Жаңа жылда ескі суреттер..

Өткен жылы «Бір кездері Бекжан» деген тақырыпта екі сурет іліп едім… сол кезде @Gulistan бір сурттер туралы сұраған еді… Сол сериядан қалған тағы біраз суреттерді іліп жіберейік…

Мынау әлгі «катамаранмен» журген сурет…

Әрі қарай

"Байқоңыр", немесе француз ғарышкеріне ғашық болған жігіттің хикаясы


8-желтоқсанда «Бойқоңыр» («Байконур», «BAIKONUR») атты Германия-Ресей-Қазақстан бірлескен жобасының еліміздегі тұсау кесері өтті. Жабық көрсетілімде фильмнің режиссері Файт Хельмер (Veit Helmer) (Германия), ко-продюсерлері: Гүлнар Сәрсенова (Қазақстан) мен Анна Качко (Ресей), сондай-ақ жобаға атсалысқан актерлер және түсіру тобы қатысты.

«Фильм бұған дейін Германияда көрсетілді. Жалпы нәтижесі жаман емес. Бүгін қазақстандық көрермендердің назарына ұсынбақпыз. Бұл жерде ко-продюсер Анна Качкоға рахмет айтқым келеді, оның арқасында аса құпия саналатын Байқоңырдың „Роскосмосқа“ қарасты аумағында түсірілім жүргізуге мүмкіндік алдық», — деді неміс режиссері алғысөзінде.
Әрі қарай

Таныс болыңыздар: manshukn

manshukn — Mәншүк Ахметова — 1990 жылы 3 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Сонда орта мектепті аяқтап, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 4-курс студенті.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Негізі, осы блогосфераға біз Асхат ағайдың ( urimtal) сабағының арқасында келгенбіз (осындағы көп қолданушылар да). Ал керекке наурыз айындағы блогкемпке тіркелу кезінде, осы dabai.kz-ға тіркелдім. Ол ақпан айы болатын. Пост жазу, пікір қалдыра бастаған уақыт маусым айында уордпресс ашылмай жүрген кезде басталды. Содан бері күнделікті кіретін болдым.
Әрі қарай

"Ликвидатор" әлемдік кинонарыққа шығады



Американың «Birch Tree Entertainment» дистрибьютерлік компаниясы Ақан Сатаевтың "Ликвидатор" фильмін АҚШ пен әлемнің басқа да елдеріне тарату құқығын сатып алды. Бұл жайында Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Әрі қарай

Бұл қазақша понт па?

Жаңа бір әзірде қаламыздан алпыс шақырымдай жердегі Алға қаласына келгенмін іссапармен.
Көшеде келе жатырғанымызда мына бір ит ерткен «внедорожник» кездесіп, машинаға қуып артына жақындауын өтініп суретке түсіріп алдым. Евро нөмірі бар «внедорожник» жүйткітіп бара жатыр көшеде :)
Әрі қарай

Суыр сасық, су қайда???

Ежелгііі заманда сиыр малы ерекше сұлу әрі жүйрік болыпты. Сонысын бұлдап, өзі және тәкаппар екен. «Менен ешкім оза алмайды» деп астамсып кетіпті. Барлық жануарлар бірігіп бір күні жылқыға келіп айтыпты «Осы сиырмен жарысып көрші, бәлкім озып, тәубасына түсірерсің» деп. Жылқы ойланып, ойланып келісімін береді. Мұны естіп сиыр «Піштуу» деп миығынан күліпті.
Әрі қарай

Yerbolat пен ШоХан - Астанам

Астаналық рэппер Шоқанның Ерболатпен бірлескен шығармасына клип. Жаңа байқап жатырмын. Фейсбукте Париждегі қазақ бауырымыз жариялаған екен, осында да бөлісуді дұрыс көрдім :) Астананы жақсы танытқан сияқты.

Өзіме ұнады, әйтеуір жаман емес.
Әрі қарай

Керек-Тарих. Атыраудағы пикник'2005

Өткен бір постта Админ мырза Атырауда бұрындары, дәлірек айтсақ 2005 жылы өткен бір пикникті еске салып, бірнеше фотолармен бөліскен болатын, бірақ толқулар болғаны рас
Енді мен де өз тарпымнан бір қызықпен бөлісейін, жақында дискі атаулыны ақтарып отырып, мына басқосуды тауып алдым, еріксіз жымидым.Бұл да пикник, Керектің Атыраудағы алғашқы пикнигі.
Дайындықты бастаған — Асылбек атты «ақсақалымыз», жақсы ұйымдастырып, бәріміздің басымызды қосып, бір жасап қалған ағамыз қазір жанұясымен Астанада, мында тығылып келіп жүрген де болар
Өткен уақыты: 2005 жыл, 9 мамырға дейінгі сенбі күні, сол күн сақинамды пикник кезінде жоғалтып алғаныммен де есте қалды
Орны: Атырау, Жайықтың Сарайшық тұсы, айнала су
Аршат айтқан ЕСЕК ойыны да, воллейбол да болды, тәтті палау да жедік, күлкіге де қарық болдық, балық та ауламақшы болдық, самаурынмен шай іштік, жалпы шынайы отырыс болды.
Әрі қарай

Ең,ең,ең...Әбіләкім

Ең ессіз әрекетім — жұмыстас біреудің өтінішімен Астанаға (2007ж.) 500 000 теңгені жұқа күртешемнің қалтасына салып апару. Бұл жеердегі ессіздік, сол ақшаны Астанадағы соттың ішіне кіріп (үш бидің ескерткіші тұрған сот қалай аталады?) бір судьяға беруім. «Не үшін бердім?», «басым пәлеге қалмай ма?» деген ойлар миыма кірмепті сол кезде, жұмыстан үш күнге босатқанға мәзбін.

Ең бірінші басқарған тойым- шамалы адам жиылған құдалық (туған күн, анау-мынауды есептемегенде).Қарағандыдағы бір мектептің асханасында болып еді.

Ең бірінші рет трактормен жалғыз сапарым- 3-ші класта оқитын кезім. Үлкендер оталдырып берді. 30 км шамасы жердегі екінші жайлаудағыларға бардым. Трактордың шөп шабатын косилкасы және бар.
Әрі қарай