Арал мәселесі халықаралық деңгейде талқыланады

Блог - asaubota: Арал мәселесі халықаралық деңгейде талқыланады

Мамырдың 30-31 күндері Аралдың тұрақты дамуына арналған халықаралық форум өтеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен Аралды құтқару Халықаралық қорының Қазақстандағы атқарушы директоры Болат Қабыкенұлының қатысуымен өткен баспасөз-конференциясында мәлім болды, деп хабарлайды alashinform.kz ақпараттық агенттігі.

Форумға Орталық Азияның 5 мемлекеті мен басқа да халықаралық ұйым өкілдері қатысады. Форумның мақсаты — Арал мәселесіне қоғам назарын аудару, аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілететін жобаларды нақтылап, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту жолдарын талқылау.

Форумның бірінші күні баяндамалар тыңдалса, екінші күні делегаттар Арал теңізін тікұшақпен бағдарлап, теңіздің тынысымен танысады. Басқосу аясында бірнеше жобалардың таныстырылымы өтеді. Атап айтқанда, Қамбаш көлінде ғылыми-туристік орталық ашу, сондай-ақ, Аралдың шығыс бөлігіндегі теңіз ұлтанына ағаш отырғызып, жасыл белдеу жасау жəне үшінші жоба — киік популяциясын көбейтуге арналған питомникті іске қосу жобалары көпшілік назарына ұсынылады.
Әрі қарай

Домбыра Party: Домбыра суықтан қорықпайды

Өткен аптаның эйфориясы тас-талқан бола жаздады. Жалғыз өзім жарты сағаттай отырып, тоңып қалған соң енді қайта бергенімде бірден он шақты адам сау етіп, жинала қойды. Танысы, таныс емесі бар, бәрі патиді арнайы іздеп келе жатқандар екен. Жаңа ғана нәскиден бір шыққан нәстрәение әп-сәтте пәтәлөкке жетіп барды. Содан әнді жібердім. Менің репертуарым таусылғанда, домбыраны Тұрсынхан деген жігіт алды. Мамандығы инженер-құрылысшы екен. Үйді де ән айтқандай салса, жаман маман емес сияқты. ;) Бағасын өздеріңіз берерсіздер.









Иә, бүгін тек Тұрсынхан екеуміз ән айттық. Көрермен қосыла шырқады. Өтіп бара жатқандар әдеттегідей тұра қалып тыңдап, қолпаштап жатты. Бірақ суықтан домбыра қорықпаса да өзім тоңып, бір сағаттан сәл-пәл асыра патиді бітірдік.

Келесі апта күн жылынады деп жатыр ғой. Енді қалып қоймаңыз.
Әрі қарай

Қорғансыз аналар

Қоғамда орын алып жатқан түйткілдер көп. Алайда жас балаларын жетектеп, далада қалған қорғансыз аналардың жағдайы кімнің де болса жанына батады. Бұған кімді кінәлаймыз? Жауапсыз ер-азаматтарды ма, әлде аңғал қыз-келіншектерді ме? Қос тараптың айып-кінәсін таразылап жатқанда, бұғанасы бекімеген сәбилер зардап шегуде. Мейірімге толы отбасында, өз шаңырағында өмір сүруге әрбір бала құқылы емес пе?
«Кешкі кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымына тағдырдың тәлкегімен далада қалған аналар қатысады. Алтын алқа иегері Толқын Нәметқұлова 8 баласымен даланы паналауға мәжбүр. «Кешкі кездесу» ұжымы олардың мекен ететін жерімен арнайы танысып қайтты. Одан бөлек, жүкті күйде үйінен безіп аналар үйін мекендеуге мәжбүр болған Зейнеп және Мәдина есімді қыздар өз өмірлерінің қиындықтарымен бөліседі. Студияға жиналған сарапшылар мен өнер жұлдыздары мұқтаж анаға қаржылай көмек көрсетпек. Ал «Жаркент Арасан» санаториясының ұжымы тегін жолдамалар ұсынады.
Сәбиін жалғыз өсіруден басқа амалы жоқ, жалғыз басты аналардың жан айқайы! Еуразия бірінші арнасынан сенбі күні сағат 21:00-де көріңіздер!
Әрі қарай

«Шеберлер жарысы». Әңгіме.

— Еее! Менің алдау шеберлігімді көрмедіңдер ғой сендер, үш адамды бір-ақ алдап жүрмін, үшеуіне үш түрлі өтірік кетіп жатыр!
— Ойыншық екен ғой сенікі, мен қырық адамды өтірікке тойғызып жүрмін.
— Ееей, балақайлар, тыныш бола қалсаңдаршы, миллиондарды алдап жүрген көкелеріңнің қасында отырғанда!
— Қоя салыңдаршы…
— ???..
— Алдау сендердің не теңің…
— Жүдә семіз сөйледіңіз ғой ағасы! Сіз қанша адамды алдап жүрсіз?
— Бір…
— Бііір?! Бір! А-ха-ха-ха-ха!.. Ия, кім екен ол біреуіңіз?
— Өзім…
— …
— …
— …
Әрі қарай

«Арман қала» романы. Сырт.

— … Бүгін 2049 жылдың 3-ші мамыры – Арман қала тарихының жаңа дәуірінің басталатын күні! Естеріңізге сала кетейік, бүгін қаладағы соңғы балалар үйі жабылады. Қала басқармасы алдыңғыларындай бұзып, басқа мекемеге айналдырып емес, есігін құлыптап, сол күйі қалдырмаққа шешкенін білетін боларсыздар. Ішіндегі жиһаз-бұйымдары, тіпті ыдыс-аяқ, ойыншықтарына шейін өз орнында қалдырылады, қараңыздаршы қарауытқан терезелеріне, «Керек болмай қалса мен осындамын, әрдайым дайынмын» — деген сөздерін қараған адамның ойынан бірақ шығаратын мылқау дәу құсап тұрысы. «Болашақ ұрпақтарға еске салу, ескерту болсын, санасын ширатып тұрсын деп қалдырамыз!» — деген қалабасының сөзін біздің арнамызға берген сұхбатында өздеріңіз бір жеті бұрын естідіңіздер. Соңғылардың бірі болып бұл үйден медициналық нанороботтар зауытының инженері Қайсар ағамыз бауырына басқан Батыржан есімді балақай кеткен болатын. Әне тұр өзі. Енді міне, жанұясын тапқан жеткіншек әйгілі шыны құлыпты қаланың қақ ортасында ескерткіш ретінде қалдырылып жатқан Арман қаланың соңғы болып жабылған балалар үйінің есігіне салып жатыр… Қане балақай!..
Естідіңіздер ғой?! Болды! Болды! Болды!.. Құрметті көрермен! Тікелей эфирден тарихтың мұндай парақтарын көрген біздің де бағымыз бар екен-ау! Экрандарыңызда қазір шықты, дәл сол шыны құлыптың суретіне тағы бір үңілейікші. Дәл өзі, кілті жоқ құлып, сырт етіп бір-ақ рет құлттанатын құлып, есігіңді қайта ашар болсаң құлыпты қиратып қана ашасың. Құлыпта жазылған екі сөзді тағы бір оқиықшы ағайын, тағы бір есімізге түсірейікші… Сол құлыптың тарихын… Үнсіз нәзік куәгеріміз, бәрін көрді ғой бұл құлып, осы күнге қа… қа-лай… жеткені-мізді… кешіріңіздер…
Әрі қарай

«Арман қала» романы. Қаһармандар.

Қарадомалақ: — Мен Наудлызбай батыдлмын! Ел қодлғауға зиил деп, Абылай салды задлықты! Аттааан!
Томпақ: — Ал мен Ізғұттымым! Зззойқын соққыыы! Үлкееен өзенді сееекіліп өтем да қылық зауды зенем!

2028ж. Арман қала.
Әрі қарай

«Парасат – Жансұлу» романы. Ерлік.


— Ия, жалғастырайық та сол әңгімені
— … Әкем мен анамның жұбы оңайлардың қатарынан болмай шықты басында. Шынын айтқанда… нағыз ошақ басы жылуын, шаңырақ жайлылығын сезінген кездерім ондай көп болған жоқ… Кейде күндеп, апталап ұрыс алаңында өмір сүріп жатқандай сезінетінмін өзімді. Мектептен қайтқанда үйге жақындаған сайын жүрегім көтеріле бастайтын… Түсініспеушіліктің тікенекті сымы, ұрыс-жанжалдан бораған оқ, қаһар жарылыстары… Бірақ… өттік қой соның бәрінен. Өмір – ұстаз. Өмір деген үлкен су сияқты, ағып-ағып ақыры жартастарды – адамдарды қашап, қажап, икемдеп алады. Сонда есейгенде ғана түсіндім ең маңызды нәрсені… Неге? Неге ажырасып кетпеді әке-шешем? Соншама қиындыққа қарамастан… Төбеме жай түскендей болды… Не деген мықты адамдар… Ешқашан есімнен шықпайды… Бірде ұрыс арасында анамнан ақтарылып шыққан сөздер: «Мен сенің балаларыңның анасымын! Мына ошақ менікі! Кетпеймін ешқайда!» Сол сәтте әкемнің қайтарарға жауап таппай тұрып қалғаны… Біз үшін… өздері үшін… сақтап қалды жанұямызды. Осы жеңіс ол кісілердің ең ұлы ерлігі… Он бір жасымда әкем мен анама қарап тұрып өзіме уәде берген болатынмын: «Менің шаңырағымның әлемі ешқашан мұндай болмайды!» – деп. Ал бүгін… бүгін ол кісілер мен үшін ең бірінші үлгі алатын адамдар, жиырма бірімде түсіндім осыны…
— Шынында, біз… бүгінгі біз басқа болып шыққанбыз, шаңырақ көтеріп, сонда жылу, жайлылық тапқымыз келеді, бірақ ол жайлылық, үйлесімнің келгенін орнымызда тұрып күтетін сияқтымыз, өзіміз құруға біліктілігіміз жоқ, бейімделмеген сияқтымыз. Жауапкершілік қоржынынан бірен-саран асықты алып аламыз да, қалғанын ақтармаймыз, өздерімізге әрқилы өмірге икемсіз рөлдерді ойлап тауып аламыз, құрбандыққа бару деген біз үшін түсінуге қиын нәрсе… Түк білмейтін өтірік маман секілді айналшықтап, аз-маз тырысамыз да «тойдым» – деп өз жөнімізбен кете береміз. Ал кешегі біз… кешегі біз өз шаңырағымызға жайлылық, үйлесімді тақыр жерде жоқтан өзіміз бар етуге дайындалып келетін болған сияқтымыз. Дайындалғанда да: «Не жеңімін, не осы жерде өлемін! Мұнда қайта шығу үшін кіргенім жоқ!» — деп. Осында келерде анамның: «Сол үйден өлігің шықсын!» — деген сөзін осы күнге шейін ойланып келемін…
Әрі қарай

«Парасат – Жансұлу» романы. Мінсіздік.

— … Кешірші…
— … Көрдім… Мен сені көрдім… Нақ сені… Қасиетіңнің жұпарын, мүлтігіңнің мұңын, күресіңнің ұлылығын… Ей, шөл қысқан жүректер! Мінсіздік бағынан адам емес, адамнан мінсіздік бағын іздеңдер… Сенен мінсіздік таптым, жеңісіңнен емес, күресіңнен таптым. Сен қосағымсың, ендеше қасиетіңе тамсанамын, жаңсағыңды жасырамын, күресіңе қуат беремін, әрдайым қасыңда боламын… Бәрі жақсы болады, асылым…
Әрі қарай

Домбырада қос ішектің пайда болуы

Ертеде тауқұдірет деген құс болыпты. Оның жалғыз ғана қанаты бар екен. Бірі еркегінің оң жағына, бірі ұрғашысының сол жағына бітіпті. Ол кезде Қамбарханның домбырасында жалғыз ғана ішек болыпты. Жалғыз ішекпен көсілтіп күй тарта алмайды. Ал, жалғыз қанатты тауқұдірет қалықтап ұша алмай қорланады. Домбырашы да күйге құмары қанбай қиналып жүреді. Тауқұдірет күндіз-түні Тәңірге мұңын шағып, қос қанат сұрап, жалбарынады екен. Бір күні Тәңірі:
– Зарлап қиналғанша, талпынып тірлік етіп көріңдер, – дейді. Аталық тауқұдірет пен аналық тауқұдірет қолдасып ұшқысы келеді. Бірінде – оң қанат, екіншісінде – сол қанат, екі тауқұдірет бір-бірімен қолдасып, қатарласып қанат қағады. Сол кезде қалықтап ұша жөнеледі. Қос тауқұдіреттің қанаттарын жел сүйемелдеп, көк жүзінде рақаттана самғайды. Көңілдері шаттанған құстар Тәңірге ризашылығын білдіріпті. Кейін олардың балапандарына Тәңірі қос қанат дарытады. Домбырашы осыны көріп:
– Қос қанат бірігіп еді – ұшты, домбырада қос ішек болса ше? – деп, екінші ішекті тағыпты. Қос ішекті домбырадан ғажайып үн шығады. Домбырашы қатты қуанады. Риза болғаны сонша, ең алғашқы күйін тауқұдіретке арнайды.
Блог - Zhaukhar: Домбырада қос ішектің пайда болуыӘбуғазы М. Шығыстың шыңырау күйлері. – Өскемен: Шығыс Полиграф, 2009
Әрі қарай

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар рейтингі

Блог - asaubota: Қазақстандық кәсіпқой боксшылар рейтингі

Boxrec.com сайтындағы мәліметтер бойынша Қазақстан атынан шығып жүрген 60 боксшы бар. Рейтингтері бойынша қарайтын болсақ алғашқы ондық:

Геннадий Головкин 1/1543 boxrec.com/boxer/356831
Жанат Жақиянов 11/971 boxrec.com/boxer/444007
Бейбіт Шүменов 15/1256 boxrec.com/boxer/427368
Иса Акбербаев 35/1256 boxrec.com/boxer/506803
Қанат Ислам 54/1792 boxrec.com/boxer/628426
Батыржан Жүкембаев 78/1881 boxrec.com/boxer/729904
Бекман Сойлыбаев 82/1423 boxrec.com/boxer/698073
Мадияр Әшкеев 107/1792 boxrec.com/boxer/740162
Жаңқош Тұраров 116/2226 boxrec.com/boxer/483668
Бахтияр Эюбов 117/2226 boxrec.com/boxer/602453

Аты-жөндерінің жанында өз салмағы бойынша нешінші орында екені және қанша боксшы бар екені жазылған. Сілтемелер бойынша өтіп, әр боксшының толық статистикасын қарауға болады.

Таныс бір Бокс/ММА маманының айтуынша бастапқыда "қапшықтармен" шығып, статистика жинайды, өсе бастайды. Кейін профидің өз кезеңдері болады, мықтылармен шығып рейтингте көтеріле бастайды дейді. Яғни, өзінен жоғарылармен жиі шығу керек. Ұзақ уақыт "қапшықтармен" жүре берсе еш нәтиже болмайды. Бұл тұрғыда Иса Акбербаев жақсы көтеріліп келеді екен. Жанат Жақияновты көп адам танымаса да нәтижелері жақсы. Ал Қанат Исламға енді мықтылармен шығу керек. Жастардан Жаңқоштан үміт күтуге болады.

Толық тізімді көргіңіз келсе Boxrec сайтындағы іздеу функциясын пайдаланыңыз, елге Қазақстан деп жазсаңыз, бәрі шығады
Әрі қарай