Баламның атын Аршат қойдым

Жақында әлеуметтік желілерде "ұлды болдым, ағайын" деп жар салғаным бар еді. Сол кезде осындағылардың көпшілігі мені құттықтаған болатын. Ал шынында менің ағам ұлды болған-тұғын. Алайда тұңғышы ата мен әженің баласы болатындықтан, әулетте әкемнің орнындағы маған бала болып есептеліп, ағайындарым мені құттықтады. Өйткені әкемнің орында әулеттің жиынында маған сөз сөйлетуші еді. Енді анам екеумізге бала болған бұл нәрестенің атын қою мәртебесі маған тапсырылған-ды. Ендеше неге менің балам деп атамасқа деп твиттерге жазып жібердім.
Әрі қарай

Әңгіме. Суық үй (иесі бар үй)

Жоғарғы оқу орынын бітіріп еңбек жолымды бастаған жылының жаз айында бір түрлі оқиғаға қатысушысы болдым. Оқиғамды баян етейін. Ауыл мектебінің директорының шақыруы бойынша ауылға қайтіп бардым, еңбек жолымды бастамақшымын. Бірақ тұратын үй болмады. Ауылдан туған-туысқандар көшіп кеткелі бірер жылдар шамасы болыпты. Туған ауылым. Әкемді, шешемді көрген адамдар әлі баршылық. Бірақ ешқайсының үйіне тұруға сұранған жоқпын. Маған тұруға жайлы деген үй бірден табылды. Ауыл ортасында екі бөлмелі жер үй ауылға келген молдаға жалға беріліпті.
Әрі қарай

Қылмыс әлемінің татуировкалары №2


Покажите мне человека с татуировкой и я покажу вам человека с интересным прошлым.
№2. ТМД елдерінің қылмыскерлерінің денесінен көп кездесетін түрлері.

1.Кілт пен жебе. Үй тонаушылардың денелеріне салынатын болған. Арқа немесе кеудеге салынады.

Әрі қарай

Әрі тәтті, әрі тиімді

Кокос жапсырылған, глазурьленген, қызыл, жасыл, сары түсті, не дәмі керемет емес, не сыртқы түрі онша емес пешенейлер болады ғой. Шамамен, мынадай:

Дастарханда көп адам қол созбағасын, тұрып-тұрып көнеріп кететін де осылар. Бұларды не істейміз, тастаймыз ба?
Әрі қарай

Жеміс-жидек жейтін маусым келіп қалды. Алақай!

Бізге келмеген жеміс Ақтауда қайдан демеңіздер. Суреттер архивтен алынған.



Ақтауда алма, мандарин, банан сатушыларының аузынан "Қытайдікі", «китайский» деген сөздердің орнына Түркменстан, Әзербайжан, Иран дегенді естисіз. Ақтауға жаңадан келгенде Қытайдың майда мандаринін іздеп, таппап едім.Қыстың күні үлкен мандариндер дәмсіз болады деген ой санамда қалыпты. Қате екен. Майда мандариндерсіз-ақ күн көріп жатырмын.
Әрі қарай

Стратиллат Меңдешев. "Бейромантик жұп"

— Нәсиха, мені тыңда. Мен де жігіттің сұлтаны емеспін, сені де осы аймақтың хас сұлуы деу күлкілі. Зоотехник ағам айтад өткенде, сені фертильді деген жастан өтіп бара жатыр дейд. Оның үстіне қамауда отырған екі дауылбай ағаң және бар, оларға күйеу бала болам дейтін есі
Әрі қарай