Астанада жас ақындар мүшәйрасы өтеді
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. Бүгін сағат 18:00-де «Тілеп» қобыз сарайында Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді. Жалпы 50-ден астам үміткер байқауға қатысуға ниет білдіріп, өз шығармаларын жолдады. Қазылар алқасының іріктеуінен 10 ақын қорытынды кезеңге жолдама алды. Мүшәйраға Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Өскемен және т.б. қалалардан жас ақындар қатысты. Мүшәйра жеңімпаздары дипломдармен және арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады, ал үздік деп танылған осы 10 ақынның шығармалары арнайы жинаққа енгізіледі. Жыр додасына танымал ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері шақырылды. Жыр кешін ақын Қалқаман Сарин жүргізеді. Мүшәйра барысында марапаттау салтанатымен қатар, белгілі әншілер Клара Төленбаева, Ибрагим Ескендір т.б. өнер көрсетеді.
сілтеме

23 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қазақстан халқының тілдері фестивалі аясында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп, «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» атты акция өткізеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Акция сағат 10:00-де «Сапаржай-Астана» ғимаратында басталады. Акция аясында 23 қыркүйек Мемлекеттік тілде қызмет көрсету күні деп жарияланады. Қалалық мекемелерге акцияның арнайы белгісі бар футболкалар киген волонтерлар жіберіледі. Олар жұмыс барысын бақылап, қатысушыларғабелгілі бір сала бойынша сөздіктер таратады. Шара соңында Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда сағат 17.00 «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты мерекелік концерт өтеді. Мерекелік шарада Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров, Құрмаш Маханов, Бауыржан Исаев, Гүлнұр Оразымбетова, Жаңабай Өтегенов және т.б. өнерпаздар тамаша әндерін ұсынады.


Бүгін талантты жас дарын иелері бас қосқан Bala Turkvizyon байқауының жеңімпазы анықталады. Жартылай финалда көрермендердің дауыс беруімен қазылар алқасының ортақ шешімі арқылы 8 өнерпаз ақтық сынға жолдама алған болатын.


