Астанада жүрген еңбек мигранттарының 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істейді


«Жыл сайын Қазақстанға, соның ішінде, Астана қаласына келіп-кететін мигранттардың саны көбейіп келеді. Ал, мигранттар — адам саудасына бастайтын ең негізгі фактор. Мигранттардың көбі мемлекетімізде заңсыз жұмыс істеп жүр, яғни, олардың қандай да бір дəрежесі жоқ, жұмыс беруші мигрантпен келісімшрт жасаспайды, тиісінше, мигрант еңбек салығын төлемейді. Ал, бүгін ешқандай құжатсыз жұмыс істеп жатқан мигрант ертең құлға айналып кетуі мүмкін», — дейді Қ.Мырқайдаров.
Бұл ретте Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы еңбек миграциясының шекарасын кеңейтіп жібергені анық. Тіпті, сарапшылардың болжамынша, мигранттардың саны екі-үш есеге артады.
«Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс күшінің еркін айналымы басталды, одаққа мүше елдердің азаматтары рұқсат қағазына жүгінбей-ақ, жұмысқа орналасып жүр. Ал, жалпы, Қазақстанға келетін мигранттардың көбі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Беларусь елдерінің азаматтары екенін білесіздер. Мысалы, былтыр Астананың өзіне 130 мыңнан аса мигрант келген. Олардың 70-80 пайызы заңсыз жұмыс істеген. Мигранттардың көбі қонаққа келгендей болып немесе турист ретінде тіркеліп, ары қарай көлеңкелі экономикада заңсыз, еңбек салығын төлеместен жұмыс істеген»,-дейді Қ.Мырқайдаров.
Оның айтуынша, қарияларды күтетін, бала бағатын, үй тазалап, жекеменшік нысандарды салатын, сондай-ақ ас үйдің жұмысына тартылатын мигранттарды табу да, жазалау да қиын. Себебі, олар жеке адамның үйінде тұрады жəне ең қауіптісі — құлдыққа түсу қаупі де көп. Мысалы, Астана қаласы бойынша Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген үш адам құлдықтан құтқарылған екен.
ҚазАқпарат
Пікір жоқ әзірше