«Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені құрылысының бүгінгі бет алысы

Қазіргі таңда ЭКСПО-2017 нысандар құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Көрме аймағындағы барлық нысандардың жертөле қабаттарының іргетасын орналастыру бойынша жұмыстар аяқталып, жертөле қабатынан жоғары орналасқан салмақ түсетін металл құрылмаларын монтаждау жұмыстары да жоспарға сәйкес жұріп жатыр. Заводской көшесінің бойында (жоба аясындағы атауы) инженерлік желілерді орналастыру жұмыстары басталып, уақытша ғимараттар мен арнаулы техниканы жұмылдыру жұмыстары қатар атқарылуда. Блог - azoakpar: «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені құрылысының бүгінгі бет алысы
Бұл, Қазақстан павильоны – сфера («Сембол Иншаат» АҚ) – көрменің басты нысаны, әлемде теңдесі жоқ бірегей сәулеттік ғимарат. Сфераның диаметрі – 80 м, жерасты бөлігі бар 8 қабаттық ғимараттың жалпы ауданы — шамамен 26 мың шаршы метр. Толығымен тігізсіз иілген шыныдан жасалған сфера қабатының үстіне графикалық және бейнесуреттер түсіріліп, бұл көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбын толығырақ ашып көрсетуге мүмкіндік бермек. Блог - azoakpar: «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені құрылысының бүгінгі бет алысыСфера қабатының қасбетін салу кезінде күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын фотоэлектрлік бөлшектер құрастырылған. Жоғарғы бөлігінде екі желгенераторы орналасатын болады. Ғимараттың өзінде жел ағынын бағыттауға мүмкіндік беретін «желді ұстайтын» құрылғысы бар. Сфера ішінде Болашақ мұражайына қоса, еліміздің тарихы, онда мекендейтін ұлттардың тарихы туралы баяндайтын мұражай орналасады.
Қазіргі күні ғимараттың іргетасын көтеру бойынша жұмыстар аяқталып, салмақ түсетін металл құрылмаларды монтаждалуда, қажетті 12 мың т. құрылманың 1636-сы монтаждалып қойылған. Стилобаттық бөлігінде шамамен 5 мың шаршы метр ауданда «Қазақстан-Астана» павильоны орналасады. Бірінші қабатта нақты бір тақырыптарға арналған жолбағдары ұйымдастырылып, көрме қонақтары оны жүріп өте отырып, еліміздің даму тарихымен, көрікті жерлерімен, мәдени дәстүрлерімен етене танысатын болады. Жеделсаты арқылы ғимараттың үстіңгі бөлігіндегі шолып көру алаңына көтеріліп, онда бүкіл көрме аумағын көруге болады. Блог - azoakpar: «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені құрылысының бүгінгі бет алысыЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру кеңсесі («Компания АДС» ЖШС) –әкімшілік және кеңселік бөлме-жайлары бар алты қабатты ғимарат. IT-жүйе арқылы бүкіл көрмеге бақылау жүргізетін жедел басқару орталығы. Құрылыс 2014 жылдың шілдесінде басталды. Тапсырылу мерзімі – ағымдағы жылдың қазан айының соңында.
Блог - azoakpar: «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені құрылысының бүгінгі бет алысыЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру кеңсесі ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық шеңберінде аяқталатынбірінші жоба болмақ. Ғимараттың айналасында тереңдігі 130 метрлік 85 геотермалды ұңғыманың 33-і неміс технологиясы бойынша бұрғыланып қойылған, бұл ұңғымалар 600 киловатт энергия беретін болады. Ұңғымалар жазда ғимараттың ішін салқындататын, ал қыста жылытатын өзінше бір кондиционер ретінде қызмет етпек. Қоршайтын құрылмалар ультракүлгін сәулелерді өткізбейтін көпатқарымдық арнайы шынылардан құрастырылған. Оларды қазақстандық жобалаушылар әзірлеген және ҚР аумағында өндіріледі. Осы күнге дейін жеткізілген 6,5 мың шаршы метрлік шынының барлығы монтаждалып қойылған. Бұл шынылар қыста суықты өткізбейтін, ал жазда қызбайтын бірегей қасиетке ие. Ғимарат шатырында тоғыз желгенераторы орналастырылады, олардың әрқайсысы бүкіл ғимаратты жарықпен қамтамасыз ететін 3 киловатт энергияны беретін болады. Осы жобаның бастапқы құны 10 млрд. теңгені құрап отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарында 495 инженер, әрлеуші және электрмонтаждаушы еңбек етуде. Олардың барлығы — Қазақстан азаматтары. Блог - azoakpar: «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені құрылысының бүгінгі бет алысыИә, жүз рет құлақпен естігенше бір рет көзбен көргенге жете қоймас. Жалпы құрылыс қарқыны жаман емес. Қалашық толығымен 2016 жылдың соңына қарай салынып бітеді. Сәтті болғай!!!
Бөлісу:

1 пікір

Emilia
ЭКСПО-ның түсіп кеткен беделін көтеру іс-шаралары жылдам жүргізіліп жатқандай :)