Астанада жыл соңына дейін жылу бағасы қымбаттамайды

Астана жаңалықтары: Астанада жыл соңына дейін жылу бағасы қымбаттамайды

Бағаның ырыққа көнбей шарықтап бара жатқаны қарапайым халық үшін уайымға айналды. Десе де, осындай қиын-қыстау кезде азық-түлік пен коммуналды қызметтің бағасын қалыпты деңгейде ұстап тұруға Астана әкімдігі барын салуда. Бұл да бір көңілге медеу екені рас.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Астана қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу жəне бəсекелестікті қорғау департаментінің жетекшісі Марат Мустафиннің айтуына сүйенсек, Астанада жыл соңына дейін жылу бағасы қымбаттамайды…
"Қазіргі таңда «Астана-Энергия» АҚ тарифті қымбаттату мəселесін қарастырып жатқан жоқ. Өздеріңіз білесіздер, 2013 жылдың соңында «Астана-Энергия» компаниясы үш жылға арналған шекті тариф бекітіп, 2,3 млрд теңгенің инвестициялық бағдарламасын қолға алған болатын. 2014 жылы шекті тарифтер енгізілгенімен, 2015 жылы инфляцияға жол бермеу үшін қала əкімдігімен келісе отырып, тарифті ұстап тұрдық. Ал, 2016 жылдың тарифтері туралы мəселені əлі қарастырамыз", — дейді М.Мұстафин.
Бөлісу:

1 пікір