Қатпар құйрық



Қой құйрығынан дайындалған тағам. Аты қалай екенін білмедім. (тақырыпты жәй жаза салдым) Өзіме ұнады. Бұны май жей алмаймын дейтіндер қалай жегендерін байқамай қалады. Сонымен дайындалуы:

Пісірілген құйрық майды салқындатып аламыз да жұқалап жалпағынан кесеміз.
Майдалап сарымсақ турап аламыз да оған қызыл, қара бұрыш және майонез қосып
жақсылап араластырамыз.
Енді дайын қойыртпаны тілімделген майға жағып қайта қатпарлаймыз. Арасына
қалауыңызша шұжық қоссаңыз да болады.
Соңында тоңазытқышқа саламыз да біраз уақыт салқындатамыз. Бітті. Пышақпен
қыршып ал да жей бер. Қосқан бұрыш, сарымсақтар майдың жүрек айнытатын қасиетін
азайтып тастайды. Тымау, сымаудың алдын алуға жақсы пайдасы бар.
Бөлісу:

42 пікір

VKM
мұнша майды жеген соң бауырдан не қалады?))))
Tyulpan
асқазан мен бауырға обал ғой…
Abilakim
Мал етінің майларынан тек қазының майын ғана жей аламын. Бір кесек май жесем болды асқазанға революция оты кетеді. Сірә, өз майларым жеткілікті болса керек.
ал, сендер құдандалы болған қазақтардың неге құйрық-бауыр жейтінін білесіңдер ме?
Armanjan
айта отыр.
Abilakim
Бұл енді, құйрығымыз жақындап жатыр, біз ендігі бауырлардай араласайық, бауыр болайық деген намек қой
Armanjan
құйрығымыз жақындап жатыр
тура, әлде ауыспалы мағынасында
Abilakim
жастарды меңзегендері ғой
Daniar-Alan
не ғо Әбеке… шыныңызды айтыңызшы… тақырыбын көріп, басқаша оймен келдіңізӘ
Tyulpan
 қатырасыз, Данияр
Gastarbaiter
ой қызық-ай десейш, қатырады ә?
Abilakim
Бұдан артық қалай қатырсын енді)))
Kozy_Korpew
Сол дәстүрдің не үшін екенін ойламаппын да… Айта кетіңіз, біліп журейік.
Adiletshu
Сол құйрық-бауырды жегім келмейді. Амал жоқ ұялғанымнан өзімді қинап жеп қоям
asaubota
жей алмайм ау… мен де тек қазы майын жей аламын.
Aldeken
әрәқпен ше? ))))))))))))))
asaubota
ай, көтере алмайм ау әрәқпен де
Aldeken
Не ғо, Шымкент жақта құйрықты қақтайтындар (ыстайтындар, ну оыпшым коптить ететіндер ғо) бар дейді. Дәмін татқандар опшым керемет деген әңгіме айтып жүр. Сосын, Еуразия сауда үйінде осы құйрықтың дәл осылай тек арасына піскен бауыр салып жасалған түрлерін көрдім, салқын тіскебасар ретінде мықты дүние, енді…
bazuka
Менің ағам үнемі ыстап жасайды, күшті болады.
neoaskar
Осы құйрық майды ыстап істейтін түрі бар. жеп көргенмін. тап тәтті. бірақ қалай жасалатынын білмейді екенмін.
bekkerey
Тоңазытылған құйрық майды таба нанмен соға берушінің бірімін…
AKY
Еш жүрекке тимейтін тамаша май!
Erkekyz
Майды жей алмайтындар едім бұрын. Қазір болсам қандай ақымақ болғанмын деп жүрмін. Қойдың майын жәй қуырылғанның өзін жақсы көремін. Сосын кейде жеңешем нанның арасында қойдың майын салып пісіреді. Ол деген де керемет дәмді болады. Ал мынаны айтып көретін екен.
bazuka
  бұлай жасап көрмеп едім, жақсы екен
Janasil
Ұлттық тағам ретінде тіркеп алайық, а то басқа ұлттар бізден бұрын қимылдап қойып жүрер.
Tyulpan
ұлттық тағам демекші, айтыңыздаршы, бізде қазірде ҚАЗАҚТЫҢ қандай ұлттық тағамдары сақталған? мен ана кезде шетелдіктер бесбармақтан басқа қандай ұлттық тағам бар? көбінесе өзбектің палауын, дұнған-ұйғырдың лағманын, орыстың борщын жейсіздер. манты да сіздікі мес, дегенде не айтарымды білмей қалдым өзі. Бауырсақты біледі, басқа ыстық тағамдарды сұрап тұр.
Marco
Қарын бүрме, бұжы, қазанжаппай…
Tyulpan
ол не? неге біз бұл тағамдарды манты, пельмени сияқты күнде қолданбаймыз?
Abilakim
Тоңазтқышыңыздан ет үзілмейтін болса күнде жеуге де болады.
Tyulpan
жоқ, әлгі, айтайын дегенім, мысалы қоғамдық тамақ ішетін орындарда сатыла ма бұлар? мысалы, манты да, пельмен де еттен жасалады ғой… осындай жеп жатырмын деген қазақтарды естімеппін…
Bayan_
құйрық майға дайындаған кез келген тамақ дәмді болады, былайынша, етпен бірге қайнатып, артынша тоңазытқышқа салқындатып, тұздап жейтіндерді көргем.
torgai
Құйрықтан жасалған шашлыкты ғана жей аламын. Оның өзі желкемнен, не болмаса басқа жерімнен шығады кейде.
Marco
Оооо! Дәмді екенін сезіп тұрмын!!! Құйрықты жей алмаймын дегендерді түсіне алмаймын. Ананың бәрін бір мезетте жеу шарт емес қой. Таңғы асқа, тіскебасарға мықты дүние екені көрініп тұр. Мен тіпті мұздатылған шикі құйрықты тұзға батырып жейтін адамды да білемін.
Gastarbaiter

Бала кезден құйрық майдың өзін де, иісін де басқасын да көтере алмаймын.
Иттің ішіне май жақпайды дейді. Енді… қисынға келеді, қанша дегенмен Грин Догпын ғо
Өркеш, Жал-жая десе, во міне басқа әңгіме.
Marationok
Соны айтам, жұрттар осы құйрықты қалай жейді? Құйрық қосылған тамақтың өзінен желкенем, а мынау болса...
Alpamys
Тоңазытқышқа салып, салқындатылған күйі нанға қосып жесең . Қазақтың керемет тағамдарының бірі ғой.
Gulistan
Кішкентайымызда мамамыз осы құйрық майдан шыжық жасап беретін. Майды уақтап турап, кішкене қазанға салып, ысып тұрған пеш үстіне қойып қояды.Содан әлгі май еріп, шыжғырылып, біз болсақ сол ыстық күйінде нан батырып жеп алатынбыз. Дәмі деген керемет!!! Әсіресе, қыстағы суықта жаныңды жадыратады. Тұмауға тамаша ем.
Жаңа туған нәрестені анау мынаумен емес, осы маймен сылаған мың есе пайдалы. Майды жаман демеңдер
Abilakim
жаман дегеніміз жоқ, жей алмаймыз дедік)))
Gastarbaiter
Айанашты иіскей қояйын десем кеше, қойдың көті сасид. Ау, өзінің тәп-тәтті иісіне не болған десем, Альмира шырақ мұрнынан су ағад деп мойнына қойдың құйрық майын жағып қойыпты.
Енді қызымның көтенінен басқа иіскейтін тәуір жер қалмады.
ken
шпик, ветчина дегендерге ұқсатып шығарылған болса керек
omarbirat
Қойдың майынан мен ғана  шығармын десем…

Бірақ тандыр самсаға салынған құйрық майдан ұшынып көрмедім әзірге. Сырт көрінісі жынды екен. Жұқа тілімдерге тіліп, нанмен жегенге мықты шығар деп отырмын.
Arys_arlany
аппетитный қылып істеп қойыпты)))))