Баламның атын Аршат қойдым

Жақында әлеуметтік желілерде "ұлды болдым, ағайын" деп жар салғаным бар еді. Сол кезде осындағылардың көпшілігі мені құттықтаған болатын. Ал шынында менің ағам ұлды болған-тұғын. Алайда тұңғышы ата мен әженің баласы болатындықтан, әулетте әкемнің орнындағы маған бала болып есептеліп, ағайындарым мені құттықтады. Өйткені әкемнің орында әулеттің жиынында маған сөз сөйлетуші еді. Енді анам екеумізге бала болған бұл нәрестенің атын қою мәртебесі маған тапсырылған-ды. Ендеше неге менің балам деп атамасқа деп твиттерге жазып жібердім. Алайда құрметті адамдар құттықтау айтып, лебіздерін білдіре бастағанда, ыңғайсызданып қалғаным бар. Сөйтіп алғыс айтып отыра бердім. Бірақ үйленбегенімді білетіндердің бұл қалай десіп хабарласқан соң, осылай жеткізуді жөн көріп отырмын.
Әуелде Әбдірахман қоямын ба деген ой келген, алайда уақыттан кешіккен екем. Атыраудың қазіргі жағдайында… Мүмкін бірнеше ай бұрын… Қысқасы үлкендер қолдамады.
Одан соң маңайымдағы адамдардың есімдерін санамалап, ал кеп ізде. Содан соң таптым…
АРШАТ!!!
Кейбіреулер «бұл қалай» деп таңғалды, кебірі «мұнысы несі» деп қабағын керді. алайда әулет үлкені — әкемнің егізі қолдап, АРШАТ деген есім мақұлданды.
Өзімнің толып жатқан: «Ар-шат — яғни арлы әрі шат, ылғи қуанышта жүрсін деп...» деген арзанқол аргументтерімнен, анамның сөзі екпінді болды. Себебі тұқымымызда көпшілігінің есімі "-ат" деп аяқталатын еді. Сибағат, Бағдат, Ғибрат деген секілді. Ендеше неге «Аршат» қоймасқа?!..

Пы.сы. Ал сіздер бұл есімді қайдан тапқанымды біліп отырған шығарсыздар. Бұл «аттың» иесіне ұқсаса жаман адам болмас, сірә. Қазақ жастарының басын виртуалды өмірде қосып отырған адамның Атырауда да бір жаман інісі бар екенін біліп жүріңіз, Аршат ағасы .
bk
Бөлісу:

34 пікір

aikarakoz
еее, тоқалдан дәмелімін де
kokbori
Сееен қыз, Осы бір әңгіме туйттерде біткен жоқ па еді?
VKM
Аршат аға мен көкбөрі,құтты болсын. Жуыңыздар енді
Tyulpan
Құттықтаймын!!! Қазақтың нағыз жігіттерінің бірі болып өссін балапанчик!!!
kokbori
Рахмет, Төлпәнжан
Erkekyz
Негізі мен де ойлап жүргенмін, егер үйде ұл сәби дүниеге келсе Аршат деп қояйықшы деймін деп.  Бауы берік болсын сәбидің.
konvict
Құтты болсын! Бәсе, деймін де. блогкэмпте әр қызға бір көзін сүзіп жүрген секілді еді. Балалы болдым деп жар салғаны несі, үйленбеген секілді еді деп ойлап едім. Сірә, нағыз мачо болар, үйренетін нәрсе көп екен деген ой да қылаң берген
VKM
үйренетін нәрсе көп екен
жақсыны үйренсей, че пополоға жүгірмей))))
Marco
Бәрекелді! Аршат, мынау енді нағыз жуатын нәрсе болды-ау дейм!)))
ademi_alem
Құтты болсын! Атына заты сай азамат болып өскей!
Abilakim
Бауы берік болсын, Аршат арлы азамат болып өссін!
Aldeken
Маладес, балаңның бауы берік болсын! бауырыңа басқан балаға кіндігіңнен тараған балалар жалғассын!

Пы.сы. Арчи, жуасың!
asaubota
менің құрметіме қойылған бірінші Аршаттар қазір үйленетін жаста
Gastarbaiter
Бауы берік болсын!
Лібә, мына тақырыпты саған претензиясы бар қыздардың стебы деп келсем
Бір қой жуатын бопсың, жігіттерге.
aza
Ура, ура, айтсын, айтсын! Қой дегенің күшті боп кетті… Аршеке, сонымен қашан?!
asaubota
менің арақ қоюым қиын емес қой. тек бұлай сұрағандарың ыңғайсыз екен, менің құрметіме балаға ат қою қалыпты нәрсе деп ойлап жүр едім. түсейін бе?
Aldeken
маниявеличияңдыссс…
aza
Қумаңыз, Аршеке, әрәқ деген нес?! Асқар қой қой деп отыр, қооой!
Aldeken
Асқар қой қой деп отыр, қооой!
ия, Реалдағы қойдың етінен жасалған кәуап жақсы ед, негізі...
Armanjan
Ареке, жеңгейді қолтықтап «кіндік әке-шеше» боп барып шыққандарыңыз дұрыс ау дим
Gastarbaiter
менің құрметіме балаға ат қою қалыпты нәрсе деп ойлап жүр едім
Әдеп сақтап, мәз болғандай болсайшы енді, лібәәә
patick
Аршат ішіп кетіпті осы постты оқып.
Не де болса құтты болсын! Арчи сияқты аззамат болсын.
edige
Мен інімнің келіншегі ұл босанды… Есімін сіз қойыңыз деген соң Інімнің аты Асхат болған соң ұйқастырып Аршат қояйын деген ой болған… Ақыры ойлана-ойлана Дінмұхаммед қойдым… Басы Пайғамбарымыздан басталып Қонаев атамызға ұқсасын деп, ең болмағанда Димаштай болсын деген ниетпен қойдым… Аршаттың бауы берік болсын…
Үлкен азамат болсын...!!!
AKY
Онда Қисық жусын.
edige
@qisyq 13 шілде күні жазыпты соңғы пікірін… Керектегі құпия сөзін ішіп қойғаннан сау ма екен  Сатпен бірге жоғалды
Daniar-Alan
мәдес Көкбөрі. жұғысты болсын өзіңе.
ErNur
Құтты болсын Сәке! Бауырыңның бауы берік болсын! Аршат ағасына тартып, үлкен азамат болсын!
asaubota
құттықтаймын, кішкентай Аршат үлкен азамат болсын. атына лайық болсын  оргиниалында Аршад деген ат арабша «ең ақылды» деген мағынада, ал парсы тілінде «ең үлкен, жоғарғы, аға» деген мағыналарда. менің атымды ешкімде жоқ ат қоямын деп атам қойған.
aza
Қазақтар сәби аттарын ұйқастыра қоюға құмар ғой. Енді рахат: Гүлшат, Нұршат, Айшат, Елшат, Дилшат… дей берессдер келесілерді))) Аталғандардың бәрі болсын, ағамыздың шаңырағында! Аршаттарға денсаулық тілеймін!
kokbori
Ия, солай, енді Нұршат, Парасат деп қоясың деп жатырмын. Айтпақшы қыз болса Арша деп қоямыз ба деген де жоспарға енгізілді))
alisha
Құтты болсын! Әдемі есім!
kokbori
Баршаңызға рахмет, әмин дейміз