Бала туғандікі емес, баққандікі

Блог - Diary: Бала туғандікі емес, баққандікіӘкесің жақсы көрмейтін қыз бала жоқ шығар әлімде. Сол сияқты менің қызым да әкесін қатты жақсы көреді. Оларға сыртынан қарап, әке мен баласы деп атаудың өзі қиын. Ең дұрысы қызымның әкесі оның үлкен ағасы сияқты. 6 жасар қызым бар сырын әкесіне айтады. Сыртынан бақылаған анасы маған бұл жайт қызғаныш тудыруы керек сияқты. Бірақ керісінше мен қуаныштымын. Әке деген ол баласының сөзін жерге тыстамайтын адам. Ойнайық десе шаршап тұрса да ойнайды. Төрт аяқтап ат та болады. Аспанда ұшып жүрген ұшақ та болады. Қазір жолдасым қызымның қуыршақтарымен бір дастарқан басында әңгіме дүкен құрып шай ішіп отыр. Әкесі жұмыстан шаршап келсе де екеуі бақытты. Осындай да өз әкем есіме түседі. Өкінішке орай әкемнің менімен бірге асыр салып ойнағаны есімде қалмапты. Тек түнде және таңертең әрбіреуіміздің маңдайымыздан сүйіп, үстімізді жылы көрпемен жауып қымтап кеткені есімде жатталыпты. Әкелік махаббат мен үшін осы. Қызыммен ештеңеге қарамастан балаша ойнап, жүгіріп, бірге мультфильм көріп, күліп, екеуінің басы қосыла қалса үйдің ойранын шығаратын, керек жерде ақылын айтатын, тура жолға бастайтын шынайы әкесі барына қуаныштымын. Қазақ айтса дөп айтады. «Бала туғандікі емес, баққандікі».
Бөлісу:

42 пікір

007
«Бала туғандікі емес, баққандікі».
дұрыс түсіне алмадым, сонда балаларынызды асырап алгасыздарма
Diary
жоқ, анығы олай емес. бұл сұрағыңыз өзге посттың тақырыбы.
Соңғы түзету:
bazuka
сонда қызыңыздың әкесі екінші жолдасыңыз ба? қызыңыздың туған әкесі емес пе?
MickThatsMyNick
сонда қызыңыз 70/30 пайыз папасінікі болып тұр ғо
ер бала анаға жақынырақ болып келеді ғо
Diary
дәл солай папасының қызы.
Ispek92
әлімде
Бұл біздің кіші жүз жайлы айтқаныңыз ба?
Әкесің
деген кім сосын?
Ер бала туып беріңіз, көрейік кімді қаттырақ жақсы көрерін
MamaAya
енді жаза бастаған адамды тығырыққа тіремесенш олай, идеал боп өзіңше, ол өзінің қуанышымен бөліскісі кеп жатыр ғой, ертен өзің әке болғанда мына жақты толтыратын шығарсың, қыз болсын, ұл болсын…
Ispek92
КеЧірЧ, сіздің танысыңыз екенін не знал Жалпы, шындығы сол секілді, пахандар ер баланы жақсы көретіні, былай білдірмесе де…
MamaAya
менің ешкімім емес, сен не тек таныс арқылы проблема шешетін адамсын ба? хех! сыбайлас-мыбайлас, КеЧірч деген сұмдық қате ғой, Қырғызстаннан келіп пе ең?
Adiletshu
Байқұс балада нең бар? Әлде менде кеткен өшіңді осыдан алайын дедің ба?
Ispek92
 Ырзамын ағасы, Мама Айым сізде кеЧіріңізЧі. Менікі қалжың ғой
MamaAya
қыздарға жестко қалжыңдама ол сенің еркектігіне сын, а то ана біреулер сияқты боп қаласын!!!  ағаң ба еді?)))
Ispek92
Ия, братым ғо. Сіз өзіңізді әлі қыз сезінемісіз?
қыздарға жестко қалжыңдама
дегеніңізге қарағанда, мен сізді 2 баланың МАМАСЫ деп жүрсем…
VKM
Ispek92,қойсайи, негізінде папалар да ұлдар, мамалар да қыздар деп есептеледі ғой
Ispek92
Ал сізге келсек ВКМ ханым, әлбетте дұрыс айттыңыз! Типі қалжыңдап едік, өтпеді, сені алдағы 50-70 жылда да қыз деп айта бермекпін, онда да рұқсатыңмен
VKM
))) келістік! Әкелші «бесті»!
MamaAya
Бәсе-бәсе, ұқсамасаң тумағырлар?! 
Байқаймын грамматиканы жыртатын, өзіңді бір мемлекеттік маңызы бар Существомын деп ойлайсың ғой дейм, балапан!!!
Білгейсің…
Қабырғада ілулі тұрған дипломдар адамды – адам етуге жетпейді…. Кіп-кішкентай боп алып қырып бара жатырсың ғой, түге. Сыныңды орынды пайдалан! А то біреу сыныңмен қоса Жыныңды и еще Жаныңды да шығарып жіберер… Қорықпайм! десенш, виртуально ғой!!! 
Еще, мен енді ҚАТЫНдарға олай сөйлеме дейін бе? грамматикаңа этика мен эстетиканы да по чуть чуть қосып жүр!!!
сөздің соңында айтарым, сен тебіреніп, шабыттанып отырып осыған НАҚ! тарынды, Шиваларыңды қосып жауап берерсің, а мен жеңілгеннен емес, оны қыстырмағаннан жауап бермеймін!!! Сен сияқтыларға қате қате ҚОЛ ҚОЙДЫМ!!!
Ispek92
Ойбу, мамаЯ, сіз шынымен ұрысып жатырсыз ба? Қалжыңды қай деңгейде түсінетініңзді байқадым, нәтижесінде керекте адекватты санайтын адамдарым 1 адамға азайды. Осы сендер-ақ жұрттан дұшпан жасап алады екенсіңдер(Сізге тура қатысты, виртуальды әлемде тым ақылды болудың қажеті жоқ, дипломды, жынды-мыңды қағады деп, оның бәрі бос сөз). Ақылды болсаңыз реалда ақылды болыңыз. Сізді қыз санасам типі жеңгем деп қалжыңдадым. Виртуальды қайныңыздың саны 1 адамға азайды деп санаңыз, уфффффф әрең айттым ғой… Ал енді қатені көріп айтсам, мен істемесем де басқасы айтар еді, так што тағдырдан қашып құтыла алмаймыз. Қателесеміз, тек соны мойындай білсек, құдамыздың құдағиына дейін тыныш боп жүрер еді. Сіздің жазбаңызды сонда да жақсы көрем мені жек көрсеңіз де, алға мамаЯ
MERmukhanov
Граммар нацилік тірлігіңді жаңадан жаза бастағандарға сыпайы жасаш
Соңғы түзету:
MamaAya
Соңғы түзету:
VKM
Айтпаңыз)))) Бізде осы) Бұл жай жақсы көріп сынағандық деп ойлай салыңыздар)
MamaAya
қасында қрысқақ базардағы апайлар отдыхает қой ұятақай!!!
Adiletshu
Қыздар әкесіне, ұлдар анасы жақын боп келеді ғой. Әпкем папамның, мен мамамның баласы болатынбыз кішкентай кезімізде
007
Мен түске дейін папамның, түстен кейін маманың баласы болатынмын
konyrat
4 жасар кызыммен арамыздагы диалог
-К! мн! н кызысын?
-Папамнын кызымын.
-К! м туган сен!?
-Папа.
-Калай туган?
-Ап ап ап шу деп туган.
VKM
Мен мамаммен доспын, оған сырымды айта беремін. Папамды қатты жақсы көрсем де, көп нәрсені фильтрден өткізіп барып айтамын.Рухани жағынан мамам көмек көрсетсе, материалды және практикалық көмек папамнан. Машина сынса, ақша бітсе деген сияқты)))))
MamaAya
менің папам мінезі деген-қаталдың қаталы ғой, маған ғана жұмсақ болған шығар, и то анда-санда бір көретінмін, жұмысы сондай болды, ағаларымды еш айналмаған да шығар, а қазір біздін балаларға лафа ғой!
ken
Мен мамаммен доспын, оған сырымды айта беремін.
Иә, тіпті алғашқы сүйіскеніңді де айтып беріпсің
VKM
О, кен, салют! Қалайсың?
Енді кімге айтамын, керемет дейтін досым болған емес мамамнан басқа)
MamaAya
нады же, сен не деген маған ұқсайтын адамсың?! бірақ алғаш сүйіскенде ерніме ұшық деген қаптап кеткен  мамам мазь іздеп, неден жиіркендің дегенде. айтқам…  еске адем тусірдің
temir1986
Баяғыда кемпірлер (мен кішкенемін, соғымға ертіп барады) бірін бірі ау қыз-ау деп әңгімені көсілтіп отыратын
AnarAlibayeva
мен әженің қызы болдым. мама папаны білмей өстік, керісінше оларды өз бауырым деп ойлап келдім, іштей оларды мама папа деп мойындамайтынмын.  өскен соң ана болған соң ақыры түсіндік қой.  негізі балаларыңды ешкімге бермеген дұрыс.  өз балаң өз ошағыңда
Ispek92
Бірі баланы нағашылары тәрбиелеген дейтіндер бар ғой, мен мысалы нағашы әжемнің қолында өстім. Бірақ әке болған соң сіздің сөзіңізді түсіне жатармын
seyh
кейде немеренің бірін ата-әжесі тәрбиелеген де дұрыс па деймін. Өз әке-шешеңмен байланысты нығайта түседі. Мұны қыздар жағы мойындай қоймас, бірақ өзімнің көзім жетті ))
MamaAya
солай да шығар, бірақ мен әр бала бәрінен бұрын туған-туғызған әке-анасының махаббатын кемінде 2-3 жыл сезінгені дұрыс деп ойлаймын, Ата-әжесін де сыйлата, сағындыра білу керек қой, олар ең жанашыр адамдар ғой, бірақ балаға ата-анасының махаббатын сезінбеу, өзінен кейінгіні көтеріп, айналып-толғанып жүргендерін көруі-теріс әсер қалдыратын сияқты, өзін керексіз сезіну деген сияқты т с.с. даже 2-шіні босанып келгенде үлкен балам маған «Теперь ты его да мама?» -деп біраз уақыт ренжіп, жылауық боп жүрген. Келе-келе оның інісі екенін мойындады әрең, алдын қанша дайындап миына құйсақ та… Әркімдікі өзіне бұйырсын дегендей гой, қысқасы…
Соңғы түзету:
Aldeken
не ғо, баланы ата-әжесінің бауырына беруде, әр жағдай өзінше ерекше болады, меніңше, сол себептен, ойбай, беру керек, әйтпесе болмайды деуге де, или бермеу керек деп байбалам салуға да болмайды, меніңше. Себебі, бұл жерде ең алдымен адами факторлар роль ойнайды.
Мысалы, кейбір ата-әжелер, бауырына басқан немересін бала-келінінен қызғанып, оларға қарсы қоюға дейін барып жатады, бұл, әрине, дұрыс дей алмас едім. Жұмсартып айтқанда эгоизм, қатты айтқанда ессіздік бұлай ету. Қанша өзін-өзі күтінгенмен, ата-әженің өмірі баланың туған ата-анасының өмірінен ұзақ бола қоймасы анық, ертең ата-әжесі бақилық болғанда кішкентайынан өзінің туған ата-анасына қарсы қойылып, оларды мойындамауға тәрбиеленген бала, ешкімге керек емес адамдай сезінеді, себеп ата-анасымен тиісті байланыс орнатылмаған. Нәтижесі көп жағдайда жақсы бола бермейді.
Кейбір ата-әжелер бала-келіні немересін өздеріне телісе, немерелеріне емірене отырып, олардың өз ата-анасымен арасындағы байланысты үзбеуге, қайта оны нығайтуға барын салады. Ата-анасымен қатар, ата-әжесінің махаббатына шомылып өскен бала бақытты болмауы мүмкін емес, имхо.
Өз жағдайыма келсек, Үлкен ұлым әжесінің баласы деп аталғанмен ағамның баласы болып есептеледі. мені «папа» деп ағамды "әке" деп атайды. бірақ, әкесі де, әжесі де баламның алдында менің беделімді түсіру, немесе маған қарсы қою туралы ешбір теріс әрекет жасап көрген жоқ. Сонымен қатар, қырқынан шыққаннан бастап, әжесінің қасына жатқыздық. былайша айтқанда келіншегімді 1,5 жасқа дейін емгені болмаса, қасымызда жатып иіссіңді болған ештеңеміз жоқ, десек те, одан баламыздың бізге деген немесе біздің оған деген махаббатымыз азайған жоқ. Өзінен кейінгілерден қызғану да ол үшін жат қылық болды. Тек 3 жасында 1 жарты жылдай түнде өзгеше әдет шығарып жүрді, түнде туалетке барады да, содан кейін біздің қасымызға келіп жатады, қасымызға алып, өзімізше құшақтап, аймалап, енді ұйықтап кеткенде атып тұрып, «мама, папа, мен әжемнің қасына барайын, жақсы ма?» деп томпаңдап кетіп қалатын. Кейін оны да қойды.
екінші ұлым мамасының баласы. Өзінің таңдауы солай болды. Әлі де сол, мамасы екеуі бір-біріне ерекше еміреніп отырады.
Қызым өзімдікі! )))))))))) түпкі бөлмеде отырғанында үйге менің кіргенімді аяқ-киімнің тықырынан танып, атып шығады. Такышто, қыз балалар әкесіне жақындау болатыны сөзсіз.
Үш бала номиналды түрде осылай бөлінгенімен, бір қызығы түнде үшеуі де, әжесінің қасында ұйықтайды. Әжесі соған мәз. Біз тіптен «ырзамыз»)))))))))))
MamaAya
 күштііііііі ғой!
менің де қызым болса ғоййййй