«БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады

«БҰҰ моделі — Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады

Биыл Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл. Осыған орай, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2016) атты ірі халықаралық студенттік конференцияның ашылу салтанатты өтті. Конференцияға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегаттары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Франция және т.б елдердің студенттері қатысуда.
«БҰҰ моделі» — бұл ой талқылау және студенттік конференция режимінде өтілетін танымал әлемдік бағдарлама. Бұл жаңа идеялар, пікірлер, әсер тудыратын, өзін-өзі дамыту мен өз ойын білдіруге бірегей мүмкіндіктер беретін, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-сана мен жаңашыл ойлануды танытып әрі дамытатын үздік мектеп саналады. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің бойына көшбасшылық және дипломатиялық қарым-қатынас қасиеттерін сіңіру.
Салтанатты пленарлық отырысқа БҰҰ өкілдері, шетел елшіліктерінің дипломаттары, Алматы қаласының әкімдігі қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» жаһандық Хабына және Орталық Азиядағы тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО өңірлік Хабына жетекшілік жасайды. Осы орайда университет ректоры Ғалым Мұтанов мұндай әлемдік деңгейдегі жауапты іс-шараның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.
Ал, конференцияға қатысушы шетелдік студент-жастар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.
Конференцияға алғаш рет қатысып отырған «Қырғыз-Түрік Манас» университетінің студенті Толгоной Маматова: «Қырғыз жастары мен қазақстандық жастардың ұқсастығы көп. Екі ұлттың да жастары жалынды, пейілдері кең, қонақжай болғандықтан, Қазақстанды еш жатырқамай, жақын тартып кеттім» дей келе, өзге ұлт өкілдерімен танысып, тәжірибе алмасып жатқандығын қуана жеткізді.
Алдағы 2 күнде «UN Security Council – “ Drug Trafficking as a Threat to Security in Central Asia»; «General Assembly – “Global Migration as the reflection of employment challenges as well as other trends ( SDG-4, SDG – 8)»; «Human Rights Council – “Modern Slavery and the Issue of Forced Labor (SDG – 10)»; «Environmental Assembly – Pollution in Central Asia (SDG – 13, SDG -14, SDG – 15)»; «International Court of Justice – “Legal Regulation of Cyberspace (SDG – 16)»; «ЮНЕСКО – “Свобода Слова и Влияние СМИ на Самосознание Людей (SDG – 16)» бағыттары бойынша әлемдік кәсіби тренерлер конференцияға қатысушыларға ағылшын және орыс тілдерінде семинар-тренинг өткізеді. Қонақтарды Алматының көрікті жерлерімен таныстырып, экскурсия ұйымдастыру жоспарланып отыр. Аталмыш конференция 30 мамырға дейін жалғасын табады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Студенттік баспасөз орталығыБлог - zhansaya_skakova: «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастадыБлог - zhansaya_skakova: «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастадыБлог - zhansaya_skakova: «БҰҰ моделі - Жаңа Жібек Жол 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады
Әрі қарай

Жұмыс таңдама

Абай атамыз айтты ғой. «Есектің артын жусаңда, мал тап» деп. Каникул басталды. Алда, қылышын сүйретіп сессия келе жатыр. Оған дайындалып мұрнынан қан кетіп жатқан студент жоқтың қасы. Көпке топырақ шашпаймыз. Қан кетпесе де су кетіп дайындалып жатқандары баршылық. Ал, мен жұмыс істеп жатырмын. Анау- мынау жұмыс емес. Жə, қандай екенін айтпай ақ қояйын. Жалпы, айтайын дегенім. Қазір адамдардың көбісі жұмыс таңдайды. Оған айлығы көп болу керек, үш мезгіл тамағы болу керек тағысын тағы. Сосын кім оған жақсы жұмысын беріп қойсын. Суреттегі менің ауқатым. Бір жақсы жерім Аллаға шүкір, дар-дара пікір жұмыс жасауға жағдайды қажетсінбеймін. Кез-келген жағдайда жұмыс жасай беремін. Тек кейде басшылармен дұрыс болмай қалады. Себебі, жағымпаздық қасиетті жек көрем. Қалай бар, солай бетіне айтып тастаймын. Сол себепті, көп жұмыстан осы мінезімнің кесірінен кетіп қалам.
Қысқасы жұмыс жасаңыздар. Бір досым айтады. «Сен осы жатпайсың» деп. Сол сияқты мына заманда жалқаулық-геморойдан жаман. Жабысып алса кетуі қиын.
Әрі қарай

Ninety One - Su Asty / Су асты


Ninety One тобының жаңа әні Су астының клипі жарияланды.

Intro:
A.Z:
Эй неғо, Q-pop әзірге demo
Бірақ біз көбейгенде, сен жоғалма секілді Nemo
ZAQ:
Олар мені түбіне батырмақ болды, басқаға бас жетпей қойды
Маған сенің ауаңның қажеті жоқ, әлемім Н2О

ALEM:
Деміңді ал тереңге естіген сайын
Енді мен келгенде тұра алмай — тай!
Кім ол сенбеген? Бері кеп — қайт! (3рет)

ZAQ:
Таптап бәрін, таққа бағыт тартқанмын,
чк POW-POW бала талып құла, тағы талқыла — бәрі бірқалыпты
Бәрібір қалыпты менің тәртібім-әріппен әр үнді қауып тастау,
Енді дәріптеймін бәріне мәнін тәлім қылып ала алсаң,
Тек түрлі былықты қылықтарың лық қылып тықты шоу-бизді су астына!
Бәрі батты кезекпен,
Олар тұншығады, ал бізде желбезектер!

Қайырмасы:
Бізде желбезектер (2 рет)
Бізде желбезектер
Қанша жерден зерттесең де түсінбейсің мені.

BALA:
Дауың бар ма не? Айт кел!
Тауып ал мін менен, кейін сөйле!
Ауыр бұны саған қабылдау,
POW-POW-POW! Түйін таба алмасаң – Сау!

ACE:
Деміңді ал тереңге естіген сайын
Енді мен келгенде тұра алмай — тай!
Кім ол сенбеген? Бері кеп қайт! (3рет)

A.Z:
әгәдә мәгәдә зигәдө
Əгəдə мəгəдə кикидөу
Ал кім айтты бүйтуге болмайды деп?
Негізі бұл менің сиқырым,
Аяқ астынан мен келдім, түсіріп жүр басыңды еу!
Қысымға шыдамай тұншығады дедің, бірақ бізде желбезектер ғооо!

Блог - asaubota: Ninety One - Su Asty / Су асты
Әрі қарай

Ән кейіпкерлері

Халық арасында кеңінен таралып, ел аузында жүрген әндердің көпшілігінің кейіпкері кім екені жалпақ жұртқа беймәлім болып жатады. Алайда әрбір әннің өзіндік тарихы бар.
Атақты «АБК» триосының бағын ашқан «Тамшылар» әнінің тарихы қызық. Әннің композиторы Ахмедия Есмұханов бұл әнді өзінің алғашқы махаббатына арнаған. Түсінде сүйіктісі терезені қағып, өзіне шақырады. Оянып кетіп, терезеге жақындаған сазгер жаңбыр жауып, тамшылардың тамып жатқанын көреді. Тамшылардың тамысы сазгердің жүрегіне ән болып құйылады.
«Кешкі кездесу» бағдарламасының студиясына АБК тобының орындауындағы «Тамшылар», Өктем Алтаевтың орындауындағы «Жаным», Төреғалидың орындауындағы «Жүрек көнбейді», Абай Бегейдің орындауындағы «Аспанға қараймын» әндерінің авторлары мен аталмыш әндердің кейіпкерлері шақырылады.
Белгілі туындының белгісіз кейіпкерлері. Олар кімдер? Сіз бен біздің сүйікті әуендеріміздің шығуына себепкер болған жандармен сырлы сұхбатты Еуразия бірінші арнасының эфирінен сенбі күні 21:00-де тамашалаңыздар.
Әрі қарай

Өрік ағашы гүлдегенде

Күн ерте шығатын болыпты. Шақырайып тұрған күннің көзі бетіме түскенінен ұйықтап қалып, сабақтан кеш қалып қойдым ба деп үстімдегі түйе жүннен тігілген жеңіл көрпені бір теуіп орынымнан атып тұрдым. Айтпақшы, осы түйе жүн көрпеден соңғы кездері аяғымның басы шығып тұратынын сезіп жүрмін. Бойым өсіп келе жатса керек. Самаурынның қышқыл түтініне араласқан әбден қайнаған шайдың жағымды иісі шыққан асбөлмеге қарай тұра шаптым. Папа мен мама шай ішіп отыр екен. Күндегіше майкі-трусимен тұр едім, мама ала көзімен қарап:
-Жау қуып келе ма, киінбейсің ба?-деді. Кері бұрылып бара жатып маманың “Осы қыз да ұят жоқ па, тіпті?” деген күңкілін естіп қалдым. Бір күннің ішінде бой жетіп қалмаған шығармын? Бойжетіп қалатындай нешінші клас оқисың дейсіз бе? Алтыншыны аяқтағалы жүрмін. Иә, бірақ, шынымен де алтыншы клас оқитын қыздың әкесінің көзінше майкі-трусимен, шашы жалбырап тұрғаны аздап ыңғайсыздау екен… Мүмкін папаның әлі күнге дейін түбі қатқылдау болып өсетін сақал-мұртымен бетімді ысқылап тұрып иіскеп, еркелететінін де есейе алмай жүрген шығармын. Кеше кластағы бір қыздар сыбырласып хат оқып жүргенін байқағанмын. Жігіттер жазған болуы керек. Маған неге жазбайды деген қызғаныш ойдың жетегіне еріп, апайға айтып қойып, қыздардың масқарасын шығарсам ба деп те ойлап қоямын.
Ұзақ ойланып кетсем керек, маманың “Әй, қыз, болсайшы, сабақтан қаласың!” деген сөзінен селк ете түстім де киініп алдым тездетіп. Шашымды мамаға өргізбей жүрмін, тым қатты етіп өреді. Жүрген сайын бұрым арқама соғылып ыңғайсыз болады, оның үстіне қатты өрілген бұрым қайыстай болып қақшиып онша әдемі емес көрінеді. Кекілімді әдемілегім келіп түкірігіммен жылтыратып бастырып қойдым (папаға айтпасам гель алып бер деп).
Сыртта өрік ағашы гүлдеген екен. Жұп-жұмсақ иісі де жағымды. Папа мотоциклін қыздырды. Бензиннің иісі жаңағы тәтті иісті шайып кетті. Мотоциклге папаның белінен құшақтап отырып алдым. Сұр бешпетіне бетімді тақап, тер сіңген таныс қышқыл иісті құшырлана иіскедім. Көшені көк түтінге бұқтырып мектепке кетіп барамыз. Жел алдан соғып тұр, кекіліме жаққан түкіріктің иісі өзім сезіліп келе жатыр. Бекер жаққан екенмін… Өрілген шашымды “Ешкінің құйрығы” деп күн сайын тартқылап жүрген жетінші кластағы “Н” түкірікпен жылтырағанын сезсе ұят болатын болды. Соңғы кезде сол “Н”-ны көріп қалсам жүрегім дүрсілдеп, денем мұздай болып кетеді. Қорқамын ба одан, әлде… Түсініксіз...
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 22 сәуір 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 22 сәуір 2017 эфирінде қойылған сұрақтар
Қазақ радиосындағы «Ой-Зерек» танымдық-интеллектуал ойынының 3-ші эфиріне "Әйел бақыты" командасы қатысты. Ойыншылар 11 сұрақтың алтауына дұрыс жауап берді.

  1. Egemen.kz сайтында ең көп оқылған мақалалардың бірінде автор «ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында» дейді. Мақала авторын атаңыз.
  2. Барокко кезеңінің неміс композиторы Георг Гендель 1727 жылы ағылшын королі Георг ІІ нің таққа отыруына орай, «Садок дін қызметшісі» атты туынды жазады. Оның аранжировкасын 20 ғасыр соңында Тони Бриттен жасайды. Лондондағы академиялық хор орындайтын бұл туындыны миллиондар біледі… Ағылшын мен неміс дедік қой жаңа, осы екі тілге қоса ол французша да орындалады. Сол ағылшындар, немістер мен француздар осы әуеннің сүйемелдеуімен талай жетістікке жетіп жүргенін де айта кету керек, дегенмен ең табыстылар — олар емес. Бұл не әуен?
  3. Шымкентте 100, Алматы мен Павлодарда 101, Қызылордада 102, Өскеменде 104. Астанада ше?
  4. Қазақ радиосының ардагерлерінің бірі радиоға келместен бұрын мектепте орыс тілінің мұғалімі болған. Ал негізінде ҚазМУдың филология факультетін де, Шет тілдер институтының неміс тілі факультетін де оқымай тастап кеткен. Википедиадағы мәлімет бойынша оның азан шақырып қойған аты Мұхаммедқали. Біз бұл кісіні қандай атымен танимыз?
  5. Қандай сахна әртістерін алтын деп атар едіңіз? tetkam.net ресурсының айтуы бойынша, Қазақстандағы бір музыка дүкендерінің біріне жергілікті сатып алушылар келіп, Жан Алтынның дискін сұрапты. Сатушылар каталог ақтарып болғанша, клиенттер дискті өздері-ақ тауып алыпты. Дискте кімнің музыкасы жазылыпты?
  6. 2014 жылы Бразилияда ақша дизайны жаңартылады деп жарияланды. 100 реалдық банкнотта кімнің суреті болады деп хабарланды? Әлбетте футбол королі Пеленің суреті. Бұл хабардың жарияланған күнін дәл атаңыз
  7. Бүгін кімнің туған күні, жігіттер? Соңғы октябрят пен тәуелсіздік ұрпақтарына Ленинге байланысты бір сауал қояйық: Ленин атындағы қалалар 20 ғ. 20 жылдардан бастап пайда болды. Мысалы, Кеңес кезінде оның атын қазіргі Санкт-Петербург (Ленинград), Худжант (Ленинабад, Тәжікстан), Гюмри (Ленинакан, Армения) сияқты қалалар иемденді. Ал Қазақстанның қай қаласы 1958-1995 жылдары аралығында күн көсемнің атында болды?
  8. «Союз» ғарыш кемелерінің қонулары әдетте ұшу аймағынан алыс емес жерлерде өтетін. Ал «Союз-23» кемесінің 1976 жылы қонуы Кеңес космонавтикасы тарихында тұңғыш рет ерекше өтті, және ғарышкерлердің бірінің бұрынғы мамандығымен байланысты болды. Не ерекшелік ол?
  9. 2000 жылдар ортасында Жапонияда әр тарауы 70-100 сөзден құралған романдар танымал болды. Бұл романдардың ерекшелігі — оларды не арқылы оқылуында еді?
  10. 1878 жылы пошта із кесушісінің қолына «жұмбақ» открытка түседі.Мәскеулік хат жолдаушы Соловцов петербургтік Чигоринге С, Л, Ф деген сияқты әріптер мен мынадай біртүрлі мәтін жолдапты: Егер Петербург сөйтсе, Мәскеу де солай. Ал егер Петербург басқаша істесе, Мәскеу де басқаша. «Шифр!» деп ах ұрады із кесуші. «Мәскеу Петербурге көтеріліс жасауға белгі беріп жатыр!».Шифрлі открытканы бастығына жолдаған ол Чигорин мен Соловцовтың кім екенін анықтап, тергеу жүргізуді тапсырады. Ал олар… кімдер еді?
  11. Луканка — болгарлардың ұлттық тағамдарының бірі. Аңыз бойынша болгар жерлерін түріктер басып алған кезде олар жергілікті тұрғындардың азық-түлігін де тартып ала бастаған. Бұған қарсылық ретінде болгарлар басты тағамдарының біріне нені қосып, жаңа тағам түріне луканка деген ат берді?



Әрі қарай

АҢСАТСА СЫР ӨҢІРІ

Сыр елінің жүрегі, қазыналы қарт қала Қызылорданың тұрғындары мақтанып көрсетерлік, ал келген қонақтардың таңдай қағарлық көрікті жерлері жетерлік. Қазақ астана болған әсем қала бұл күнде де өз биігінен таймаған. Оған дәлел жыл сайын жаңаланып, көркейіп келе жатқандығы болып табылады.
Сырдарияның сол жағалауын бойлап демалып келе жатсаңыз назарыңыз көк зеңгірге ұмсынып желбіреп тұрған еліміздің көк туын көресіз. Демалысқа аса қолайлы жерде орналасқан ту тұғырының биіктігі 60 метр. Таза ауамен тыныстап, жанға жайлы жерде қазақ болғаныңа мақтанып талай жыр жазуға таптырмас орын. Сырдарияның екі жағасы қазақ көзінің ағы мен қарасындай болып жатыр. Оң жағалауда орналасқан Тұңғыш президент саябағы әсем қаланың мақтанышы десек те болады. Әсіресе, күн қызарып ұясына батқан сәттерде аталмыш орын ғажайып кейіпке ие болады.
Тұрғын халықтың біршамасын құрайтын студенттердің бас қосуына таптырмас орындардың бірі әрі бірегейі — Студенттік арбат. Бұл жердің басты ерекшелігі жастық жалындары көзінде ойнаған жастармен теңестірілген мәңгі жасыл талдар өседі. Сондай-ақ, арбат жүргіншілер жолағы көп жерде орналасқан.
Қаланың жанға рахат, көңілге қуат сыйлайтын орындарын тізе берсек, тіземіз талады. Себебі, ондай жерлер қалланың әр қырында бар. Басқа өңірден келген болсаңыз міндетті түрде аталған жерлерді аралап кеткеніңіз
жөн.
Әрі қарай

Жас журналистер додасы Сыр елінде

20 сәуір Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ІХ пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Шара оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Б.Ж. Әбдікәрімов сөзімен басталды. Ізінше, университеттің өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынып, келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Кеш аясында дүбірлі додаға республиканың әр түпкіріндегі 13 ЖОО келген топтар таныстырылды. Атап айтатын болсақ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет және т.б. бар.
Командаларды бағалауға журналистика саласының майталмандары жиналды.Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректоры А.Т. Жүнісов бастаған қазылар алқасының құрамында қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының меңгерушісі Ғ. Ә. Тұяқбаев, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Е.А. Байтілес, «Хабар» агенттігі телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Н. Ж. Жақыпбеков, Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы Б.Ш. Шамшат, Яссауи атындағы Халықаталық қазақ-түрік университеті, қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының доценті Б.К. Сердәлі, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті З.Н. Ермағанбетова, Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының доценті Г.Ш. Әшірбекова бар.
Олимпиаданың биылғы ерекшелігі 9 жылдан кейін бірінші рет олимпиаданы өткізу эстафетасын ұтып алған Қорқыт ата атындағы ҚМУ ұйымдастыруы.
Әрі қарай

Қазақстандық рэп-орындаушылар танымал спортшыға арнап, бейнебаян түсірді

Ең тартысты спорттық жарыстардың бірі – аралас жекпе жектен M-1 Challenge 76 халықаралық турнирі 22 сәуір Назрани (Ингушетия) қаласында өтеді. Аталмыш халықаралық аралас жекпе жекте ел намысын аралас жекпе жектер бойынша Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, аралас жекпе жек бойынша әлем біріншілігінің вице-чемпионы Сергей Морозов қорғайтын болады.
Талантты спортшының жанкүйерлері қарағандылық рэп-орындаушылар Әкежан Лұқпанов пен Антон Зенин спортшыны қолдап, ән жазып, бейнебаян түсірді. Ондағы мақсаттары – қазақстандықтарды отандасымызға жанкүйер болуға шақыру. www.youtube.com/watch?v=gVXfd_CazbU&feature=youtu.be
— Барлығы ойламаған жерден болды. Досым Әкежан Сергейдің мықты жігіт екенін, керемет күресетінін айтты. Осылайша біз өз спортшымызды қолдап, бейнебаян түсіруге бел будық. Бұл – қанаттандыратын ән. Онда тек спортшымызға деген қолдауымыз ғана емес, Отанымыз – Қазақстанға деген ыстық ықыласымызды жеткіздік, — деді B.u.ll.d.o.G деген лақап атты рэпер Антон.
Рэп-орындаушы Әкежан DIEZO Лұқпанов:
— Мен өзім екі жыл жекпе жек өнерімен айналысқанмын. Және Сергей Морозовты көптен байқап жүрмін. Оның күресу мәнері, адамгершілігі ұнайды. М1 Global халықаралық компаниясымен келісімшарт жасасқан алғашқы қазсқтандық спортшы болғанына қарамастан, қарапайымдылығын жоғалтпаған жан. Сондықтан оны қолдағымыз келді.
Халықаралық турнирде қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық чемпион Фабрицио Сарраф болмақ. Сергей Морозов турнирге дайындықтың негізгі кезеңін аяқтады. Қазіргі таңда ол тәжірибелі бапкерлерімен туған қаласы Ақтөбеде жаттығуда.
— Әрине, алға түспей-ақ қояйын. Алайда, тек жеңіске деген ұмтылыс бар. Мен онда жеңу үшін барам. Бұл жекпе жектің мен үшін маңызы үлкен. Өткен жолы Ингушетияда жеңіліс тапқан едім… Маған бойымды тіктеп, қарымта қайтаруға мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Мені ондағылар жақсы біледі, маған жанкүйер болып, қолдау көрсетуде. Жеңіс не жеңіліс болатынын тек ринг шешеді. Тек шаршы алаңда ғана қарсыластың қандай артықшылықтары бар екені түсінікті болады. Алайда мен жеңіс үшін бара жатырмын», — дейді спортшы.
Айта кетейік, M-1 Challenge – 2008 жылдан бастап өткізіле бастаған аралас жекпе жектер бойынша турнирлердің тұтас топтамасы. Содан бері әлемнің түрлі елдерінде 75 турнир өтіп үлгерді. 2010 жылы командалық жарыстан алшақтап, чемпиондар белдігін бес салмақ дәрежесінде ойнату туралы шешім қабылданды.
Халықаралық аралас жекпе жекті қазақстандықтар Еуразия бірінші арнасынан 22 сәуір күні 23:00-де тамашалай алады.

Желіге құмарлықтың емі барма?

Артта қалған өмірге бір қарайласам, барлық уақыт қолдағы телефонмен, əлеуметтік желіге шұқшиып өтіп барады екен. Адамдармен де сирек араласатын болдық. Кеше бір қызбен(группалас) кəдімгідей ашылып сөйлестік. Себебі, менің телефонымның қуат көзі, оның айлық тарифы бітіп қалған еді. Бұлар өшпесе біздің сөйлесуіміз неғайбыл. Қарап отырсам айналамдағы адамдарға, реальды өмірге қарағанда, вертуалды өмір қызығырақ сияқты. Отырыстарда, кештерде барлығы инста мен фейсбукке шұқшиып отырады. Оның ішінде мен де бармын. Мен мына жердемін деп салып жібереміз. Бұл мақтанғанымыз ба əлде басқа ма түсінбедім.
«Бір отбасының үйінде вай файы өшіп, туыстарымен амалсыз сөйлесіп, „жақсы адамдар екен“-дейтін əзіл шыны аралас əңгімені естіген боларсыздар». Біз бұған жете қоймадық, бірақ осы бетімізбен өрлей берсек, шыңыраудан бір-ақ шығарымыз анық. Желіні дерт дейміз. Мұның себебі де бар. Болып жатқан барлық келеңсіз оқиғалар, осы желінің жемісі. Əлемдік қоқыс деп те атайтынын естігем. Енді, осы дерттен құтылудың, сəл болса да жазылудың амалы барма?
Ғалымдар зерттепті. Көпшілік халықтың желіге кіруінің себебін. Адамда ішкі қанағаттану деген болады екен. Мысалы: бір адам өзіне көңілі толмайды. Сырт келбеті қисынсыз, болмаса өз-өзіне сенімділігі төмен. Оған «сен сұлусың», «саған мына киім жарасымды»деп ешкім айтпайды. Тіпті ата-анасы да. Осындай жағдайда адамда ішкі ашығу пайда болады. Ол қарынның ашуына мүлде ұқсамайды. Сол аштықтан құтылу үшін, желі арқылы тояттауға тырысады.

Нəтижесі: тəні ашылған суреттер мен ұяттқа қайшы келетін бейнелер. Жазылушыларынан келетін лайк, комментарий бəрінен іштей қанағаттанады. Бірақ бұл уақытша ғана. Əлгі ашығу қайта келгенде. Жоғарыдағы оқиға қайта қайталанады. Осы орайда желіге неге құмармыз деген сұраққа көпшіліктің пікірін сұрап едім.
Гүлжан 20 жаста
Қызықты, жаңалықтар көп. Достарыңның, туыс, таныстарыңның кайда не істеп жүргенін білесін. Телефоным жоқ болса, бірдеңе жетіспей тұрған сияқты.

Арай 19 жаста
Менің желіге күнде сурет жариялағым келіп тұрады. Себебі мен ұнататын адам көріп, лайк басуын қалап тұрамын. Ол көрмесе салған фото қызық емес болып қалады. Жетістікке жеткенімді адамдар көрсе деймін. Жақындарым қуанып, дұшпандарым қызғансын деген де ой бар.

Қамшының сабындай ғана ғұмырды желіге желімделіп өткізіп жатырмыз. Ата-аналарға, жəне барлық қолданушыға құлақ қағыс. Рухани ашықпас үшін мына емді қолдансақ.
Айналамыздағы адамдарға жылы қатынаста боласақ, бумеранг заңы бойынша қайта келеді. Достарымызға жақсы пікірлер айтайық(киімің жарасымды, шашыңда жақсы сəндепсің, бетіңді күшті əрлепсің) деген сияқты. Сонда, ашыққан бос орынды толтыру үшін желіге жүгінбейді. Соңғысы, ата-аналар балаларына жақсы сөздер айтып отырса «сен əдемісің», «сен өзіңe сенімдісің»,«сенің қолыңнан бəрі келеді» сынды сөздер. Сонда балаларыңыз сіз айтуға тиісті сөзді сырттан іздемейді. Егер, осы айтылған ойды қолданатын болсақ, күндердің бір күні, бұл дерттен де айығармыз деген сенімдемін.

Думан Кеңшілік
Әрі қарай