Астана жолдарын жөндеуге бір ай уақыт берілді

Астана жаңалықтары: Астанада жолдарын жөндеуге бір ай уақыт берілдіЕлорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысы ҚР Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру жұмыстарының, сондай-ақ, Наурыз мейрамына арналған іс-шараларды өткізудің қорытындысын шығарудан басталды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің атап өтуінше, Астана «Нұр Отан» партиясын қолдау бойынша ең үздік нәтижеге (85,18%) қол жеткізген. Сайлаушылардың сайлауға қатысу көрсеткіші 75%-ды құрады, бұл Астана тұрғындарының азаматтық белсенділігінің жақсы көрсеткіші болып табылады.

Отырыс барысында қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері де қаралды. Астана аудандарының әкімдері жол төсемінің жағдайы туралы толық фото-есеп ұсынды. Автомобиль жолдары басқармасына бір айдың ішінде жолдарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын барынша жүргізу тапсырылды. Аталған мәселе қалалық қызметтердің назарында болуы тиіс, деп атап өтілді отырыс барысында.

Елорда әкімінің айтуынша, күннің жылынуына орай қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға, гүлбақтарға және Есілдің жағалауына жиі баратын болады. Сондықтан бұл жерлерді абаттандыруды қолға алу керек. Аудан әкімдіктері мен бейіндік қалалық қызметтер бір аптаның ішінде саябақтар мен аумақтарда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі керек.

Бұл ретте бизнес өкілдері өз объектілерінің сырт көрінісіне мұқият болып, қаланы абаттандыруға белсенді қатысуы тиіс. Сонымен қатар, алдағы уақытта ұйымдастырылатын абаттандыру айлығы аясында теміржол маңындағы аумақтарда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу қажет.

Қала басшысы көшеде сауда жасау үшін 1000 орын бөлуге де ерекше назар аударды. Ә. Жақсыбеков бұл процестің кәсіпкерлер үшін ең аз бюрократиялық продуралармен және барынша айқын өткізілуі тиіс екендігін атап өтті. Бұл ретте ұйымдастырылған көше саудасының артықшылықтары биылғы жазда қала тұрғындары мен ШОБ өкілдері сезіле алатын болуы тиіс.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Астанада жүрген еңбек мигранттарының 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істейді

Астана жаңалықтары: Астанада жүрген еңбек мигранттарының 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істейді2015 жылы Астана қаласына 130 мың мигрант келген. Бұлардың 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істеген. Яғни, елордамызға қонақ ретінде немесе турист ретінде тіркеліп, заңсыз еңбек еткен. Бұл туралы бүгін Астанада еңбек миграциясы жəне адам саудасына қарсы мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өзара əрекеті тақырыбында өтіп жатқан жиын барысында Астана қаласы бойынша еңбек мигранттарын оқыту жəне қолдау орталығының жетекшісі Қанат Мырқайдаров мəлім етті.

«Жыл сайын Қазақстанға, соның ішінде, Астана қаласына келіп-кететін мигранттардың саны көбейіп келеді. Ал, мигранттар — адам саудасына бастайтын ең негізгі фактор. Мигранттардың көбі мемлекетімізде заңсыз жұмыс істеп жүр, яғни, олардың қандай да бір дəрежесі жоқ, жұмыс беруші мигрантпен келісімшрт жасаспайды, тиісінше, мигрант еңбек салығын төлемейді. Ал, бүгін ешқандай құжатсыз жұмыс істеп жатқан мигрант ертең құлға айналып кетуі мүмкін», — дейді Қ.Мырқайдаров.

Бұл ретте Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы еңбек миграциясының шекарасын кеңейтіп жібергені анық. Тіпті, сарапшылардың болжамынша, мигранттардың саны екі-үш есеге артады.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс күшінің еркін айналымы басталды, одаққа мүше елдердің азаматтары рұқсат қағазына жүгінбей-ақ, жұмысқа орналасып жүр. Ал, жалпы, Қазақстанға келетін мигранттардың көбі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Беларусь елдерінің азаматтары екенін білесіздер. Мысалы, былтыр Астананың өзіне 130 мыңнан аса мигрант келген. Олардың 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істеген. Мигранттардың көбі қонаққа келгендей болып немесе турист ретінде тіркеліп, ары қарай көлеңкелі экономикада заңсыз, еңбек салығын төлеместен жұмыс істеген»,-дейді Қ.Мырқайдаров.

Оның айтуынша, қарияларды күтетін, бала бағатын, үй тазалап, жекеменшік нысандарды салатын, сондай-ақ ас үйдің жұмысына тартылатын мигранттарды табу да, жазалау да қиын. Себебі, олар жеке адамның үйінде тұрады жəне ең қауіптісі — құлдыққа түсу қаупі де көп. Мысалы, Астана қаласы бойынша Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген үш адам құлдықтан құтқарылған екен.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Астана әуежайында апатты жағдайда қонған «Бек Эйр» ұшағына қатысты арнайы комиссия құрылды

Астана жаңалықтары: Астана әуежайында апатты жағдайда қонған «Бек Эйр» ұшағына қатысты арнайы комиссия құрылдыБүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астана әуежайында «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағына қатысты оқиғаға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

Жиынға Инвестициялар және даму министрлігінің, Бас көлік прокуратурасының, ІІМ, ҰҚК өкілдері қатысты.

Инвестициялар және даму министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрды. Оған шығарушы зауыт өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар шақырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша, Бақытжан Сағынтаев осы сынды әуе апатының алдын алу бойынша шараларды қабылдауды тапсырды.

Азаматтық авиация комитетіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Бек Эйр» АҚ ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша шаралар жоспарын құрастыру тапсырылды.

Сонымен қатар, 29 наурыздан бастап, әуе тасымалдаушы қызметінің жоспардан тыс инспекциялық тексерісі басталады.

Жиында «Бек Эйр» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов жақын арада әуе компаниясы IOSA халықаралық авиациялық аудиттен өтуге кірісетінін айтты.

2016 жылы 27 наурызда сағат 10:36-да Астана әуежайына «Бек Эйр» компаниясының «Фоккер-100» ұшағы апаттық жағдайда қонды.

«Қызылорда-Астана» бағытында ұшқан ұшақ бортында 121 адам, оның 116-сы жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды. Жапа шеккендер жоқ.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Астанада аудан әкімдері жолдың жағдайы туралы толық фото-есеп жасады

Астана жаңалықтары: Астанада аудан әкімдері жолдың жағдайы туралы толық фото-есеп жасадыЕлорда әкімдігінде апта сайынғы аппарат отырысында қаланы абаттандыру және санитарлық тазарту мәселелері де қаралды. Астана аудандарының әкімдері жол төсемінің жағдайы туралы толық фото-есеп ұсынды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Автомобиль жолдары басқармасына бір айдың ішінде жолдарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын барынша жүргізу тапсырылды. Аталған мәселе қалалық қызметтердің назарында болуы тиіс, деп атап өтілді отырыс барысында.

Елорда әкімінің айтуынша, күннің жылынуына орай қала тұрғындары мен қонақтары саябақтарға, гүлбақтарға және Есілдің жағалауына жиі баратын болады. Сондықтан бұл жерлерді абаттандыруды қолға алу керек. Аудан әкімдіктері мен профильді қалалық қызметтер бір аптаның ішінде саябақтар мен аумақтарда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуі керек.

Бұл ретте бизнес өкілдері өз объектілерінің сырт көрінісіне мұқият болып, қаланы абаттандыруға белсенді қатысуы тиіс. Сонымен қатар, алдағы уақытта ұйымдастырылатын абаттандыру айлығы аясында теміржол маңындағы аумақтарда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу қажет.
Қала басшысы көшеде сауда жасау үшін 1000 орын бөлуге де ерекше назар аударды. Ә. Жақсыбеков бұл процестің кәсіпкерлер үшін ең аз бюрократиялық продуралармен және барынша айқын өткізілуі тиіс екендігін атап өтті. Бұл ретте ұйымдастырылған көше саудасының артықшылықтары биылғы жазда қала тұрғындары мен ШОБ өкілдері үшін сезілуі керек.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Төрт жылдық бір тағдыр

Басталмаған қаланың дастаны әлі Бірінші жыл дала деп жас тамады. Бірінші жыл ауылы естен кетпей, Бесінші жыл қимайды астананы. О жастық-ай, алмайтын өлмей тыным, Ойын-тойсыз, өмірге....(Қ.Мырза-Әли)
Кеше ғана ата-анамызға еркелеп, бар жауакершілікті соларға артып қойған, жап-жас балапан едік. Ал, қазір
Есеюге асығып, арманымызды орындау үшін әсем қала Ақтөбеге келіп, студенттік өмірді бастан кешіп жатқан жайымыз бар.
Бөгде қала. Бөгде адамдар. Бөгде өмір. Ауылды сағыну. Бұл алғашқы кезде қорқынышты болатын… Ал қазір ше?! Қазір қаланың өміріне үйренісіп, буынымыз қатайған 1-ші, 2-ші курстың студенттеріне ақыл беретіндей «ересек» адамбыз.
«Студенттік шақ өмірдің қайталанбас, ең керемет сәті. Қайта келмейді. Өмірдің осы қысқа ғана бөлшегін ұмытылмастай өткізу »-дегенде бір ертегідей көрінетін. Биыл, міне, студенттік кезеңнің үшінші сатысын да тәмәмдаймыз. Үш жыл ішінде бір-бірімізге қатты бауыр басып қалдық. Тіпті, кейде, бір-бірімізден басқа арқасүйеріміз жоқтай көрінеді. Бірде ашпыз, бірде тоқпыз. Қандай жағдай болмасын, қандай да бір кикілжің болмасын үнемі біргеміз!
Әлі есімде. Ең алғаш рет оқуға түскенімді білгенде, газетте жарияланған тізімнің барлығын қарап шықтым. «Мына адамдардың қайсысы менің тобымда оқиды екен?»,-деп қызығып, ғаламтор желісінен барлығын іздеп шыққанмын. Содан соң қалаға келдік. 1-ші қыркүйек жалпы жиынға қатыстық. Ал, 9-ы бәрімізді әр топқа топтастырды. Кураторымызбен және топтағы студенттермен таныстық. Топта 8 қыз, 2 ер бала екен. Алғашында, бір-бірімізді өте қатты жатырқадық. Тіпті, топ басшысы болуға бәсекелестік те болды. Бірақ, бір-біріміздің бауырмашылдығымыздың арқасында қалай жақын араласып кеткенімізді байқамай да қалдық. Бір-бірімізге үйренісіп алған соң, қалжыңдасу, сырласулар басталды. Бірінші курстың ортасына жетпей-ақ санымыз бір ер балаға азайды. Ал, екінші курста екінші ер баламыз да оқудан шығып кетті. Сонымен топта тек қана «нәзік жандылар» қалдық. Бұрын жалпы ойлайтынмын «тек қана қыздар болған жерде, бірлік болмайды» деп. Бірақ, қатты қателесіппін. Аллаға шүкір, татумыз!
Үш жыл уақыттың қадірін білген адамға аз уақыт емес. Үш жылда түрлі қызықтардан басымыздан кешірдік. 1-ші курста корпусымызды таба алмай, сабақ болатын бөлмемізді іздейміз деп, сабаққа кешігіп жүрдік. Біреу тамақ (бәліш, хотдог, т.б.) жегенін көрсек болды «өле жегенше, бөле же»- деп, қолынан тартып алып, бөлісіп жеп қоямыз. Сағыз, дымқыл сүрткіш туралы айтпасам да, барлық студенттерге таныс шығар. Қар атысып ойнап жүргенде деканға да қарымыз тиген. Корпуста өзімізше бір-бірімізді келемеждеп, өзімізше «актерлік шеберлігімізді» танытып жүріп те мұғалімдердің көзіне түсіп қалғанымыз бар. Сабақтан қашқанды қызық көріп, талай «Түсініктеме» жазғанымыз тағы бар. Бірақ, ешқашан топтың ішінде қандай жағдай болмасын сыртқа шығармаймыз. Барлық сырларымыз да, ойын-күлкілеріміз де, реніштеріміз де тек өз арамызда.
Кейбір адамдар айтады «студенттер ең кедей халық» деп, негізі ең бай халық — студенттер, біле білсеңіз, көк қағаздың белсенді тұтынушылары мына біз. Олай деуге негіз көп, ұйымшылдықпен Ақтөбенің тамашаламаған көрікті жерлері қалмаған шығар, сірә. Алғашында аязымен қорқытқан Ақтөбе, қазір, біз үшін ең ыстық қала.
Университет қабырғасында жүргендегі ең қызықты және қатты қобалжитын сәтіміз «Емтихан» деген үрейлі сәт келгенде болады.
Емтихан кездеріндегі алас ұрып, бір семестр бойы мүлдем байыбына жете алмаған пәндерді бір түннің ішінде жарыса жаттау, анығын айтқанда, бар істі тек тамағына тақалғанда ғана қолға алу, қанымызға әбден сіңген үйреншікті әдетке айналды. Әрбір сынақ алдындағы уайымның, іштегі алай-дүлей болып төңкерілген қорқыныштың дені бір бөлек. Бірақ, осы сәтті үнемі бір-біріміздің қолдауымызбен өткеріп келеміз. Бұйырса, осы достығымыздан, бір-бірімізге деген адалдығымыздан айрылмасақ, алдағы емтихандарда да осалдық танытпаймыз деп ойлаймын.
Бұл уақыттың қызығын айта берсек, шегіне жету мүлде мүмкін емес. Өмірдегі әрбір адамның бүкіл ғұмырының естен кетпес көңілді сәтінің ең ауқымды бөлігі де, дәл осы студенттік шақта орын алғаны даусыз. Ендеше, достар, төрт жыл тағдырлас болған, бір нанды бөліп жеп, қиын сәтте қол ұшын созған, студенттік шағымыздың кейіпкерлерін ұмытпайық! (Орфографиялық немесе басқа да қателіктер болса кешірім сұраймын! #Алғашқы пост)
Әрі қарай

Париж-Станбул-Брюсель.

Париж-Станбул-Брюсель.
Осы үш қалада әлемді дүрліктірген лаңкестік оқиғалары болып өткені, баршамызға мәлім. Жәбірленушілердің жанұяларына көңіл айтқан xәлде, сол лаңкестік оқиғаларға шолу жасап көрмекпін.
Ол лаңкестік оқиғаларды өздерін «Ислам мемлекеті» деп атайтын ұйым өз мойнына алды; бірақ сол лаңкестік оқиғалар Ислам дініне сай келеме? Жоқ, әсте сай келмейді, бәлкім Ислам діні лаңкестік оқиғалардың бәрін қаралайды! Осы орайда, бұл лаңкестіктердің Ислам дініне сай келмейтін саралап көрсем:
1- Ислам діні бейбітшілік діні, оған дәлел: Ислам дініндегі ең киелі кітәп Құран десек, сол Құранның барша сүрелері: «Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен басталады» деп басталғанын көреміз. Және Ислам дінінде көріскен кезде ең бірінші айтылатын сөз бұл: «Ассаламалайкум» яғни: «Сізге Алла т. ның амандығы, сәлемі болсын деген сөз.
Демек дініміз барынша бейбітшілікке үндейтін дін, ал лаңкестердің Ислам атын жамылып жасаған қандайда бір іс әрекеттері жәй дін дұшпандарының істеген жаласы ғана деп түсінуіміз тиіс.
2- Лаңкестер Ислам дінінің басты негіздерінен болған „уәде де тұру“ атты қағидасын өрескел бұзып, жарылыс жасағанының күәсі болудамыз. Олар сол Европа елдеріне кірген кездерінде, ол елдің заңын сақтаймыз деп уәде беріп кірді емеспе? Ал Пайғамбар (С.А.С) „Мұнафиқтің үш белгісі бар“ дей келе, сол үш сипаттың бірі „Уәде берсе уәдесінде тұрмайды“. Ал дінімізде Алла (Т) Құранда айтқанындай: „Расында мұнафиқтар тозақтың ең түбінде жанады“ ( Ниса- 145) көріп оырғанымыздай, мұнафиқтарды қияметте кәпірлерден де қатты жазаланатыны айтылған; ал осы аят, xадистерді ой елегінен өткізген кез-келген жан, лаңкестердің қандай үлкен күнә істеп жүргендерін түсініп білер еді.
3- Олар (Лаңкестер) Ислам дінінің тұнық атын лайлап, абырой беделіне нұқсат келтіріп жатыр. Ал Пайғамбар (С.А.С) өз заманында үлкен күнә істеген қылмыскерлерді, дін дұшпандарын, Ислам дінінің абыройын ойлап жазалаудан бас тартатын еді.
Ал енді өздеріңіз ой жүргізіп көріңіздер: Лаңкестік жағдайлардан кейін демократияны ту етіп мұсылмандардың емін еркін жүріп тұрысына, дінін насиxаттауына толықтай рұқсат еткен Европа елдері; мұсылмандарға қысым жасай бастады, қаншадан-қанша мешіттер жабылып, қаншадан-қанша уағыз-насиxаттар тоқтады. Оның сыртында қандайда-бір жолмен болсын мұсылмандарға зиян берүге желеу іздеп жүрген дін дұшпандарына жол ашылды, көрінген жерде мұсылманның құқығы қорғалудан қалды…
Лаңкестердің дінге жасаған зияндарын санай берсек санына жетпейміз. Алла (Т) баршамызды xақ жолынан тайдырмасын…
Әрі қарай

Абай қазір осылай да айтар ма еді

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ қырғызды көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, көтерілісші қырғыз, басшыдан басшы шыдатпай, бірінен соң бірін қуып. Өздері Кіремілдің алдын сыпырып жүр. Орыс жағалаған қырғыз деген осы» деп. Өзбекті көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «Есек мінген, жаман өзбек деп» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген… не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, қырғыздың түсірмеген киносы жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген барахолкысы жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сола жеткізіп тұр. Өзбекке қарасам, стройкыге да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Машинаны да пойызды жақсылап жасап сатып жатыр. Мұнайсыз-ақ еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі. Оның бәрі — бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?
Әрі қарай

Қуу немесе Коко Шанель чимкентская екен

Баяғыда Шымкентте тұратын Көкөш деген апайымыз, Анель деген қызын ертіп Францияға кетеді. Енді бизнес, сауда, ақша қуып шекара асып кеткен болуы керек. Көкөш апайымыз бен Анель қарындасымыз Парижде қарап қалмай неше түрлі иіс сулар мен сөмкелер жасай бастайды. Кейін мына керемет затарды кім шығарған деп сұрайды ғой халық. Сонда білетіндер: Мұны Қазақ жерінен келген қос шебер – Көкөш, Анель дегендер шығарды деп шулайды. Коко шанель бренді осылай пайда болыпты –мыс. Дәл осындай оқиға. Тағы да қазақтың кәсіпкер ерлі-зайыпты адамдары — Адина мен Дастан деген жұп шетелге барып спорттық киімдер тіге бастаған. Істері жүріп кеткен болуы керек. Енді сауда белгісіне ат қою керек қой. Көп ойланбай қазақша бір атау ойлап табады, яғн есімдерінің алғашқы буындарын бір біріне жалғап Адинаның «Ади» буынымен Дастанның «Дас» буынын қосады да Адидас деген брендті дүниеге әкеліпті жарықтықтар. Ал Адидастың логотипіндегі бәріміздің спорттық киімдерімізде жүрген баспалдақ сияқты үш сызық -қазақтың үш жүзі деген мағынаны береді екен.
Қарызды жақсы көретін халықпыз емес пе. Ең алғаш осы киімдер тігіле бастағанда жұрт келіп қарызға сұрайтын көрінеді. Бере алмаймын дегендерге, қарызға сұрағыштар келіп: «Бере салш ей, бері саш ей, берсаш ей» деп сұрай берген екен. Содан киімдердің атауы «берсаш-ей» аталып кейін Версачи болып еуропаланып кетіпті. Котон деген фирма бар. Енді оның қазақша екендігін дәлелдеп жатудың тіптен қажеті жоқ. Өзі шалбар шығаратын болса, озі «котон» болса, не мағына беретінін түсіндіріп босқа уақытты алмай-ақ қояйын.
Мына қытайдан келетін киімдер тым сапасыз, ары кетсе бір жыл немес бір ай киесіз болды. Қазақтың бір кәсіпкері осы кемшілікпен күресуге бел буады. Ол айтыпты: -Мен киім шығарсам, бір айлық, бір жылдық қылып жылтыңдатпаймын, мен шығарсам мәңгі киетін киім шығарамын депті. Сөйтіп мәңгі деген бренд пайда кейін ол да еуропаланып «Манго» атанып кеткен екен. Хуго Босс – деген бар. Ер адамдардың киімін шығарады фирма. Оның атауы қайдан шыққан дейсіздер ғой. Қазақтың шебер тігіншілеріне бір бай ақсақалдан заказ түседі. Енді жасы келіп қалған кісі болуы керек, қуығы ұстамайды екен. Қуығы бос болғаннан кейін жылдам киіліп шешілетін шалбар керек депті. Кейін фирма «Қуығы бос» атанып, уақыт өте келе Хуго Босс деген брендке айналыпты. Тіпті машиналардың атауы да қазақ тілінен шыққан екен. Немістер машина шығарады да, осы темір тұлпарымызға ат қойып беріңдерші осы сендердің тілдерің шұрайлы деп қазақтарға келеді ғой. Қазақтар: онда көліктеріңді ары бері жүргізіңдер дейді. Немістер машиналарын ары бері айдайды келіп, бір бұрылыста аты жоқ машина ауып қалады. Қарап тұрған ат қойғыш қазақтар: «Ауды анау ауды! Ауды-ей машина, ауды-ей!!!» деп шулай жөнеледі. Немістер бұл не деген әдемі сөз деп, шулап тұрған қазақтардың сөзін блокноттарына түртіп алған екен дейді. Сөйтіп дүниеге «Ауди» келіпті. Оны естіген кәрістер де қазақтарға келіпті біздің көлігімізге ат қойып беріңдер деп. Қазақтарға ат қою деген немене. «Көрсет» депті. Әлгі көлік бар күш-қуатымен құйындатып өте шыққан екен. Бір қаза айтыпты: «Желдей жүйрік екен» деп, екіншісі: «Құйындай» екен дейді. Сонда кәрістерге «құйындай» деген сөз ұнса керек, сөйдіп өмірге Хюндай бренді келіпті. Бітті))
Әрі қарай

Астанада бүгін «Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада бүгін «Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты» тақырыбында дөңгелек үстел өтедіБүгін 31 наурызда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы әрі көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жасқа толған мерейтойына байланысты «Әлихан Бөкейханов және ұлт руханияты» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешіміне сәйкес, Әлихан Бөкейхановтың мерейтойы 2016 жылғы ЮНЕСКО-ның Атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді.

Дөңгелек үстел барысында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Алаш» ғылыми-зерттеу институты (директоры Сұлтан Хан Аққұлұлы). тарапынан қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде дайындалған «Әлихан Бөкейхан. Alikhan Bukeikhan. Алихан Букейхан» атты зерттеулер, публицистикалық мақалалар, сұхбаттар және дөңгелек үстел материалдарының жинағы кітапханаға сыйға тартылады. Биыл бұл институт Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі туралы 2 томдық монографиясының бірінші томын, оның 16-18 томдық шығармалар жинағының толық жинағын, «Алаштың Әлиханы», «Әлихан тағылымы» жинақтарын, сондай-ақ басқа да кітаптар мен жинақтарын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Дөңгелек үстел жұмысына «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай, Мемлекеттік тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркіт Аяған, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары Зиябек Қабылдинов, Данагүл Махат қатысады.

«Алаш қозғалысының көсемі» атты кітап көрмесі Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси, мемлекеттік, ғылыми, публицистикалық және журналистік қызметі және оның бай мұрасына арналады. Көрмеде автордың кітаптары, жинақтары, сондай-ақ мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары ұсынылады. Сондай-ақ «Алаш ардақтыларына тағзым» тақырыбымен Алаш қайраткерлері суреттерінің көрмесі өтеді.

ҚазАқпарат
Әрі қарай

Стартап жобаларды қаржыландыру үлкен сұранысқа ие болады – Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы

Астана жаңалықтары: Стартап жобаларды қаржыландыру үлкен сұранысқа ие болады – Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы
Елордада кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетіледі. Бүгін жаңа жобаларды қолдау үшін қосымша шаралар қолдану туралы шешім қабылданды. Айта кетейік, Астана қаласының әкімдігі мен «Даму» қоры стартап-жобаларға 2 млрд. теңге бөлу туралы меморандумға қол қойды.

Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетовтің айтуынша, қаржы екі-үш айдың ішінде бөлінеді, бұл елордада енгізіліп жатқан жаңа жоба.

– Осындай қаржыландыру бағдарламалары бойынша Астана қаласы көш бастап тұр. Алдында жастарға арналған бағдарлама басталған. Оның алдында ритэйл, сауда саласына бөлінген бағдарлама бар. Осы бағдарлама елордада жақсы жүзеге асып отыр. Осы жаңа жоба Астанада ғана, ол стартап жобаларға арналған. Арнайы комиссияға шағым беріп, олар қарастырады. Басты ерекшелігі бағдарламаның Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы іріктейді, содан кейін жоғарыдан қаржыландырылады. Біріншіден банк, содан кейін комиссия қарайды. Түрлі салалардағы стартап жобаларды қолдау үшін беріледі. Банктер арқылы жүзеге асырылады, – деді Ғани Тасмағанбетов.

Жас кәсіпкерлерді қолдау туралы айдың басында қала әкімі Әділбек Жақсыбеков пен «Атамекен» ҰКП Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен Астана қаласы кәсіпкерлерінің үшінші конференциясында айтылған болатын.

«Қазіргі кезде осы келісім жүзеге асырылып жатыр», — деді Ғ. Тасмағанбетов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Кәсіпкерлер палатасы кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау шараларының спектрін, соның ішінде бизнес-жоспар мен сайтты тегін әзірлеу, бухгалтерияны жүргізу, мемлекеттік сатып алуларға немесе кедендік рәсімдеуге қатысу үшін практикалық көмек көрсету және т.б. жүзеге асыруда.

«Бірақ кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер жобаларды қаржыландыруға келгенде кедергілерге тап болады. Негізінде, екінші деңгейлі банктерден стартап-жобаларға қаржы алу қиын, олар көбіне өз ісі бар, кепіл қоя алатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Бұл қолында ештеңесі жоқ, бірақ өз ісін бастағысы келетін жас кәсіпкерлер үшін мәселе болып табылады. Сондықтан әкімдіктің осындай қолдауының арқасында бұл қаржы аса қажет, ал бағдарламаға қатысам деушілер көп болады»,- деді Ғ. Тасмағанбетов.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры көшеде бөлшек сауда жасау үшін 1000 жер учаскесін бөлу туралы елорда әкімдігінің жобасын мысалға келтіріп өтті, қазіргі кезде сұраныс учаскелер санынан үш есеге артық болып отыр.

Елордада мемлекеттің қолдауының арқасында жас кәсіпкерлердің стартап-жобалары өз жұмысын бастады. Мысалы, стоматолог Серік Мұқашев стоматологиялық қызметтер ұсынатын жеке клиника ашуды армандаған.

– Бұл менің арманым, мен 1990 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Арманымды іске асыру үшін өз қаражатым жетпейді, ал Президенттің, әкімдіктің, «Даму» қорының арқасында арманым орындалды, қымбат қондырғы сатып алдым, жақсы мамандарды шақырдым. Біздің клиника екі ай бұрын ашылды, – деді Серік Мұқашев.

Кәсіпкер Гүлмира Шажанбаева ұлттық тағамдар әзірлейтін мейрамхана ашпақ болған, жақында оның идеясы жүзеге асты.

– Мейрамхана ашатын ойым бұрыннан бар еді. Мен үшін бұл мейрамхана ісіндегі стартап жоба, әрине, оны жүзеге асыруға шағын және орта бизнес субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасы көмектесті, соның арқасында мен жобаға жұмсаған жалпы инвестицияның 25% алдым. Меніңше, осы қаржыландырудың арқасында біз жұмысымызды уақытында бастап кеттік,- деді Гүлмира Шажанбаева.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10227
Әрі қарай