#2 күн - Сабыр, сабыр, тек қана сабыр!


Оятқышымды зар қақсатып барып, ұйқымнан әрең оянып, төсектен зорға көтерілетін мен бүгін таңда сергек оянып, жұмысқа томпаң-томпаң етіп, тез-ақ жеттім. Күттай кешіктім енді, ештеңе етпес
Жұмыста "әңгіме+күлкі, әңгіме+күлкі" атмосферасы орнады. Әріптесім Айжанды қатты-қатты жақсы көріп кетем кейде, қасына жетіп барып, құшақтап алғым кеп кетеді
Қыз кейпіне енейінші деп киіп барған көйлегімнің кең етегін жел барынша көтеріп кеп жібергенде Нұр Отанның күзетшілері жымың-жымың ете қалған шығар
Төлқұжатым табылды, йахуууу!
Кеше ғана жазған ем ғой, іздемеймін деп. Бүгін өзі хабарласты. Яғни, төлқұжатымды тауып алған қыз телефонымның нөмірін де тауыпты. Ертең алатын болдым. Өмірде өте жақсы адамдар көөөөп 
Шектен тыс сабырлы болдым. Әшейінде такситтерді қуырып жіберуге шақ қалатын әдетім мүлде жоқ боп кетті. Қойылымға сәл-пәл кешігіп қалдым, кептеліс кінәлі
. 
Қойылымнан шыққан соң түскен тосынсуреттен аз-маз
Сабырлы болсаң, бәрі өз-өзімен реттеледі екен. Асығып, аптығып, бар жүйкеңді жұқартқанмен еш тірлік ерте біте салмайды екен. Болатын нәрсе болады, болмайтын нәрсе қанша күштесең де болмайды.
Айтпақшы, бүгін аз *боқтадым
Сап-сау!

Бұйырған қашпас, бұйырмаса, жоққа жүйрік жетпес.
Ал, сұлу қыз-Эльвира сәттілік!) Осы сабырлы қалпыңда тұрсаң, одан сайын сұлуланасың)))))