Астана тегін wi-fi қаласы. Бағымыз ба, сорымыз ба?

Кезінде мына тақырып Wi-Fi еркекті бедеу қылады біраз талқыға түскен еді.

Бұндағы ғалымдардың айтқанына сенсек Астанада жүре алмай қалатын секілдіміз. Себебі 2012 жылдың жаз мезгілінде Астананың барлық көшелері мен скверлерінде тегін Wi-Fi іске қосылады деген ақпарат бар. Орындалып та жатыр.

Қала тұрғындарының пікірі.

Абай, маса, намыс.қз сайттарының белсенді пікіршісі:
Қытайлықтардың астыртын әрекеті бұл. Астаналықтардың барлығын белсіздікке ұшыратпақшы, кейін осы сымсыз бәле арқылы бүкіл қала тұрғындарын басқаруы мүмкін.
Әрі қарай

ӘНДІ СҮЙСЕҢ...

Ән тыңдауды жаным жақсы көреді. Әннің құдіреттілігі сонда, керек кезде көтеріңкі көңіл – күй сыйлап, кейде керісінше көңілге мұң ұялата алады. Кейде бірнеше параққа сыйдыра алмаған ойыңды бір ғана ән жеткізіп бере алады.
Әрі қарай

Блогшы не дейді, лицензиясы не дейді?

Авторлық құқықты реттеуге арналған халықаралық Creative Commons (мағынасы: Халық игілігі) лицензиялары бар. Ол лицензияны қолдану дегеніміз өзіңіздің зияткерлік еңбегіңізді жұртшылықпен бөлісу дегенді білдіреді. Ары қарай қандай шарттар қоятындығыңыз көрсетіле береді.

Бір блогты оқып отырып, мынадай ескертпені көрдім:

Ескертпедегі лицензия мен оған қосымша жазылған түсініктеме бір-біріне қайшы келіп тұр. Неге? Өйткені блогшының таңдаған лицензиясы белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда, мақаланы көшіруге болатындығын білдіреді.
Әрі қарай

Бла бла бла...

Хей, уатс ап, керекші қауым?)))))

Күндер зулап өтіп жатыр, өмір, ғажап, ағып барады.
Не қызықтар болды. Тетя в кубе болдым. Үшінші племяшка келді іңгәлап. Бүгін өмірімде алғаш рет жаңа туылған сәбиді ұстадым. Керемет әсерде болдым бар ғой. Кіп-кішкентай, 4 келі де емес, бірақ шағын ғана өзінде әлемнің бар кереметі, бар ғажабы, Құдайдың бар құдіреті бар сияқты болып көрінді. елжіреп кеттім. Осымен сентименты бітті.))))
Әрі қарай

Сыздықсейіт Сегізсерікұлы: Қаззақтар командасы

… Ал редакция алқасы… Ого-го!!! Очм, баяғы мапия епті, ішінде қазір тоқсанның төртеуіне келген шал жүр, ол со кітап үшін не істей алды, тотақ та түсінбедім епті. © Satibaldi

— Тәке, мен бұл мақаланы жазу үшін алты ай тәжірибе жасап едім, оқып көріңізші газетке бергім келеді.

Магистратураны кеше бітірсе де, болашағынан үлкен үміт күттірген жас ғылыми қызметкер Сыздықсейіт Сегізсерікұлы мақаласын аяқтағанына мәз.
Әрі қарай

СӨЗ ЗАТТАНАДЫ!


Интернеттен «мысли материализуется» деп іздеп ем, мынау суретті тауып берді)))
Айтпағым басқа еді…
Дүниенің басында кім тұр? Немесе не?
Әуелі Сөз жаралды ма, әлде Зат пайда болды ма? Сенімдерімізге, түсінігімізге, ой қиялымыздың әр қилылығына байланысты әртүрлі пайымдаймыз. Әуелі Сөз, сосын Зат дейтіндер бар, бірінші зат сосын Сөз жаратылды деушілер бар… Әркім әртүрлі айтады, әркімнің өз шындығы бар, әр пенде өз білігінің шегінде түйін жасайды.
Менің пікірім әуелі Сөз жаралғанын құптайды! Әрі қарай өрбітіп айтқым келмейді, айтарым басқа дедім ғой…
Әрі қарай

Қазақша мотиваторлар. №1

01

Мотиваторлар — өмірге деген оң көзқарасын тудыртып, кейде адамдар күнделікті күйбің-тірлікпен жүріп ұмытып кететін ең қарапайым деген нәрседен өмірдің мәнін тапқызатын сөздері бар суреттер.

Мінеки, орыстың сайттарынан алынып, өзім аударып жасаған бірнеше мотиваторлар тізбегін ұсынамын. Тамашалаңыздар, бағалаңыздар.))))
Әрі қарай