Ән атасы-Әміре
Әміре атам жайлы өмірбаян естеліктері. Әміре Қашаубаев (188-1934)-атақты әнші, актер әрі музыкант. Әміре бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, Ақбұлақ ауылынан сегіз шақырым жердегі Шәку тауының бөктерінде Қашаубайдың отбасында дүниеге келген Әншілік өнердің Әміре бойына қалыптасуына апасы Тойғанның әсері екекше болған. Қашаубай бала Әміренің домбыраға әуестігіне,әндеткен ыңылынан үміт күткен, алғаш батасын берген-белгілі ақын Жанақ болатын.ол Әмірені еркелете отырып «саусағың мен ерніңді табиғат домбыра тартып,ән салуға лайықтаған екен,»депті.Әміренің өнерге ыңғайына мән беріп, оны домбыра тартып,ән айтуға баулыған немере ағасы Серік Тергеубайұлы.Әміренің жастық шағы Дегелең таулары мен Матай жоталарының ішінде, Босаға өзенінің бойында өтеді.Әміренің әкесі 1900 жылы Семей қаласына көшіп келеді.Жас Әміре Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, еңбекке ерте араласады.Әміренің атақты Қоянды жәрмеңкесіне баруы, Мәди Бәпиұлы және Қали Байжановты көруі жас әншінің шығармашылық өнер үлкен бетбұрыс жасайды.Сонымен қатар 1924 жылы 25 қаңтарда Семей қаласында алғаш рет қазақ тілінде Абай Құнанбаевтың қайтыс болуының 10 жылдығына орай еске алу кеші өткізілді.Осы кеште әйгілі әнші Әміре Қашаубаев Абай әндерін шырқады.1925 жылы Парижге барған сапарында Алаш орда көсемдерінің бірі, Алаштың асыл азаматы Мұстафа Шоқаймен кезігіп,үйінде қонақта болған.Әміренің Еуропа үлгісіндегі костюмі сол Мұстафа Шоқайдың кигізгені екен.Сол сапарында Әміре Ахмет Байтұрсыновқа Мұстафадан сәлем хат әкеледі.Мұны сезген НКВД жендеттері Әмірені 9 жыл тергеуге алған.Ақыры Әміренің ажалына сол кездесу себеп болады.1934 жылы қарашаның алтысынан жетісіне қараған түні Әміре сол жендеттердің қолынан қаза табады.Атамыздың 120 жылдық мерейтойына байланысты,әкем екеуміз Әміре туған жеріне белгітас орнаттық.
1 пікір