ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА

Әлеуметтік жарнама қоғамды өзгертуге бағытталған және қоғам ішіндегі әлеуметтік мәселелерді талқыға салатын жарнама болып табылады. АҚШ пен Еуропада PSA (Public Service Announcement) термині ретінде қолданылады.

Тарихына үңілсек, пәленің бәрі бастау алатын АҚШ-та сонау 1906 жылы ААҰ-ның (Америка Азаматтық Ұйымы) [Ниагара сарқырамасын] сол кездегі энергетикалық компаниялардың келтіретін зиянынан қорғауды насихаттайтын жарнамасынан басталады. 1917 жылы АҚШ-та Жейміс Монтгомери Флектің «Әй, бала, америкалық әскерге өте-мөте қажетсің!» деп жазылған [плакаты] шығады. Бұл плакатта Сэм көке сол қолын беліне қойып, оң қолының саусағын «Әй, сен!» дегендей көрсетіп тұрды. Одан соң Кеңес өкіметінде де осыған ұқсас плакаттар шыға бастады: «Родина-мать зовет!» (Иракли Тоидзе).
Блог - qonyrbai: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА
1942 жылы АҚШ-та әлеуметтік жарнамалардың басты үйлестірушісі болып табылатын Жарнама кеңесі (adcouncil.org) құрылды. Алғашқы кезде кәрістермен соғысып жатқан жауынгерлерге хат жазуды; көлікте белбеуді тағуды; ормандады өрттен қорғауды жарнамалады. Кейіннен ғой қоғамдағы сауатсыздықты, балаларға зорлық жасаушыларға қатысты, ЖИТС-ке қарсылық секілді нәрселерді жарнамалаған болатын. 1993-2000 жылдар аралығында Клинтон әкімшілігі нашақорлықпен күресу жолында әлеуметтік жарнамаларға 1,8 млрд өздерінің долларын құртқан екен.

Ал Ұлыбританияда 1946 жылы әлеуметтік жарнамамен айналысатын «Ақпараттың Орталық кеңсесі» құрылған. Жылдық бюжеті 300 млн еуроны құраса, әлеуметтік жарнамаға жылына 195 млн еуро жұмсайды екен.

Ресейде 1993 жылы мемлекеттік емес Жарнама кеңесі құрылған болатын. Уақыт өте коммерциялық емес ұйымдар көбейген соң, 2008 жылы Мәскеуде әлеуметтік жарнаманы дамытумен айналысатын Одақ пайда болды. Ал 2011 жылы Мәскеуде осы әлеуметтік жарнаманың «қазан-ошағының» басында жүретін Комиссия құрылды.

Әлеуметтік жарнаманың халықаралық фестивалі бар IAA Responsibility Awards деп аталатын. Халықаралық Жарнама Қауымдастығымен 2008 жылы құрылған болатын. Фестиваль жыл сайын өтіп тұрады.

Жалпы, қазіргі таңдағы әлеуметтік роликтер осы әлеуметтік жарнамалардың қарқынды дамуымен пайда болды. Қысқаметражды фильмдер көбінесе деректі, ғылыми-көпшілік, мультипликациялық, т.б. болып келеді. Қысқаметражды фильмдердің драматургиялық ерекшелігі – айтайын деген түпкі ойының дәлдігі мен ықшамдылығында. Сондықтан әлеуметтік роликтер қысқаметражды фильмдер қатарына жатпайды. Екеуі екі бөлек нәрсе. Бүгінгі таңда әлеуметтік роликтерді қолында камерасы бар адамның да түсіре беруге мүмкіндігі көп.

Қосымша:

Ниагара сарқырамасы Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзенінің орта ағысында. Эри мен Онтарио көлдерінің қысқа аралығында Ниагара өзені 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады. Су құламасының астындағы тау жыныстары доломитті әктастар мен сазды тақтатастардан тұрады. Әктастардан тұратын кемері үнемі шайылудың әсерінен Эри көліне қарай жылына 7-10 см жылжуда. Козий аралымен екі бөлікке бөлінген: канадалық бөлігінің биіктігі 48 м, ені 800 м және америкалық бөлігінің биіктігі 51 м, ені 300 м. Судың гүрілі 25 км жерге дейін жетеді.
Блог - qonyrbai: ӘЛЕУМЕТТІК ЖАРНАМА
Плакат – графиканың бір түрі, тұжырымды мәтіні бар көрнекі бейнеленген өнер шығармасы. Елімізде кешегі 60-жылдардан бастап дами бастады. С.Я.Сухов, Д.Н.Поляков, Ш.Кенжебаев, Г.М.Мамаев, М.Ержанов, В.А.Цветков, А.А.Юлдашев, А.Дүзелханов, К.А.Каметов деген кісілер осы өнердің басы-қасында жүріп, нанын тауып жеген.
Әрі қарай

Әскер досым

Біз бірге өстік. Бір сыныпта оқыдық. Бір жапырақ нанды бөліп жеп, бір ойыншық автоматқа таласып, бір мұғалімнен сабақ алдық.

Мен сабақты қатты оқитын мұғалімнің баласы едім де, Елдос қызбамінезді, ақкөңіл атаман еді. Мен мектеп бітірген соң қағаз-кмопьютерімді шұқылап кеттім, Елдос әскери өмірге бет бұрды.

Қаланың күйкі тірлігі мен есті алар жылдамдығы өткеніңді еске алып, жүзін сирек көретін ескі досыңмен арқа-жарқа әңгіме құруға бірде сылтау, бірде бөгет емес пе?

Өткенде сол қадау-қадау сәттердің бірінде Елдоспен бұрынғыдай бір дастарханның басында отырып сөз сабап, сөйлем қуаладық.

Блог - qisyq: Әскер досым

«Қаракемердегі әскери бөлімшеде келісім-шарт бойынша қызмет еттім», — деп бастады сөзін кластасым, — «Білесің өзің, біздің ауылдың да, Қаракемердің де әскери өмірге қызыққан жастарына бұл бөлімше жақсы мүмкіндік, ыңғайлы қызмет орны».

Flashback. Біздің ауыл деп Елдос Түргенді айтып отыр. Алматыдан шығысқа, Құлжа жолға шығып, таудың етегін қуалап отырсаң Есік қаласына, одан әрі Түрген мен Қаракемерге жетесің. Әлгі «шыбық шаншысаң, шынар өсетін» жер екеу болса, бірі – осы аймақ. Бала кезде жүзім мен алмаға бүйір шығып тойып, саңырауқұлақ теріп өскеніміз туған жердің арқасы.

«Жұмыс кәдімгі жұмыс болды, зейнетақы қорына ақша аудырылып отырылды, медициналық сақтандыруымыз болды. Інім де істеді менімен бірге, тарлық көрген жоқпыз».

Flashback. Елдостың інісі Нұржан есімде жақсы қалыпты. Тете өстік. Қора-қораның шатырымен зыр жүгіріп ойнағанда, жанымыздан қалмайтын.

«Әскери өмір маған керемет ұнайтынын түсіндім аз уақыт ішінде. Оның үстіне, отбасылы, бала-шағалы болып жатқанда, тұрақты жұмыстың бар екені және ол жұмыстың өзіңе ұнайтыны ерекше сенім сыйлайды екен».
«Сырттан келген әріптестерім үй алып жатты. Жастардың басын қатырып жүрген мәселенің келісім-шарт бойынша қызметке тұрғандар үшін шешілуі жаман болушы ма еді...»

Flashback. Елдос екеуміз әсіресе бастауыш мектепте жүргенде қатты дос болдық. Таңмен тұрып, түн ортасына дейін біресе менің үйімде, біресе оның үйінде жүруші едік. Сиырдың құйрығын бұрап бағушы ма едіңіздер? Біз де сөйтетінбіз.

Блог - qisyq: Әскер досым

«Жыл өткен сайын келісім-шарт бойынша қызметке тұрғысы келетін таныстарымның артып келе жатқанын байқаймын. Бір арманым, ойым шетелдегі әскери ұйымдармен әріптестік негізде жүретін тәжірибе алмасуға ілігу еді.»

Flashback. Географияны ұнатушы ма едіңіз? Елдос екеуміз қатты «оқушы» едік осы сабақты. Карталар сызып, диаграммалар белгілеуде өзім қызды-қыздымен дәптерді тауысып тастайтынмын.

«Келісім-шарт бойынша қызмет етсең, ойың өзгереді екен. Бір жыл ішінде бітіріп, қайтып кетуді емес, тиянақты жұмыс істеп, тәжірибе жинап, өсуді мақсат етесің. Бір сөзбен айтқанда, осы уақытқа дейін әскери өмір туралы қалыптасқан пікірдің басқа қыры бар екенін де көрсетеді».

Бала күнімді есіме салып, жақсы мағынада бетіме басатын досым Елдос Қабылбековтың келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы ойы осы екен. Бұйырса, жақын арада сол Қаракемердегі әскери бөлімшеге барып қайту ойымда жүр.

Керек дерек: заманауи технологиялар мен әскери техникаға иелік ететін мамандар керек. Осы мақсатта Қазақстан әскерге келісім-шарт бойынша қызмет ететін адамдарды барынша тартып жатыр. Жоспар бойынша 2016 жылы толықтай кәсіби әскерге өтуіміз керек екен. Мұны заман да талап етеді деседі.

Фотосуреттер сұхбат берушінің жеке мұрағатынан рұқсатпен алынды.
Әрі қарай

Қазақстан Халықтарының достығы күні құтты болсын!

Блог - kaztube: Қазақстан Халықтарының достығы күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар! Құрметті Kaztube.kz сайтының қолданушылары!
Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Көпұлтты еліміздегі ауызбіршілік арта берсін, ешқашан дау, араздасушылық болмасын! Бірлігіміз арқылы елімізді көркейте берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жүрегі «елім» деп соғатын отандастарымыз көбейе берсін!

Мейрам қарсаңызда жақсы жаңалықтар көп болары сөзсіз. Осы мейрам қарсаңында жас отбасылар баспаналы болды
, оқу орындарында мереке тойланып жатыр. Әлі талай шаттықтар болады, тойланады.
Мерекеге орай берілетін демалыс күндері үйде уақытты бос өткізбеуіңізге бірнеше ұсынысымыз бар. Ол үшін біздің сайтымыздағы кинолардың көріңіз, ән тыңдаңыз. Сізге отандық Қара шаңырақ, Әкем екеуміз, Менің күнәлі періштем, Мұстафа Шоқай, Күтпеген махаббат фильмдерін ұсынамыз. Елімізде түсіріліп жатқан кинолардан хабардар болыңыз, көріңіз, қолдаңыз!
Мейрам құтты болсын!
Әрі қарай

Сандық форматтағы құрылғыларды (фотоаппарат,телефон, т.с.с) пайдаланған уақыттан бері фото альбом сатып алдыңызба?

Қазір әр бір қадамымызды суретке түсіріп алып әлеуметтік желілерде бөлісіп отыру әдетімізге айналғанын бәріміз білеміз. Баяғының пленкалы фотоаппараттарыда көзден бұлбұл ұшып салонға барып сурет шығартуды ұмытқанымыз қашан. Мен қарап тұрсам белгілі бір құжатқа немесе оқудан сурет сұратқанда ғана фотосалонға барады екенмін. Ал, күнделікті немесе қыдырып жүргенде түскен суреттерді компьютерге одан кейін инстаграмға тыға беремін. Суреттерді жинайтын арнайы альбом сатып алмағанымада 4 жылдай болыпты. Үйдегі ескі альбомдардан әке-шешелеріміздің, ата — әжелеріміздің естелік суреттерін әр үйден көруге болады. Қалай ойлайсыздар бізден кейінгі ұрпақ әлеуметтік желілердегі ескі парақшаларымызды тауып алып бізді еске алып отыратын болар?..
Әрі қарай

Азия даму банкінің Қазақстанда атқарған істері туралы не білесіз?

2-5 мамыр аралығында Астана қаласында Азия даму банкінің басқару кеңесі өтеді. Бұл- жыл сайын банкке төраға болып табылатын елде өтетін АДБ ірі шарасы. Ағымдағы жылы банкке Қазақстан төрағалық етеді. Бұл не үшін қажет? Түсініп, талқылап көруге тырысайық.

АДБ Қазақстанға не үшін керек?

Алғашында АДБ ауыл шаруашылығы, білім беру, қаржы және т.б. секторларына көмек ету арқылы орталық жоспарлаудан нарықтық экономикаға өтуге қажетті қолдау көрсетті. Алайда, соңғы жылдары Қазақстандағы АДБ қызметі көлік жүйесі, шағын және орта бизнесті, білім беру бағдарламалары мен жеке секторларды қолдауды басты назарға алып отыр. Блог - nigmetovartur: Азия даму банкінің Қазақстанда атқарған істері туралы не білесіз?Орталық-Азиялық Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық Бағдарламасы (ОААЭЫ) шегіндегі аймақтық ынтымақтастықта АДБ Қазақстандағы қызметі негізгі роль атқаруда. 1994 жылы Қазақстан АДБ құрамына кірген уақыттан бері ауыл шаруашылық, білім беру, қаржы, көлік, сумен жабдықтауға және т.б. тәуелді және тәуелсіз несие түрінде 3,2 млрд АҚШ долларын алды. 2012 жылы Қазақстан АДБ 5,49 млн. АҚШ долларын беріп, Азия даму қорының доноры болу арқылы АДБ-мен қатынасын нығайтты.

АДБ ауыл шаруашылығын дамыту бойынша төрт жобаға 180,2 млн доллар бөлді. Білім беру саласындағы үш жобаға 65 млн., 40 млн.доллар көлеміндегі екі жоба — энергетика саласында, қаржы саласының алты жобасы қаржыландырылды. Көлік саласы мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына басқаларға қарағанда қаржы көптеу бөлінді. Бұл – 1788,3 млн долларды құрайды. Сонымен бірге, АДБ қаражатымен сумен жабдықтау жобасы жүзеге асырылды. Мұнан басқа, АДБ қаражатымен СМФ арналары бойынша ШОБ дамуын қолдаудың мемлекеттік секторын несиелендіру жалғасын табуда. Осылайша, ол қаржылық мекемелердің жойылуының өтімділігіне қолдауды қамтамасыз етіп отыр. Ұлттық валютадағы пайыздық мөлшерлемені тиянақтау арқылы несиелерді бекіту жолымен валюта бағамы мен пайыздық мөлшерлеме тәуекелдерін болдырмай отыр. Энергетика саласына келсек, бұл жерде АДБ әрекеті жылыту жүйелерін модернизациялау бойынша техникалық көмек көрсету энерготиімді, қауіпсіз, тұрақты және берік операцияларға бағытталған институционалдық әлеуетін дамыту жолымен энерготиімділікті арттыруға бағытталған. Білім беру саласындағы ынтымақтастық шегінде жоғары қызметтегі саясаткерлер арасында сындарлы диалогқа себепші болу және өзге қатысушы мемлекеттердің озық дүниежүзілік тәжірибелерін тарату, болашақ саясат пен даму стратегиясын жақсарту нұсқаларын білу мақсатында екі ірі зерттеу жүргізілді (білімге негізделген Қазақстанның өндірістік саясаты мен экономикасы).

ОААЭЫ-1 шегінде инвестициялық бағдарлама дайындалды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында Жамбыл облысындағы ұзындығы -375 км болатын Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық транзиттік кіреберіс жолын қайта жаңарту үшін 700 миллион доллар бөлінді. Бұл жобаның жүзеге асуы сыртқы сауда мен аймақтың экономикалық дамуының артуына жол ашады.

ОААЭЫ –2 қатысты Маңғыстау облысындағы көліктік кіреберісті дамытуға 800 миллион доллар бөлінді.
Жоба жүзеге асырылғаннан кейін 2016 жылы бұл күре жолмен жүру уақыты 3 есе азаятын болады яғни бұрынғыдай 12 сағаттың орнына тек қана 4 сағат жүру жоспарланып отыр.

АДБ басқару кеңесін неліктен Қазақстанда өткізу қажет?

Қазақстан үшін бұл — өзінің шетелдермен жоғары деңгейде ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға дайындығын көрсетудің негізгі мүмкіндігі. Жаңа инвесторларды тартудың осы және өзге де жаңа мүмкіндіктері туындайды. Себебі, отырысқа тек АДБ өзінің өкілдері емес, сонымен қатар, Toyota, Samsung, Microsoft, G.P., MORGAN секілді ірі компаниялар мен өзге де қаржы институтының өкілдері жиналады.Блог - nigmetovartur: Азия даму банкінің Қазақстанда атқарған істері туралы не білесіз?

Бұдан басқа, 2012-2016 жж. Қазақстанмен серіктестік стратегиясы шегінде Қазақстанда жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланатын болады: АДБ жеке секторларды дамыту, біліктілік деңгей әлеуетін жетілдіру, экономиканы әртараптандыру үшін қаржылық қолдау мен техникалық көмек көрсету мәселелері бойынша келіссөздерді жалғастыратын болады. Мемлекеттік секторларды несиелендіру таңдаулы түрде жүріп, жеке секторларды несиелендіру қолжетімділік мүмкін болмай отырған облыстарға ғана шоғырланады. 2014-2016 жж. Қазақстанның мемлекеттік секторына бөлінетін несие шамамен 1 млрд. долларды құрайды және ол коммуналдық қызметтер инфрақұрылымын модернизациялау мен ШОБ қаржыландыруға қол жетімділікті арттыруға бағытталатын болады.

Қазақстаннан басқа тағы қандай мәселелер талқыланатын болады?

Бүгінге отырысқа 67 мемлекеттен 3 мыңнан аса өкілінің қатысуы жоспарланып отыр. Отырыс аясында ірі халықаралық қаржы ұйымдары, шағын және орта бизнес жетекшілері мен мемлекеттік және ҮЕҰ жетекші мамандарының қатысуымен әртүрлі 25 шара, қайталамалы сессия, пікірталас, семинарлар өткізілетін болады. Сессияның негізгі тақырыбы: кедейшілікті жою, өзекті әлеуметтік мәселелер, сонымен бірге Еуразия мыңжылдығын дамыту мақсаты, Азия экономикасы, аймақтық дамудағы үйлесімсіздікті азайту.

Қашан және қалай қатысуға болады?

Басқару кеңесі 2-5 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін болады. Келесідей ілеспе шаралар өткізілуі қарастырылған: ұйымдастырушылармен онлайн-конференция, твиттер және шараның өзінен онлайн хабар тарату.
Жуырда Кеңес бағдарламасын нақты қарастырып, шараның жетекші спикерлері туралы айтатын боламыз.
Сұрақтарыңызды твиттер мен фейсбукте қойып, Кеңестің аккаунтына жазыла аласыздар.
Әрі қарай

Рәпшәннің тарақандары...

— Оп! Т! Байы-Мәйіт! — деді ғой, тарақан Миша ашуланып.
— Иә, не боп қалды? — деді ғой, тарақан Талғатыш таңданып, таңдайы кеуіп, таңғажайып түсінен шошып оянып.
— Өй, мына сөкілер жиналып қалыпты залға. Тыныштығымыздың шырқын шырқ қылатын болды ғой.

Тарақан Миша мен Талғатыш еден жалаған күйі залға жетті. Залда «он алты жастағылар» толып, бықсып отыр екен. Бір кезде қоңырау қағылайын деп еді, ондай зат жоқ қой. Есік те қағылған жоқ. Төртінші қабат қой. Есік те ашық. Бұрыннан ашық. Тағы бір екі-үш қыз кірді үйге. Кіре берген кезде бұл қыздар дәліздегі жыртық-мыртық әбөйларды көрген де шығар. Тарақандардың жилкомплексі бар төлетте. «Нәжіс карпарейшін» жыртық ақсионерлік ұйымының меншігіндегі зәулім үйлер ғой. Сол тарақандар ғылыммен айналысып жатыр. Дәліздегі әбөйларды да жыртып әкеткен солар ғой. Том-том кітаптар шығарып жатыр кәсіпкерлері.

Бұл — Рәпшәннің үйі ғой. Өзбешкі емес. Қазақтың қара сопақ баласы ғой. Алматыда бір көліжде оқып жатыр. Жексенбі күні Алматыға жол жүретін болғасын осы сенбіде кешкі уақытта мини-бешір жасап жатқан түрі ғой. Рәпшән өзі аты шыққан жігіттердің жартысы. «Пәдиез қайраткері» атағы да "құр бекер емес" емес. Қап-қара болса да, мықырдың қыздары келді ғой үйіне. Ағасы «Ауған» арғы бөлмеде жатқан шығар демалып, болмаса көшеде дала кезіп жүрген де шығар. Інісі Ринат пен тағы бір ойнап жүріп туып алудан дүниеге келген екі жүгермек бар. Есімдерін қой знает. Тәтесі Айнаның тірі екенін білмеймін. Әйтеуір, пәдиезде аты аталады да жүреді. Шешесі үйінде болған шығар бас-көз-құлақ-аяқ боп.

Не керек, көп созылып кетті ғой. Сонымен бешір болып жатыр. Бұл үй ғой, Алматыдағы Абылай хандағы кілті бар қаталары дейсің бе?! Рәпшәннің шешесінің көзінше… Олай бұл жолы болмайды ғой, ойбай! Алматыда болса үш сәрі. Жастардың бір(әз(і)ғандары) зінә жасайды ғой ауылдағы қазыққа байланған есектер секілді. Бұлар әншейін тамақты опырып отырып, осырып отырып, өтірік әңгімелерден жіберіп, түрсиіне жіберіп, сілекейлері ағып, соңында би билеп… Міне, осы би билеп жатқан тұста көхнәдан тарақан Миша мен Талғатыш «бірәттарын» жинап келеді ғой ше…

Кейбір бірәттарын Рәпшәннің бірәттары езіп жатты. Бірақ Миша мен Талғатыш өпітті, істәжді тарақандар ғой. Пінсиәда жүр дейді «Боқшылар» піртиәсінің қырттияшылары. — Қарындас, сізбен билеуге рұқсат па? — деп, жынтілмендік жасайды тарақан Миша өзінше. Енді орыстың тарақаны ғой. Үшінші қабатта мент Вадим тұрады ғой. Тарақан Миша кезінде сол жақта қірөшепкі үйлерде тұрды ғой. Жағдайы жақсарып, «Нәжістен» үй алды. Көлік мінді. Арнайы көлік қоятын орындары да бар үй жақтарында. Жә, ләп-ләп! Сөйтіп, Айкамен ба, Микамен ба, билей бастады. Тарақанның есінде жоқ. Бидегі қыздардың бәрі бірдей көрінді ғой. Бірдей болмай ше, саны жалтырап тұрса, иығы, көкірегі ашық болса, шашы жалбыраған болса, өлтіріп боянып, тірілтіп сыланып алған болса… деп кете береді, негізі. Бірдей боп көрінген.

Рәпшән барып «біздің үйдің тарақандарымен қалайша билеп жүрсіңдер» деп сұрағандай болды миы арқылы, кинодағыдай ше… Қыздар да мәз боп билей берді Миша мен Талғатыш тарақандармен. Кеш бітуге тақап қалған кезде екі тарақан қалған қалдық тамақтың бәрін үйлеріне әкетті. Сөйтсе, екеуі міссионер екен. Миша да мұрт бар, Талғатыш тағып алған екен. Қабырғаның бәрі боқ-боқ. Аяқтарының іздері ғой. Қыздар он-оннан қайтты. Бәсе, пәдиез пістес сасып тұр сыраға. Аюдың суреті салынған сыралардың қаушақтары жатыр сасып. Әй, қыздарға бәрібір екен болғаны да. Темекінің бішөктері де көп екен. Нас на қой ғой, лас! Қыздар тарақандармен сүйіскен бе, пәдиездің бәрі нәжіске айналды. По қой екен ғой «он алты жастағыларға». Лижбі билейтін жер, опыратын тамақ, осыратын кеңістік, аз(дап)ғ(р)ы(қт)нд(айтын) әдет пен әрекет болса болғаны, жетікілікті… Әй, Рәпшәннің тарақандары-ай!..
Әрі қарай

Ән атасы-Әміре

Әміре атам жайлы өмірбаян естеліктері. Әміре Қашаубаев (188-1934)-атақты әнші, актер әрі музыкант. Әміре бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, Ақбұлақ ауылынан сегіз шақырым жердегі Шәку тауының бөктерінде Қашаубайдың отбасында дүниеге келген Әншілік өнердің Әміре бойына қалыптасуына апасы Тойғанның әсері екекше болған. Қашаубай бала Әміренің домбыраға әуестігіне,әндеткен ыңылынан үміт күткен, алғаш батасын берген-белгілі ақын Жанақ болатын.ол Әмірені еркелете отырып «саусағың мен ерніңді табиғат домбыра тартып,ән салуға лайықтаған екен,»депті.Әміренің өнерге ыңғайына мән беріп, оны домбыра тартып,ән айтуға баулыған немере ағасы Серік Тергеубайұлы.Әміренің жастық шағы Дегелең таулары мен Матай жоталарының ішінде, Босаға өзенінің бойында өтеді.Әміренің әкесі 1900 жылы Семей қаласына көшіп келеді.Жас Әміре Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, еңбекке ерте араласады.Әміренің атақты Қоянды жәрмеңкесіне баруы, Мәди Бәпиұлы және Қали Байжановты көруі жас әншінің шығармашылық өнер үлкен бетбұрыс жасайды.Сонымен қатар 1924 жылы 25 қаңтарда Семей қаласында алғаш рет қазақ тілінде Абай Құнанбаевтың қайтыс болуының 10 жылдығына орай еске алу кеші өткізілді.Осы кеште әйгілі әнші Әміре Қашаубаев Абай әндерін шырқады.1925 жылы Парижге барған сапарында Алаш орда көсемдерінің бірі, Алаштың асыл азаматы Мұстафа Шоқаймен кезігіп,үйінде қонақта болған.Әміренің Еуропа үлгісіндегі костюмі сол Мұстафа Шоқайдың кигізгені екен.Сол сапарында Әміре Ахмет Байтұрсыновқа Мұстафадан сәлем хат әкеледі.Мұны сезген НКВД жендеттері Әмірені 9 жыл тергеуге алған.Ақыры Әміренің ажалына сол кездесу себеп болады.1934 жылы қарашаның алтысынан жетісіне қараған түні Әміре сол жендеттердің қолынан қаза табады.Атамыздың 120 жылдық мерейтойына байланысты,әкем екеуміз Әміре туған жеріне белгітас орнаттық.Блог - ZhasulanOmarov: Ән атасы-Әміре
Әрі қарай

"Түнгі студияны" дайындайтындар кімдер?

Блог - kaztube: Түнгі студияны дайындайтындар кімдер?

Нұрлан Қоянбаев үнемі сапалы дүниелерді ұсынады халыққа. Бағдарламалардың өте көңілді шығатыны өз алдына.
«Түнгі студия» бағдарламасына еліміздің ғана емес, шетелдік танымал жұлдыздардың бірнешеуң келді. Тіпті, қол жетпес арман болған жандар да осы бағдарламаның диванында сұхбат берді. Бұл — көрермендер үшін өте керемет сый.
Бала күнімізден әнін тыңдап өскен, ойнаған киноларын қарап өскен өзбек әртісі Шахзода келген күні Түнгі студияның сахна сыртына барған едік. Шахзоданың өзінен сұхбат алудың сәті түспеді. Бірақ, бұл бағдарламаны қандай адамдар дайындайтынын, бір ғана түсірілімнің қалай қызықты өтетінін көріп қайтқан едік. Түнгі студияны дайындайтын жандардың кім екенін білесіздер ме? Мына видеоны қарап шығуды ұсынамыз. Керемет дүниелерді жасайтын жандарды біз де бағалап жүргеніміз дұрыс.
Түнгі студия бағдарламасының түсірілімінде
Әрі қарай

Челсидің мүмкіндігі қандай?

Бүгін –ертең Чемпиондар лигасының ширек финалының қарымта матчтары өтеді. Қазіргі кезде «Реал» мен «Боруссиядан» басқа жұптардың барлығы қызық болайын деп тұр. Мадридтік команданың жартылай финалға шығатыны ешкімнің күмәні жоқ шығар. Көпшілік жұрт «Челсиден» ерлік күтеді. Әлемде ПСЖ-дан гөрі «ақсүйектердің» жанкүйерлері көп екені жасырын емес. Талай жауапты сәтте Жозе Моуринью командасын тығырықтан шығара алатын керемет тактик екенін көрсетіп жүр. Бүгінде сол қабілетін дәлелдей алама? Сол жағы көп адамға қызық болайын деп тұр.
Блог - Bek-enu: Челсидің мүмкіндігі қандай?
Бұл ойынға Париждік команданың басты жұлдызы Златан Ибрагимович қатыспайды. Әлемде 47 размерлі бутсы киетін жалғыз футболшының бір айға дейін алаңға шыға алмайтыны белгілі.Егер, ПСЖ жартылай финалға шығып жатса, Ибраның жоқтығы сөзсіз білінетін болады.Мұндай деңгейде лидер әр кезде керек.
Блог - Bek-enu: Челсидің мүмкіндігі қандай?
Ертең «Атлетико» өз алаңында «Барселонаны» қабылдайды. Алғашқы кездесуде Неймар керемет пас шығарып берген Андрес Иньеста өзінің футболдағы 500 кездесуіне шықпақшы. Бұл кездесуде, «Барселона» фаворит саналғанымен, «Атлетиконы» да ұмытпау керек.
Блог - Bek-enu: Челсидің мүмкіндігі қандай?
Әрі қарай