтарым кеміп,
Ғашық болуға қорыққаным жоқ,
Тек үміттендім,
Көзіңнен сенің бір сәуле байқағым келім…
Сені құшқым келді…
Бірақ барынша жасырып бақтым,
… Адастым, білем…
Кетті екен қайда, асығып шат күн…
Жанарым тайып көзіңе түйіспей, тегі.
Бірақ…
Бәрібір мен саған бас ұрып қаппын!
Сенің ерніңді сүйдім…
Шашыңа көміліп, тұншығып жаттым.
Мен емес едім…
Сені аймалап түн… қымсынып жаттың.
Мен тек тамсандым ардан аттамай!
Жасықтық па екен?!
Ғашықтық па екен… жүрегіңнің дүрсілін бақтым.
Сен тым тұнық екенсің…
Деміңе өртеніп жата бергенім ұнады.
Өрт демің расында, күн қызы, сен менің шуағым…
От құшақтар айқасты…
Шөлдедім!
Шырағым…
Мен енді есіңде мәңгілік тұрамын!
… таң атып қалыпты…
Азамат Азаматұлы
Астана телеарнасы
28.05.2012
13:06
Өлеңіңіз шынымен 2012ші жылы жазылса жастық емес енді))))
Өлең жақсы
Жасықтық па екен?!
Ғашықтық па екен… жүрегіңнің дүрсілін бақтым...