Қытырлақ тауықтар
Айта кетейін, қыздар, вордпрес ашылғалы бері мына блогтарға қайта кіруге мүмкіндік туды:
1. Аспаздық;
2. Ақбантиктің дастарханы;
3. Дәмді.
Сонымен, кеше
Мөлшерін көрсетпеймін. Мен де көз шамамен жасадым.

Құрамы:
— тауық еті;
— сұйық май (қуыру үшін);
1) Ұн;
— тұз;
— қара бұрыш;
— пияз ұнтағы (Пиязды үккіштен өткізсеңіз болады. Бірақ онда пиязды алдын ала етке жағасыз. Мен пиязды майдалап турадым);
2) Жұмыртқаның ағы;
— сүт;
3) Нан үгіндісі.
Тауық етін бірінші қоспаға қоспаға шылап,

сосын екінші қоспаға батырып,

одан соң үшінші қоспаға аунатасыз. Осы тұста ескеретін бір нәрсе, тауықты нан ұнтағына аунатқанда, жұмарлап, олардың бір-біріне жабысқанын қадағалау керек.

Екінші және үшінші қоспамен процессті 2 рет қайталайсыз, сонда тауықтың сыртқы қабығы қалыңырақ, дәмді болады.
Қыздырылған майда сырты қызарғанға дейін қуырасыз.
Қорытындысында:

(Негізі, тауықтардың қабығы (нан ұнтағын айтам) мына суреттегіден гөрі қалыңдау, қытырлақ болады. Суреттегі ең бірінші қуырылған аяқ, одан кейінгілерін ұн жабысқан қолыммен суретке түсіріп жүре алмадым, сорри

Ас болсын!
тауықтың сан еті деШ))) Курица в кляре