Абай қазір осылай да айтар ма еді

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ қырғызды көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, көтерілісші қырғыз, басшыдан басшы шыдатпай, бірінен соң бірін қуып. Өздері Кіремілдің алдын сыпырып жүр. Орыс жағалаған қырғыз деген осы» деп. Өзбекті көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «Есек мінген, жаман өзбек деп» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген… не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, қырғыздың түсірмеген киносы жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген барахолкысы жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сола жеткізіп тұр. Өзбекке қарасам, стройкыге да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Машинаны да пойызды жақсылап жасап сатып жатыр. Мұнайсыз-ақ еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі. Оның бәрі — бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше