Мен өмір бойы Пеппи деп атап келіппін. Ал керек десе, қате айтты деп апаларымызға күліп жатамыз, өз-өзіме күлетін жағдай ма деп ойлана бастап ем.
Бірақ… Фудмастер өз тауарларының аттарына авторлық құқық орнатуды кеш бастаса керек, басқа бір фирма ол сөзді иеленіп қойғандықтан, Ненни деп өзгертуге тура келген шығар
Заңгер? Бұл болжамды ойланбастан жоққа шығара аламынМенің тарапымнан мамандығы заңгер болғандықтан, біраз адамдар бейкүнә боп, жауапқа тартылған-ды. Бұл дегенім…
Бұл пеппи балалық шақты еске түсіреді екен. Бағасы қымбат емес, әрі сүйікті йогурт еді ғой. Осы уақытқа дейін «Пеппи» деп ойладым, бұдан былай біліп жүрейін. Білмегендерге әзіл ретінде айтайын, бірақ бәрібір «Пеппи» демесе ешкім түсінбейтін шығар.
иогурт ішкен ұрпақтар бізден кейінгі буын ғой. Айран ішіп отырып иогурттың дәмі қандай болады екен деп ойландым, сосын варенье қосып ішіп,қырса осындай болатын шығар деген шешімге келген ем.
алғаш рет осыны дүкеннен көріп, жазуына қарап, сатушыдан Ненни беріңізші деп сұрағанымда ол түсенбеді. нені сұрап тұрғанымды көргесін «аа, бұл Пеппи ғой» деген. содан бері Пеппи деп жүр едім. ақыры Ненни болып шығыпты ғой
Бірақ… Фудмастер өз тауарларының аттарына авторлық құқық орнатуды кеш бастаса керек, басқа бір фирма ол сөзді иеленіп қойғандықтан, Ненни деп өзгертуге тура келген шығар
Мен де Пеппи деп келдім, ертең Ненни деп сұрамасам,
таба алмай жүрсін"қызым, дұрыстап айтпайсың ба?" демесе болғаны— Ненни беріңізші.
— Нені?
— Нені емес, Ненни!
— Тәп-тәуір қазақша сөйлеп жүруші едің, бүгін саған не болған? «Нені» деген сөзді айта алмай?
— Ой, апай. Анау тұрған Фудмастердің йогуртын беріңізші.
— Еее, құдай. Пеппи демейсің бе?
Жырқ-жырқ етеді, мозганы шірітеді.