Қылмыс әлемінің татуировкалары №2
Покажите мне человека с татуировкой и я покажу вам человека с интересным прошлым.
№2. ТМД елдерінің қылмыскерлерінің денесінен көп кездесетін түрлері.
1.Кілт пен жебе. Үй тонаушылардың денелеріне салынатын болған. Арқа немесе кеудеге салынады.
2.Жалаңаш әйел бейнесі. "Қүпияңды әйелге айтпа". Әйелге деген сенімсіздікті білдіреді. Кеудеге салынады.
3.Бұл сурет иесі еврей ұлтының өкілі. Көбіне ортақтың (общак) қазынашыларына салынған.
4.Ақша — өлімге әкеледі, әйел — алдайды, тек құдайға сен деген мағынада салынатын болған. Кеудеге салынады.
5.Безберекет өмірді ұстанатын адам. Кеудеге салынады.
6.Нашақорларға салынатын болған. Кеуде немесе қолға салынады.
7.КОТ (Коренной обитатель тюрьмы). Түрменің байырғы тұрғыны. Рецидивисттерде жиі кездеседі.
8.Еркіндік белгісі. Қалаларды аралап жүретін қылмыскерлерге (гастролер) салынатын белгі.
9.МИР (Меня исправит расстрел) Мені тек ату жазасы ғана түзейді. Пахандар мен авторитеттерге салынады.
10.Саяси сотталғандар мен диссиденттерге салынатын болған.
11.Желкенді кеме. Мәңгі кезбе адам. Еркіндік символы.
12.Жолбарыс бейнесі. Зұлымдық пен қатыгездікті білдіреді. Авторитеттерге салынады.
13.Қап арқалаған шайтан бейнесі. Ұрлық пен тонауда мол тәжірибесі бар адамдарға салынған.
14.Гладиатор. Бұқалар мен жауынгерлерге салынған.
Вахтада былай отыратын уақыт болмайд негізі.
Демалыста жүргеніме жарты ай болды, шпиондарыңды табанда атып тастау керек, жұмысқа қабілетсіздігі үшін.
Әйелдерден мезі болған-ау дим қасқалар
Ит өмірде адамгершілігіңнен айырылмау үшін кейбіреулер күнделік/блог деп оқы/ жүргізеді. Кітап оқи алатындан кітап оқиды. Әр әрпін асықпай жатқа оқиды.
Зонадан шыққандардың арасында жүрегі азат, парасатты адамдар да бар.
Кейбір ебі мен таланты барлар түрмеден бірнеше бестселердің авторы боп шығуы мүмкін.
Менің жыным келетіні түрмеге еш қатысы жоқ мәмбеттердің саусақтарын шошайтып, түрме жаргонын төгіп-шашып, «Ты мне рамсы не путай, зону топтал, на сухую чалился» деп еліктеп пезнес болатындарға жыным келеді.
Түрмеге түссе жолы болса шестерка, жолы болмаса петух болатын нағыз солар сияқты. Өйткені, түптеп келгенде оларды өзегі жоқ.
ПС. Былай азат өмірде де алысқа бармайды ондайлар.
Тіпті ресми тілде де бар.
«Шәйнек», «лох», «спрос», «косить ету», «интерес қуу», «тупить ету», «терпила», «мент», «журик», «ствол», «мобила», «труба», «косяк қылу» т.б
Былай өмірде де қолданыла береді ғой.
Бірақ мен мінез-құлық пен өзін-өзі ұстау мәдениетін айтып отырмын. Тым фанат боп кететіндер бар ғой.
— Мен Баха-Баха! Бәрін тігеді — деп айқайлап тұр екен. Жыным келіп кетіп:
— Қо*ақбас-Қота*бассың сен! — деп едім, ештеңе демей үнсіз тұрып қалды. Ішімнен ойлап тұрмын, қазір түрме жаргондарымен миды ашытатын шығар деп. Олай болмады.
Бір-екі рет ауланың сыртына алып шықпақ та болғам, түріне қарап аяп кеттім нах. Бір рет маған келіп тұр, қолында рамкаға салынған фото:
— Міне, көрдің ба? Чечня, Афган — бәрі өтті ғо бастан, — деп қояды. Фотоға қарасам, төрт солдаттың ортасында жалғыз өзі гражданкамен тұр.
— Мынаның қай жері АФган? — десем, басын шайқап:
— Білә, ештеңе түсінбейсіңдер ғо сендер, — деп қояды.