"Ликвидатор" әлемдік кинонарыққа шығады
Американың «Birch Tree Entertainment» дистрибьютерлік компаниясы Ақан Сатаевтың "Ликвидатор" фильмін АҚШ пен әлемнің басқа да елдеріне тарату құқығын сатып алды. Бұл жайында Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Birch Tree Entertainment» әлемдік кинонарықта 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді және экшн жанрындағы жоғары сапалы фильмдерге бағытталады. Компания президенті Арт Бирзнек «Ликвидатор» жайында 2010 жылы өткен 63-ші Канн кинофестивалінің аясындағы кинонарық кезінде білген. Фильмнің бастапқы нұсқасын көргеннен кейін, дистрибьютор бұған қызығушылық танытып, "Қазақфильммен" әріптестік орнатуға ниет танытты.
Осы орайда, «Birch Tree Entertainment» президентімен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз:
— «Birch Tree Entertainment» АҚШ пен әлемнің басқа елдерінде «Ликвидаторды» қандай релиз түрімен таратпақ?
— Біздің компания «Ликвидаторды» АҚШ пен әлемнің басқа елдерінде DVD және «Видеоға тапсырыс» арқылы сатуды, және кейбір елдерде телеарналарда көрсетуді жоспарлап отыр. Әрине, соңғы шешімді халықаралық серіктестер айтады — өз елдерінде қандай релиз түрі тиімді екенін олар шешеді.
— «Ликвидатор» таралымынан не күтесіз?
— Фильмнің сатылымдарынан оң нәтижелер күтемін. Картинаның ағылшын тілінде түсірілмегеніне, сондай-ақ актерлердің көп бөлігі әлемдік кинонарықта белгілі болмауына байланысты бірқатар кедергілер бар. Мен «Ликвидаторды» Борн туралы саганың және «Сана ойындары» (A Beautiful Mind) фильмінің қоспасы дер едім. Бұл өзіндік ерекшелігі бар экшн-триллер.
— Американдық пен қазақстандық экшн-фильмдер арасында айырмашылық бар ма?
— Американдық пен қазақстандық экшн-фильмдер арасындағы басты айырмашылық — Қазақстанда оқиғалар мен мінез-құлықтарға, ал Америкада сапа мен экшн санына көп көңіл бөледі. Екі амал да өте маңызды. Тағы бір айырмашылық — американдық картиналар ағылшын тілінде түсіріледі, бұл халықаралық аудитория үшін қолайлы. Мен қазақстандық және американдық стилдерді біріктірген, құрамында халықаралық деңгейдегі актерлері бар ағылшын тілінде түсірген экшн-фильм халықаралық аудиторияда танымалдылыққа ие болып, жетістікке жетеді деп ойлаймын.
— «Ликвидаторда» ойнаған актерлер туралы не ойлайсыз?
— «Ликвидаторда» басты рөлдерді орындаған актерлер өздерінің бейнелерін алып шықты деп есептеймін. Олар өз рөлдерінде сенімді және шынайы көріне білді. Винни Джонс фильм үшін үлкен олжа болды деп ойлаймын, оны мылқау киллер ретінде түсіру өте орынды болды. Сонымен қатар Арсен рөлінде ойнаған Берік Айтжанов халықаралық деңгейдегі актер болуға әлеуеті жоғары — ол тартымды, харизмалы, және экшн-көріністерде өте шынайы. Ең бастысы ол ағылшын тілінде ойнай алса, онда бәрі жақсы болады.
— Өзге де қазақстандық фильмдерге дистрибуция құқығын сатып алуды қарастырасыз ба?
— Иә, бұндай мүмкіндікті ойластырып жатырмын. Мен «Ликвидатор» фильмінің сапасына, халықаралық аудитория үшін де қызығушылық тудыратындай қазақстандық экшн-фильм жасауға талпынған продюсердің, режиссердің, сценарийшінің және бүкіл түсіру тобының еңбегіне тәнті болдым. Әрине, сіздерде тек қазақстандық аудитория үшін ғана түсінікті болар фильмдер бар, бірақ егер жергілікті продюсерлер халықаралық кинонарыққа көп көңіл бөліп, шетелдік продюсерлермен әріптестік орната бастаса, онда қазақстандық экшн-фильмдер бүкіл әлемге танымал бола алады деп ойлаймын. Қазақстанның продюсерлері жергілікті көрермен үшін де, халықаралық көрермен үшін де түсінікті болатын фильмдер жасауы тиіс. Бұндай үлгі француз, орыс, қытай және тай экшн-фильмдерінде сәтті жүзеге асып жүр.
«Ликвидатордың» режиссері Ақан Сатаев та осы жаңалыққа қатысты өз ойын білдірді:
— Мен және бүкіл түсіру тобы үлкен қуаныштамыз. "Қазақфильм" мен «SATAIFILM» студияларының бірлескен өнімі — «Ликвидатордың» әлемдік кинонарыққа шығуы — шынымен біздің киноиндустрия үшін алға жасалған үлкен қадам. Бұл келесі жұмыстарымызға күш-қуат пен шабыт береді.
Аударған: Киностан.kz
П.С.: Ақан Сатаевтың сұқ саусағын шошайтып суретке түскеніне қарап, салафит пе деп қалдым.
Бізді ұруға перчаткі ала келді
Ойымды жазгым келiп жур едi :)
Фильмнің ресми қазақшасы жарияланған жоқ. Тура аудармасы «Адасқандар» қателеспесем.
Kilt sozindi bersen, senin atynnan pikir jauap ta jaza salamyn )))
читалсмотрел, но порицаю. бір эпизодтарын көргенмін, лестницада төбелесетін, пышақтасып. так вот,көзәйнегін сұқ саусағымен түзеп қойып«апашки» тобының клипіндегі бақыт Шадаеваның төбелескені төбелеске көбірек ұқсайды, анадан көрі