«Астана» баскетбол клубы жаңа маусымға дайын

Астана жаңалықтары: «Астана» баскетбол клубы жаңа маусымға дайын
«Ханшатыр» СОО-да «Астана» баскетбол клубы жаңа маусым алдында жаңа ойыншыларын таныстырды.

Салтанатты жиынға олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Юрий Мельниченко қатысты.

Биыл клуб құрамына қосылған Адам Кэмп, Кэнни Хэйс, Александр Жигулин, Алексей Жуканенко сынды ойыншыларына жанкүйерлер құрмет-қошемет көрсетті.

«Астана» БК бас директоры, олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко елордалықтардың қолдауына алғысын айтып, алдағы ойындарға жанкүйер болуға шақырды. Клубтың жаңа маусымдағы алғашқы ойыны 18 қазан күні «УНИКС» командасына қарсы өтеді.
Әрі қарай

Астана тұрғындарының назарына!

Астана жаңалықтары: Астана тұрғындарының назарына!
Астана қаласының әкімдігі жауапсыз құрылыс салушылармен пәтерлерді заңсыз сату фактілеріне жол бермеу мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтарын хабарландырады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылыс салушылармен баспананы сату үлескерлердің қаражаттарын тарту үшін тиісті лицензиясы немесе нақты бір объектіні салу үшін екінші деңгейлі банктерде ашылған 100 % кредиттік желісі бар болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Сонымен, құрылыс салушыда құрылысты бастау үшін мынадай растама құжаттары болуы тиіс:

1. Объекті орналасқан жер учаскесін иелену құқығын растайтын құжаттары (жеке меншік немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығына арналған акті);

2. Инженерлік желілері бар, әзірленген және сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы;

3. Әкімдіктің құрылыс жұмыстарын орындауға арналған қаулысы;

4. «Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ (МСҚҚБ) құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарламасы.

Рұқсат беру құжаттамалары туралы қажетті ақпаратты Астана қаласы әкімдігі сайтынан (пайдалы сілтемелер – www.astana.gov.kz) алуыңызға болады.

Бұзылымға жол берген құрылыс салушылар жөніндегі ақпарат қосымшада көрсетілген.

Сіздерден қырағы болуларыңызды сұраймыз!

Мәселелі мердігерлердің тізімі

astana.gov.kz/kk/modules/material/9232
Әрі қарай

Мүмкіндігі шектеулілерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: Мүмкіндігі шектеулілерге арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Мүмкіндігі шектеулілерді жұмысқа орналастыру айлығының шеңберінде 22 қазан күні Жұмыспен қамту орталығында кембағал жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

Бұл қайырымды шараға елорданың 20-ға жуық жұмыс беруші мекемелері қатысады. Олар мүгедектерге күзетші, есепші, полиграфия және тағы да басқа жұмыс орындарын ұсынбақ.

Жәрмеңкеде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» әлеуметтік бағдарламасы және басқа да салалық мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беріледі.

Ұйымдастырушылар астаналықтарды Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайында 22 қазан күні сағат 10.00-13.00 аралығында күтеді.
Әрі қарай

Қазақстан – Нидерланды: Дайындық кезінде жанкүйерлерге есік ашық болды

Астана жаңалықтары: Қазақстан – Нидерланды: Дайындық кезінде жанкүйерлерге  есік ашық болды

Бүгін «Астана Арена» стадионында Қазақстан және Нидерланды құрамасы матч алдындағы дайындығын өткізді. Одан бұрын құрамалардың бас бапкерлері баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
Әрі қарай

Қыздарға жасалған сыйлықтар: Қытайдың гүлі

Блог - ErnarSeytahmet: Қыздарға жасалған сыйлықтар: Қытайдың гүлі
Ол екеуміздің бала махаббатымыз бақытты поэмаға айналған жоқ, бітті ме, бітпеді ме, ол жағы өзімде қалсын. Дегенмен, бала махаббатыма жасағын бір қызықты сыйлық жайында айтайын. Жағдай 2008 -бе, жоқ әлде 2010 ба, сондай жылдардың бірінде болды. 8 наурыз қарсанында сөзге келісіп қалып едік. Енді не керек сыйлық жасау керек. Кітаптардан қыздардың гүлді жақсы көретіні жайлы оқып едім, ауылдағы дүкенге барып қызыл раушан гүлін алдым. 35 теңгеге шықты. Алдым да, дүкеншіге қалтырып кеттім, кейін алып кетемін деп. Мектептегі мереке аяқталған соң ел тарқады, кешкі дискотеканың темасын шешіп жігіттер жағы әлек. Арасында қызы бар мен ғана, әрі ішпейтін-шекпейтіндердің тізімінде жалғызбын. Мұғалімдер болса асханада кетті.
Қызымды қолынан алдым да, үйге бірге қайтып кетті. Жолда дүкеннің қасына тұрғызып қойдым; «Сен осында бол, ал мен қазір келемін». Гүлімді алып шыға бергенімде құдамның атпен келе жатқанын көріп, тұрып қалдым. "Қазір көріп қойса улкен әзілге айналады. Әзіл қыздың әкесіне жеткен соң менің бетімдегі көк түсті нүктелерге трансформацияланады" деген күдік бұл. Күттім. Көршім кетті. Жан-жаққа назар аудардым да, қолымдағы бір штук гүлімді қызға ұсындым. Ол мәз — өмірінде бірінші рет сүйгенінен гүлді алғаны. Мен де мәз — өмірімде гүлді алғаш сыйлағаным бұл. Сонымен қатар, «жанымның» жүзіндегі кереметтен өзімді дәу еркектей сезіндім. Кәдімгі романтика ғой: айнала аппақ қар басқан, екі қара киімдегі адамдар тұр және қызыл гүл…
Не керек, мен үйіме кеттім. Ол да қолына гүл ұстап, әрі «анам көрсе не деймін?!» деген қорқынышпен, сонда да болса, бақытты жүзімен үйіне кеттім. Бар пәлі сол анасынан басталды: әлгі гүлдің ортасында қыздың ішкі киімі бар екен. Анасы оған көрсетіп шегінен айрылды. Қыз бұны мен әдейі жасаған-ау деген ойға батты. Мен болсам қытайларды жек көре бастадым.
Не деген креатив деңіз — гүлдің ішіне қыздың іш киім тығындап тастау.
Содан кейін мен қыздарға гүл сыйлаған емеспін.
Әрі қарай

Астанада Қарттар күні аталып өтуде

Астана жаңалықтары: Астанада Қарттар күні аталып өтуде

Астанада Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлердің қатысуымен мерекелік шара өтті. Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда жүзге жуық денешынықтыру мен спорт сүйер қауымының қатысуымен «Ардагерлер салауатты өмір салты үшін» атты флешмоб өткізілді. Шара аясында елордалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер фитнес нұсқаушысының жетекшілігімен дене шынықтыру жаттығуларын жасады.

Астана қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл шара ешкімді бейжай қалдырмады.

Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сыздықовтың айтуынша, шаралардың барлығы қариялардың тұрмысы мен өмір-тіршілігіне көп көңіл бөлуге, қосымша жағдай мен қызмет көрсетуге бағытталған. А. Сыздықов, сонымен қатар, еліміздің барлық қарияларын осы айтулы күнімен құттықтап, бар жықсылықты тіледі.

Таңғы жаттығуға қатысқан барлық зейнеткерлер М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өткен концертті тамашалауға да мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 25 жыл бұрын бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1 қазан күні аталып өтеді.

Сондай-ақ, бүгін Ардагерлер ұйымының белсенділері ҰОС ардагерлерінің, зейнеткерлердің үйлерін аралады. Қарттар күніне орай «Алматы» ауданының әкімдігі ауданға қарасты Ардагерлер ұйымы және кәсіпкерлермен бірлесіп 150 зейнеткерге, соның ішінде ҰОС және тыл еңбеккерлеріне арнап қайырымдылық ас берді.

Бұдан бөлек, бұл күні шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да халықтық ойындардан шағын орталықтарда жарыстар өткізілді. Бүгін, сондай-ақ, «Жастар» сарайының киноконцерттік залында, сағат 19.00-де елорданың ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған мерекелік концерт өтеді.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада Қарағанды облысының жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Қарағанды облысының жәрмеңкесі өтеді
10-11 қазан күндері Астанада Қарағанды облысының азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Тауар өндірушілер жалпы сомасы 149,7 млн. теңгені құрайтын 850 тоннаға жуық өнім әкеледі. Бұл жолы ауылшаруашылық жәрмеңкесі «Хан шатыр» СОО алдындағы алаңда өтеді. Бұл туралы astana.gov.kz сайты хабарлады.

Астана қаласы Ауылшаруашылық басқармасының хабарлауынша, жәрмеңкеде ет өнімдері, балық және құс еті, шұжық, сүт өнімдері мен бал, сондай-ақ, жеміс пен көкөністің түр-түрі ұсынылады.

Қазақстан облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін апта сайынғы жәрмеңкелер Астана қаласы әкімдігімен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылады. Қала тұрғындары жәрмеңкеде тауар өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзанға сатып ала алады.

Еске салайық, Қазақстан өңірлері тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелерінен бөлек, Астана мен Ақмола өңірінің тауар өндірушілері де өз өнімдерін халыққа ұсынады. Жәрмеңке елорданың үш ауданында: «Алматы» ауданында — Абылай хан даңғылы мен Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда, «Есіл» ауданында — Сауран көшесіндегі «Халыққа қызмет көрсету орталығының» алдындағы алаңда және «Сарыарқа» ауданында — Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» СО ұйымдастырылады.

«Astana bike» 150-стансасын іске қосты

Астана жаңалықтары: «Astana bike» 150-стансасын іске қосты

Бұрнағы күні Ж.Тәшенов пен Таха Хусейн көшелерінің қиылысында «Astana bike» велосипедттерді жалға беру жобасының 150-стансасы салтанатты түрде ашылды.

Жамбыл Жабаев ескерткішінің маңынан орын тепкен бұл станса – биыл құрылған 110 велобекеттің соңғысы.
Жылдан жылға «Astana bike» жобасының ауқымы кеңейіп, велосипедтерді қолданушылар қатары да көбейіп келеді. Былтыр бар-жоғы 200 велосипедпен 40 стансаны орнатқан «Astana bike» ағымдағы жылы олардың санын үш есеге жуық арттырды.

– Өткен жылы құрған 40 велобекеттің санын бүгінде 150-ге жеткіздік. Жоба жұмысы алғаш басталғанда біздің велосипедтер елорданың тек сол жағалауындағы тұрғындарға қолжетімді болды. Ал, қазір велосипедтерді бүкіл астаналықтар теуіп жүр деп айта аламыз. Бұрын қос доңғалақты көлікті күніне 200 адам қолданса, қазіргі таңда күн сайынғы жалға алушылар саны – 1000-ға тарта. Мұндай өсіммен біз алдағы уақытта әлі қаншама велобекет орнатамыз, — деді «Astana bike» жобасының жетекшісі Сұлтанбек Сыздықов.

Астана Конвеншн бюросының директоры Санияр Айтекенов мұндай жобалар салауатты өмір салтын қалыптастыруға, көшедегі тығыз көлік қозғалысының жүгін жеңілдетуге септігін тигізетінін айтты.
Әрі қарай

Елорда емханаларында ашық есік күндері өтуде

Астана жаңалықтары: Елорда емханаларында ашық есік күндері өтуде

1 қазан бүкіл әлемде Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Астанада Қарттар күніне орай жыл сайын бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Осыған орай 20 қыркүйектен 1 қазан аралығында елорданың барлық емханаларында қарттарға арналған ашық есік күндері өтеді. Егде жастағы елорда тұрғындары толық медициналық тексерістен өтуге мүмкіндік алады. Ашық есік күндері күнделікті сағат 9:00-18:00 дейін өтеді.

№10 қалалық емханада 21-30 қыркүйек аралығында ашық есік күні ұйымдастырылады. №7 қалалық емхана 26 қыркүйекте келушілерді қабылдайды. 28 қыркүйекте «Демеу» және «Киров» отбасы дәрігерлік амбулаторияда қарттарға арналған ашық есік күндері өтеді. Ал, 29 қыркүйек күні №2, 3, 6, 8 қалалық емханаларының және «Ниет» отбасы денсаулық орталығының мамандарынан кеңес алуға болады.

№5 қалалық емханада және «Шапағат» отбасы денсаулық орталығында 30 қыркүйекте қабылдау сағаттары өтеді. 1 қазан күні №1, 4, 9 қалалық емханалары мен «Салауатты Астана» ЖШС және «Достық» отбасы денсаулық орталығында ашық есік күндері өтеді.

Шара аясында дәрігерлер жүрекке және өкпеге аускультация әдісін пайдаланады, артериалдық қысым, қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейін өлшейді.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 14-і қаулысы негізінде жыл сайын дәстүрлі түрде қазанның 1-інде аталып өтуде.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Жүрек жолдауы

Түсіремін ақ параққа ойымдағын,
Қиялыма қанат бітіп көкке самғап.
Жаза берем ешқашанда шаршамаймын,
Өлеңдерім кейбір жанға болса сабақ.

Құлақпен емес жүрекпен тыңда сөзімді,
Бәлкім сонда жылынар көңіл құрғақ.
Шарафат жолға бет алып ақыл-сана,
Харам ойға нық қадаммен салар салмақ.

Қарлығаштың қанатымен су құйғандай,
Сөндірейік жамандықтың қызыл отын.
Алла берген түзу жолдан адаспай,
Имансыз ойды тыяйық жамағатым.

Ақынсымақ емеспін асыр салған,
Бойға келер хәм ыстық шабыттымын.
Жұлдыз болу емес қой маған арман,
Ғибрат болса сөздерім бақыттымын.
Блог - Talgatzhan: Жүрек жолдауы
Әрі қарай