Суыр сасық, су қайда???
Ежелгііі заманда сиыр малы ерекше сұлу әрі жүйрік болыпты. Сонысын бұлдап, өзі және тәкаппар екен. «Менен ешкім оза алмайды» деп астамсып кетіпті. Барлық жануарлар бірігіп бір күні жылқыға келіп айтыпты «Осы сиырмен жарысып көрші, бәлкім озып, тәубасына түсірерсің» деп. Жылқы ойланып, ойланып келісімін береді. Мұны естіп сиыр «Піштуу» деп миығынан күліпті. Содан жарыс күні де белгіленеді. Әр жануарға бір-бір міндеттен белгіленеді: суыр жол ортасында жарысушыларға су беретін болып келісіледі.
«На старт, внимание, ммарш!» деп қалғанда сиыр мен жылқы жарыса жөнеледі. Сиыр ә дегеннен-ақ зуылдап алға түседі. Жылқыға жеткізер емес. Шауып келеді, шауып келеді… Сөйтіп орта жолда тұрған суырға да жетеді. Тым өркөкірек сиырекең танауы желп-желп етіп: «Суыр сасық, су қайда?» деп суырдың намысына тиеді. Ызаланып кеткен суыр «Сиыр, сасық су мұнда» деп, сиырдың алдына тұрып қалған сасық, лай суды алдына қоя қояды (сірә, алдын-ала дайындап қойса керек, комплексінсс...). Асығып тұрған сиыр мән берместен әлгі суды қағып салып, әрі қарай шаба жөнеледі. Біраздан соң жылқы жетіп «Суыр сұңқар, су қайда?» деп еркелете сөйлегенде, суыр оған қуана-қуана «Жылқы тұлпар, су мұнда» деп тап-таза, мөп-мөлдір «Тассайды» тоса қояды, комплиментінсс. Сіміріп салып жылқы да сиырдың соңынан кетеді.
Бұл кезде лас суды ішіп алған сиырдың іші ауырып, демігіп, шабысы баяулап қалған еді. Ал орасан күш жинаған жылқының шабысы одан сайын үдеп, ақыры сиырды басып озып, көмбеге бұрын жетіпті. Мұндай пазззорға шыдай алмаған сиыр уайымнан сымбаты кетіп, ажары солғындай бастапты. Кешке өрістен қайтып, күйіс қайырып жатып «пысс» деп күрсінетіні де осы өкініштен екен…

Бауырларым «жаңа» ертегі сұрағанда, есіме түскені осы болды:)) Оларға ұнады)
«любить невозможно уволить» дегендей, үтір қандай роль атқарып тұр әні.
«Суыр сасық су қайда»)
түнде айтып көрейін біздің баланың лексиконына келтіріп.
кей бір қыздарды «көлбеңдеп сиырға ұқсамай» деп айту себебі енді түсінікті болған секілді.