Бала туғандікі емес, баққандікі

Блог - Diary: Бала туғандікі емес, баққандікіӘкесің жақсы көрмейтін қыз бала жоқ шығар әлімде. Сол сияқты менің қызым да әкесін қатты жақсы көреді. Оларға сыртынан қарап, әке мен баласы деп атаудың өзі қиын. Ең дұрысы қызымның әкесі оның үлкен ағасы сияқты. 6 жасар қызым бар сырын әкесіне айтады. Сыртынан бақылаған анасы маған бұл жайт қызғаныш тудыруы керек сияқты. Бірақ керісінше мен қуаныштымын. Әке деген ол баласының сөзін жерге тыстамайтын адам. Ойнайық десе шаршап тұрса да ойнайды. Төрт аяқтап ат та болады. Аспанда ұшып жүрген ұшақ та болады. Қазір жолдасым қызымның қуыршақтарымен бір дастарқан басында әңгіме дүкен құрып шай ішіп отыр. Әкесі жұмыстан шаршап келсе де екеуі бақытты. Осындай да өз әкем есіме түседі. Өкінішке орай әкемнің менімен бірге асыр салып ойнағаны есімде қалмапты. Тек түнде және таңертең әрбіреуіміздің маңдайымыздан сүйіп, үстімізді жылы көрпемен жауып қымтап кеткені есімде жатталыпты. Әкелік махаббат мен үшін осы. Қызыммен ештеңеге қарамастан балаша ойнап, жүгіріп, бірге мультфильм көріп, күліп, екеуінің басы қосыла қалса үйдің ойранын шығаратын, керек жерде ақылын айтатын, тура жолға бастайтын шынайы әкесі барына қуаныштымын. Қазақ айтса дөп айтады. «Бала туғандікі емес, баққандікі».
Әрі қарай

Сайт ашқыңыз келе ме? Тегін әрі әдемі, тез әрі сапалы сайт иесі болудың жолы

Естеріңізде болса, алдынғы тақырыпта Сайттың не екенін, оның құрылысын, хостинг және домен не екенін, CMS деген не екендігі жайлы жазған болатынмын. Бұл пост, сол сайттың иесі болу үшін не істеу керек екендігі туралы болады.
Демек, сізге сайт керек: жеке блог, қызығушылығыңыз туралы сайт, өз компанияңыз сайты, интернет дүкен т.б. неше түрлі мақсаттарға арналған сайт. Ол сайтқа қол жеткізу үшін сізде екі түрлі жол бар:
1. Веб студияға немесе жеке веб мастерге ақша төлеп жасату.
2. Өз қолыңызбен жасау
Бірінші жолы жайлы бұл постта әңгіме қозғамаймыз. Бәріміз білетіндей бұл жол оңай, бірақ қандай да бір қаражатты талап етеді.
Бізді қызықтыратын екінші жол. Яғни өз күшімізбен жасау. Сайт жасауды өте оңай деп айтуға болмайды. Сайт қиын болғаны сайын оның сапасы да жақсы бола береді. Ал біздің алдымыздағы мәселе, көп уақыт және қаражат жұмсамай сапалы сайт жасау. Бұл жердегі сапалы деген сөзге сәйкес болу үшін, сайтымыз мына шарттарды қанағаттандыруы керек:
Әрі қарай

Trip to Blogcamp

Мен де жазып жіберейін) Негізі құрылтай басқа қалада болғандықтан, басты шарадан бұрын қосымшалар, жол бойындағы қызықтар, барып-келуің есіңде қалады. Сол себепті бұл жерден негізгі конференция мәселелерін/сын/ұсыныстар оқимын десеңіз, осы жерден тоқтай қалыңыз. Әңгіме жай ғана Алматы қызының Шымкентке/Блогкэмпке сапары жайлы.

Бәрі де бармаймын дегеннен басталды. Оған бірнеше себеп те бар еді. Алдымен мереке күндері әдетте жанұямызбен боламыз. Отбасылық дәстүр, т.б. Екіншіден, Астанаға көшіп кеткен қымбатты систерімнің үйге келуі, демалыс күндері бірнеше айдың қыдыру есесін қайтарамыз деп ойладық. Және үшіншіден мынадай ұсақ-түйек факторлар:

туиттерден

Әрі қарай

КерекИнфоның мобиль нұсқасы қосылды



Сайтымыздың ұялы телефондарға арналған нұсқасы қосылды. Ұялы телефондардан кіру енді жеңілірек болады. Ықшамдалған, көп траффик жемейтін бұл нұсқа арқылы енді тек пікір емес, пост та жазуға болады. Оқылуы да ыңғайлы. Жұмысында кіре алмай жүргендерге, үйінде интернеті жоқтарға, жолда жүргендерге, түнде ұйықтай алмай жүрген КерекИнфо «нашақорларына» керемет мүмкіндік.

Мобиль нұсқаны көру үшін ұялы телефоныңыздан сайт адресін терсеңіз болғаны, автоматты түрде ықшамдалған нұсқа ашылады. Ал браузерден қарап көремін десеңіз:

Қосу: kerekinfo.kz/?force-mobile=on
Ажырату: kerekinfo.kz/?force-mobile=off
Әрі қарай

"Come ooon, Chelsea!"

Футболға ұйқының қисапсызын құрбандыққа шалуға барлардың кейде қиялдары, армандары болады. Корифейлердің допты ұршықша иіріп, дриблингтерімен орныңнан ұшырып тұрғызатын, ертесіне «кәрістеріңмен» (корештеріңмен) жарыса тәпсірлететін сәттеріне куә болу сағат белдеуі Еуропадан анағұрлым алдағы біз үшін көп ретте қолайсыздықтармен ұштасып жатады. Ал дәл сол элит-топтағы «топтардыкін» тебіскенін өз көзіңмен көру ше?
Әрі қарай

«Тәңіршілдігі» несі?

Діннен алыстау адаммын. Арақашықтығымызды шартты түрде, осы күні стандарт боп кеткен жиырмасантиметрлік қытайы сызғыштың шкаласына орналастырсам, дін – нөлге, мен шамамен 13-14 сантиметрге жайғасар едім. Неліктен сызғыштың ең соңғы межесіндемін деп айта алмаймын? Себебі, атын қоймаған, бірақ сенетін құдайым бар, айталық – Әділет. Батаға бет сипайтынымды, Құрбан айтпен құттықтайтынымды һәм сүндеттелгенімді басшылыққа алсам – өзімді ислам үшін, ислам мен үшін жоғалған деп есептемеймін.

Енді осы пақырыңыз әнеугүні барып «Шал» фильмін көреді ғой.
Әрі қарай

Қатпар құйрық



Қой құйрығынан дайындалған тағам. Аты қалай екенін білмедім. (тақырыпты жәй жаза салдым) Өзіме ұнады. Бұны май жей алмаймын дейтіндер қалай жегендерін байқамай қалады. Сонымен дайындалуы:
Әрі қарай