Блогшы не дейді, лицензиясы не дейді?
Авторлық құқықты реттеуге арналған халықаралық Creative Commons (мағынасы: Халық игілігі) лицензиялары бар. Ол лицензияны қолдану дегеніміз өзіңіздің зияткерлік еңбегіңізді жұртшылықпен бөлісу дегенді білдіреді. Ары қарай қандай шарттар қоятындығыңыз көрсетіле береді.
Бір блогты оқып отырып, мынадай ескертпені көрдім:
Ескертпедегі лицензия мен оған қосымша жазылған түсініктеме бір-біріне қайшы келіп тұр. Неге? Өйткені блогшының таңдаған лицензиясы белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда, мақаланы көшіруге болатындығын білдіреді.
Бірақ блогшы «автор келісімінсіз материал көшіріп ала алмайсыз» дейді. Олай болса, «Автор мен ақпарат көзін көрсете отырып, коммерциялық емес мақсаттарға көшіре аласыз» деген лицензияны не үшін қолданды?
Осыған ұқсас жағдай Қисықтың Уордпрестегі блогында да бар:
Егер блогшы газет-журналдардың блогынан мақала ұрлауларына қарсы екендігін білдіруді қаласа, Өрімталдың блогындағыдай қосымша ескерту қою керек:
Ол ескерту СС лицензиясындағы NC деген шартты сауатсыз журиктерге «шайнап бергендей» түсіндіреді.
Қортынды: СС лицензиялары автордың шығармаларын автордың қалауымен белгілі бір шарттар негізінде халықтың игілігіне береді. "СС лицензиясын қолдану" мен "көшірудің барлық түріне тыйым салу" түсініктері бір-біріне қарама-қайшы келеді.

29 пікір