Мен ғашықпын...

Блог - Arys_arlany: Мен ғашықпын...

Ғашықтық сезім. Адам өмірінде бірнеше мәрте ғашық болады дегенді оқып

едім. Менде кезекті рет ғашық болдым. Өзім секілді көптеген жастар сияқты

кеңсе мен үйдің арасында жүргендіктен, жұмыс пен тағы аздаған тіршіліктің

шырмалаңынан шыға алмай жүргенде уақыт шіркін зымырап өтіп барады.

Кештеу үйленген ағаларым айтушы еді, көзіңді жұмда үйленіп ал, жүрдім

дегенше таңдап қалдым дегенің, таңдау дегенің қиын болады деп. Әзірге

таңдау сағаты туындамаса да, үйлену туралы ойың болғандықтан, біреуін

таңдау қажеттігі бәрібір туындайды. Сондықтан да, танысудан қашанда бас

тартпайсың. Әріптестік қарым қатынастың мүмкіншілігін бағамдап,

әлдеқашан бастартқанмын. Өзіне қарамай, таңдап қалған екен деп сөге

көрмеңіздер, дегенмен мүмкіншілігің болса, жақсы қызға жолығудан қандай

жігіт болса бас тартпақ емес. Менің үйленбеген сыныптас достарым көп.

Ауылға барсаң екеу-үшеуінің үйленгелі жатыр екен деген сыбысын естіп

қаласың. Содан құлағыңды түріп жүресің ауыл жаққа. Бірақ, сол сыбыс

күйінде қалып келе жатқан жағдайы бар. Өзімен жолығып сұрасаң, «Е, тәуір

қыз жоққой», немесе "қыз жоққой" деп селқос жауап қатады. Сол,

уақыттарда менде ойланып қаламын. Ия, сын сағаты туғанда мен кімге

таңдау жасаймын? деген. Студент кезден қалыптасқан әдет, қыздармен

жүруден гөрі дос ретінде араласқанды ұнатынмын. Дос болып жүріп ғашық

болып қалғанда қыздар болатын. Бірақ, уақытында қадіріне жете білмедім ау

деп ойлаймын. Бір жағынан ұнамаса не қылам оны да, өзімді де алдап деп

ойлаушы едім. Осылай жүріп, біраз уақытта өтіңкіреп қалыпты. Ия,

үйленетін уақыттың да жақындап келе жатқанын сезінесің. Бірақ кімге деген

сауалдың жауабының нақты шешімін табудың қажеттілігі де осы уақыттарда

күн тәртібінде тұр. Қазіргі таңда, жігіттердің басым бөлігі қыз таңдағанда,

ойы оқыған ба, жұмыс жасайды ма, отбасы қандай деген сауалдың

төңірегінде топтасады. Менде, жасырмаймын осы сауалдар мен тағы бір-екі

критерилері бойынша қараймын. Қысқасы, кеше бір қызбен кездестім.

Бірінші рет көруім. Мен күткен ойдан өзгешерек болып шықты. Ұзын бойлы,

сызылып қалған, сүйкімді, ощм керемет жан болып көрінді, бірінші көргенге.

Кездесуден кейін, мүмкін менің ойымдағы «жан» осы шығар деген ой

туындады. Қазір әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы көп

айтылады. Менде, кеше кешкісін үйге келген соң, сол бір сезімнің жетегінен

шыға алмай, әдеттегінше тез-тез компьютерімді қосып, виртуалды әлемге

еніп кетудің орнына, бұдан басқа қызықтар бар, виртуалдан гөрі

айналамдағы жандарға көңілімді бөлейін деген ой туындады. ФБ-дан да біраз

уақытқа тыс қалуды жөн жасадым. Мұның барлығы сол жанға деген

ғашықтық сезімімнің құрметі деп шештім.

Пысы: соңғы уақыттарда орыстың әншілерін жиі тыңдап жүрмін. Әсіресе,

Натали сияқты: «Ия Алла, ғажап жігіт едің» деп, Ер жігіттің қадірін түсінетін

қаракөздеріміз бар деп ойлаймын.
Әрі қарай

Ария тобы, "Жоғалған жұмақ" (аударма)

Көкжиектен — көкжиекке
Аспан отқа оранған.
Сол бір жалын-безбүйректе,
Арман, үміт жоғалған…

Бірақ кетсең сен ұйқыға,
Періште сен үшін де
Келіп, сүртер көз жасыңды,
Жымисын деп түсінде.
Әрі қарай

Банкомат ақша бермей қойса...

Өрімтал: Банкомат ақша бермей қойса...

«Егер қыз болса, шашын бір талдап жұламын. Жігіт болса, тұмсығынан бір перемін» дедім ішімнен. «Халық банкіндемін». Кезек келіп болмайды. 203-тің алдында екі адам ғана бар деген, жарты сағат болды әлі күтіп тұрмын…

***

Америкадан келсем, банк карточкаларымды жарамсыз қылып тастапты. Карточкамда Алматыда бір ай күн көруге жарайтын ақшам бар еді. Өз ақшамды алу үшін банкке бардым. «Карточканы іске қосу үшін ақша төлейсіз, екі апта күтесіз» дейді (бұл арада банк қызметкерінің маған қазақша жауап бермей, біраз қырылысқанымды, банк охранигінің есіктің аузында кезек күтіп тұрған маған зілді дауысымен әрі тұр дегені, сарылып күткен кезектер хикаясын өткізіп жіберейін). Мақұл. Төледім. Күттім. Мерзімді күні барсам, карточка дайын емес. «Жұмыс орныңыздан справка керек» дейді. Мақұл. Справкасын апарып бердік. Екі аптадан соң, карточкамды алдым.
Әрі қарай

#2 күн - Сабыр, сабыр, тек қана сабыр!

Бақытқа бастар 100 күн: #2 күн - Сабыр, сабыр, тек қана сабыр!

Бақытқа бастар 100 күн: #2 күн - Сабыр, сабыр, тек қана сабыр!

Оятқышымды зар қақсатып барып, ұйқымнан әрең оянып, төсектен зорға көтерілетін мен бүгін таңда сергек оянып, жұмысқа томпаң-томпаң етіп, тез-ақ жеттім. Күттай кешіктім енді, ештеңе етпес
Әрі қарай

Сенбе жұртқа тұрса да қанша боқтап

«Ешқашан, ешқашан журиктердің айтқанына сенбе!» © satibaldi

Журналистерге: Сенбе жұртқа тұрса да қанша боқтап
Журналист ешкімге, ешнәрсеге сенбеуі керек. Ақпаратты ең жақын досың, он жыл бойы бір редакцияда отырған әріптесің, әлдебір департаменттің білікті маманы, әлдебір ғылымдардың докторы, министр айтып тұрса да сенбе! Бұл — жұрттың бәрі өтірік айтады деген сөз емес. Бұл -ақпаратты кімнен алғаныңызға қарамай, тағы бір тексеруге міндетті екеніңіз туралы әңгіме.
Әрі қарай

Домбыра Party: Сағындырған Party

Блог - Marco: Домбыра Party: Сағындырған Party
Араға екі апта салып, Астанада кезекті Домбыра Party өтті. Басқаны білмеймін, өз басым сағынып қалыппын. Тамақ бітіп қалған, қарлыққан дауыспен ән айтқан да болдым.
Әрі қарай

Керекшілер "Қазақ радиосында"

Блог - asaubota: Керекшілер Қазақ радиосында

Кеше Daniar-Alan aikarakoz үшеуіміз "Қазақ радиосындағы" «Армандастар» бағдарламасына қонақ болып қайттық. Блогшылар, қазақ блогосферасы туралы әңгіме айттық.

Тыңдамаған болсаңыз мына жерден жүктеп алып, тыңдауыңызға болады.
Әрі қарай