Астанада аутизмге шалдыққан балаларға арналған жаңа орталық ашылады

Астана қаласында Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» Жекеменшік қайырымдылық қоры 16 қыркүйекте «Аутизм. Әлем барлығы үшін ортақ» бағдарламасы шеңберінде Астанада аутизмге шалдыққан балаларға арналған жаңа орталықты ашпақ.
Аталған көп атқарымдық орталық осындай қызметті ұсынатын елордадағы әзірше тұңғыш және жалғыз оңалту-коррекциялық мекеме болмақ. Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар 600-ға жуық бала жыл сайын осы бағдарламаға қатыса алады. Балалар мен олардың ата-аналары үшін кәсіби мамандардың көмегі тегін көрсетіледі.
Бұл осы желіге кіретін екінші орталық болып отыр. Алғашқы орталық осы жылдың шілдесінде Алматыда өз жұмысын бастаған. 2016 жылы тура осындай орталықтар Қызылорда және Өскеменде құрылмақ.
Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» Жекеменшік қайырымдылық қорының «Аутизм. Әлем барлығы үшін ортақ» бағдарламасы аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды қалыпты өмірге бейімдеп, оңалтуды және осындай балалар мен олардың отбасыларына қоғамның толыққанды мүшесіне айналуға мүмкіндік беруді көздейді.








1928 жылы Ф.И.Голощекин бастаған «Кіші Қазан» реформасының салдарынан Республикадағы мал басы саны 45 миллионнан 4,5 миллионға азайып кетті. «Асыра сілтеу болмасын! Аша тұяқ қалмасын!» ұранын бетке ұстаған шолақ белсенділер қазақ шаруаларының қолындағы малдың бәрін етке өткізген болатын. Оларды орталыққа тасымалдайтын көлік болмағандықтан, үйілген етті өртеп отырған. Бұл біріншіден адамдардың ашығуына алып келсе, екіншіден, мал басы санының азаюуына соқтырды. 1928-1932 жылдары Қазақстанда адам мен мал ресурстары адам сенгісіз дәрежеде азайып кеткен. Оның орнын толтыруға ұзақ жылдар қажет болды. Тек соғыстан кейінгі жылымық дәуірінде ғана республика бойынша мал шаруашылығында өсім байқалған болатын. Бірақ, ол ұзаққа бармады. 1954 жылы «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылды. Оны да шолақ белсенділер көтеріп әкетіп, мал шауашылығына пайдаланылып келген шабындық және жайылымдық жерлерді жыртып, егін салды. Көптеген агрономдардың қарсы болған пікірлері ескерілмеді. Нәтижесінде мал азығына қажетті жер ресурсының болмауынан бұл сала кенжелеп қалды.
Расында бұл бағдарлама дер кезінде қабылданған болатын. Сонау тың игеру басталған жылдары дүрмекке ілесіп, егін салумен айналысып кеткен совхоздар біртіндеп мал шаруашылығына қайта бет бұра бастады. Неге? Себебі агроном мырзалардың болжағаны келіп, бей-берекет жыртылған жерлер бір-екі жылдан соң түсім беруді қойды.
«Ел тілегі — елу миллион» ұраны шын мәнінде шопандар арасында бәскененің басты нысанына айналды. Жақсы нәтиже көрсетіп, төлді көп алғандары мақтау мен мадақтаудың астында қалған. Кейбір кісілерге «Социалистік еңбек ері» атақтары беріледі. Бұдан бөлек озат шопандар үнемі түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталып отыратын. Төл алуда жақсы нәтиже көрсеткені үшін менің атам екі рет мәшине алған.
Мал шаруашылығы қазақ халқының ежелден маманданған саласы болатын әрі жеріміз де қой өсіруге оңтайлы еді. Алайда жобаның жетпей жатып желкесі үзілді. Одақтың шаңырағы шайқалып, Горбочевтің басынан бақ таяған соң нұсқаумен жүріп үйренген софхоздар әрі қарай не істерін білмей дағдарысқа түсті. «Бармақ түгіл бас қайғы» болған тұса, оларға нұсқау беріп жөн сілтеген жан болмады. Совхоз мүлкін әркім өз ыңғайына қарай талан-таражыға салған. Пысықай шопандардың бір бөлігі малдың бәрін басып қалып, өз алдына жеке шаруашылық құрып алады. Ал енді бір бөлігі үкіметтің қаржыландыруынсыз қалған совхоз қажеттілігін өтеу (жанар-жағар май, техника бөлшектері, айлық) мақсатында арзан бағаға сатылымға қойылады. Бұдан аман қалғанын кезінде комсомолдық жолдамамен қойға қуылған жастар араққа айырбастап құртады. Сол малды өсіріп-өнідірген шопандардың кеудесінде салдыраған темір мен қолдарында жарамсыз алғыс хаттан өңге дым қалмаған. Бұған наразы болған қариялар біраз жерге шапқылап, малды аман алып қалуды сұрап басшылыққа жалбарынады. Бірақ, олардың сөзін елеп-ескерген жан болмаған. Айтар ақылын тыңдар құлақ таппай сабылған ақсақалдардың жайы күйі туралы "Қой мен гүл" әңгімесінен оқысаңыз болады. Біздің ауылдағы қариялардың да күйініші сол, миллионға жетеміз деп жиған малдың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетуі.

Сфера қабатының қасбетін салу кезінде күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын фотоэлектрлік бөлшектер құрастырылған. Жоғарғы бөлігінде екі желгенераторы орналасатын болады. Ғимараттың өзінде жел ағынын бағыттауға мүмкіндік беретін «желді ұстайтын» құрылғысы бар. Сфера ішінде Болашақ мұражайына қоса, еліміздің тарихы, онда мекендейтін ұлттардың тарихы туралы баяндайтын мұражай орналасады.
ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру кеңсесі («Компания АДС» ЖШС) –әкімшілік және кеңселік бөлме-жайлары бар алты қабатты ғимарат. IT-жүйе арқылы бүкіл көрмеге бақылау жүргізетін жедел басқару орталығы. Құрылыс 2014 жылдың шілдесінде басталды. Тапсырылу мерзімі – ағымдағы жылдың қазан айының соңында.
ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру кеңсесі ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық шеңберінде аяқталатынбірінші жоба болмақ. Ғимараттың айналасында тереңдігі 130 метрлік 85 геотермалды ұңғыманың 33-і неміс технологиясы бойынша бұрғыланып қойылған, бұл ұңғымалар 600 киловатт энергия беретін болады. Ұңғымалар жазда ғимараттың ішін салқындататын, ал қыста жылытатын өзінше бір кондиционер ретінде қызмет етпек. Қоршайтын құрылмалар ультракүлгін сәулелерді өткізбейтін көпатқарымдық арнайы шынылардан құрастырылған. Оларды қазақстандық жобалаушылар әзірлеген және ҚР аумағында өндіріледі. Осы күнге дейін жеткізілген 6,5 мың шаршы метрлік шынының барлығы монтаждалып қойылған. Бұл шынылар қыста суықты өткізбейтін, ал жазда қызбайтын бірегей қасиетке ие. Ғимарат шатырында тоғыз желгенераторы орналастырылады, олардың әрқайсысы бүкіл ғимаратты жарықпен қамтамасыз ететін 3 киловатт энергияны беретін болады. Осы жобаның бастапқы құны 10 млрд. теңгені құрап отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарында 495 инженер, әрлеуші және электрмонтаждаушы еңбек етуде. Олардың барлығы — Қазақстан азаматтары.
Иә, жүз рет құлақпен естігенше бір рет көзбен көргенге жете қоймас. Жалпы құрылыс қарқыны жаман емес. Қалашық толығымен 2016 жылдың соңына қарай салынып бітеді. Сәтті болғай!!!



















