Yerbolat пен ШоХан - Астанам

Астаналық рэппер Шоқанның Ерболатпен бірлескен шығармасына клип. Жаңа байқап жатырмын. Фейсбукте Париждегі қазақ бауырымыз жариялаған екен, осында да бөлісуді дұрыс көрдім :) Астананы жақсы танытқан сияқты.

Өзіме ұнады, әйтеуір жаман емес.
Бөлісу:

40 пікір

e_zhalgas
рэп тыңдамаса да ұнады :)
asaubota
қазір ерінбегеннің бәрі Астана туралы ән жазып, клип түсіреді ғой. басқалармен салыстырғанда бұл мемтапсырыс сәтті шыққан.
omarbirat
Мемтапсырыс болуы мүмкін екенін ойланбаппын. Шоқан Астананы репте көп пиарлайды өзі.
asaubota
Астана туралы көп ән бар. мысалы ақтөбелік бір жұптың әнін немесе өте танымал, алматылық, менің әке-шешеммен жасты бір әншінің екі ұлымен бірге Астана туралы айтқан әндерін мен шын жүректен, Астанаға деген үлкееееен махаббаттан туған ән деп қабылдай алмаймын. қалалық әкімдік немесе мәдениет министрлігінің тапсырысы болуы мүмкін.
omarbirat
Мен де қабылдай алмас едім :)
Zhan
"Ұялмаған әнші болады" деген сөзге бұрын онша мән бермеуші ем. Бірақ мемтапсырыс па, жай тапсырыс па, не десе де клип жақсы шыққан, чем басқаларға қарағанда. Бұдан да құсық клиптер бар ғой әйтпесе
Marat
Біздің мемлекетте Президент пен Астананың пиарына бөлінетін қаражаттың (бюджеттен бөлінетін) көптігі сондай оны көрген журналистер де, киношылар да, ақын-сазгерлер де, әншілер де сырт айналып өте алмайды. Салық төлеушілер аман болсын.
Zilola
Шохан рэпті онша оқи алмайтын сияқты, әлде мәтін мен музыка үйлеспей тұр ма, біртүрлі.
omarbirat
Оның қасында Ерболаттың оқуы онша емес пе деп отырсам :) Қазақтарда Шоқан сияқты жылдам айтатын рэпші болмай тұр әзірге.
Zilola
сөздердегі екпін дұрыс қойылмайды ма, әйтеуір құлағыма жалпақ естіліп жатыр :)
omarbirat
Қарапайым сөздер қолданатындықтан ба екен… Бірінші куплетте Ерболат тез оқымақ болып жатыр, Шоқанға ұқсап :)
asaubota
иә, мүдірмей тез оқиды екен.
klipmeiker
репти жерге таптап тастады гой мына казактар.Шоканнан артык репер жок болса не гып жур Астанада.кетпей ме Бруклинга жарыска менин бауырларым сиякты
omarbirat
Астанада жүрген адам рэпші болмауы керек деген заң жоқ сияқты еді.
Пікір өшірілді
omarbirat
Өзіне айт оны. Міне, поштасы: shokanstan(at)mail.ru
Онымен араласып жүрген жүрген адам емеспін.
А так байқап сөйле, щегол.
Economist
Грамотно, түсінікті оқиды. Ұнады.
Nurgisa
Ұнады! Шоқанның да, Ерболаттың да желдірмесі жаман емес. Мін жоқ дер едім, тіпті. Мәшнәдә тыңдауға болатын сияқты бақыртып қойып :)
Erlan
балаға жырма, балабажыр ма бірнарсе
omarbirat
Кадрлар мен сөздері бір-бірімен сәйкесетіні ұнады. Камералары жақсы түсіреді екен.
Ташкентке шапқыламай-ақ осылай жақсы камерамен арзанға клип түсіруге болатынын осы рэпшілер үйрететін болды қазақ эстрадасындағыларға :)
direct
Мана бу бозорда иуқ рэп экан!!! Ящянг қозоқлар!!!
omarbirat
Эээ, Директ ука, қозоқча рэпнинг хаммаси яхши ку :)
direct
Хаммаси яхши деп алламбалъо қушиқларни хам айтганингиз ярамайди окъА)
omarbirat
Узбекчам тугади. Өтірік болса да жымия салайыншы :)
Adiletshu
клипі енді шыққан ба. Мен бұл әнді 3-4 айдан бері тыңдап жүрмін. Маған ұнады. Мәшинеде де жақсы шығады
omarbirat
Шоқанның өзі клипті 27 қазан күні шығарыпты Ютюбке. Соған қарағанда, солай сияқты. Видео соның каналынан алынды.
Dinara
Ұнады. Клип басталып жатқанда бірақ рэп айтатын жігітке ұқсатамадым Шоқанды :)
omarbirat
Қазір рэпшілер сондай. Өзінен екі есе үлкен шалбар, хоккейшілердің немесе баскетболшылардың жейдесін киіп, ит байлайтын шынжырдан да жуан сепішкі тағып, саусақтарды шошаңдатып музыкалық сүйемелдеумен тақпақ айту тарихта қалды :)
Dinara
Иә, иә сондай болды қазір, бұл жақсы әрине ;)
urimtal
Әншідердің орындауы, түсіруі, Аршат айтпақшы мем.тапсырыс сәтті шыққан.

Бірақ бұл өлеңінің және Астана туралы осы сипаттағы өзге де әндердің жұртқа жеткізіп отырған жалғыз ойы — Астанамен мақтану керек!

Астана туралы осы бір ойды қайталай берген соң одан да шаршайсың. Бүгінгі әншілер мен әртістерді басқа да идеологиялық жұмыстарды насихаттауға жұмылдырса дейсің. Бәрібір біздің әншілердің азаматтық позициясы жоқ. Мем.тапсырыс орындайды. Сайлау кезінде дауыс беруге шақыратын клиптері бар еді ғой. Сосын қазақ журналистері жақсы білетін болар. Бізде жеке өзінің азаматтық пікірін білдіре алатын әншілер саусақпен санарлық қана. Ал entertainment culture оларды үлгі етіп көрсетіп жатыр.

Әйтпесе, Жаңа Өзендегі жағдайды білмей отыр емес біліп отыр. Ресейде Алла Пугачеваның азаматтық ұстанымын көріп өткенде риза болдым. Стингке де құрметпен қараймын.

Менің түсінігімде рэп айтушылар сәл де болса қоғамдағы шындықты жырлаушы еді. Маған олар сонымен ұнайтын. Әрі шындықты айту дегенім зар илеп, ойбайлау емес, өздерінің қабылдап отырған дүниетанымы тұрғысынан шырқау. Ал мына әнде жаңа бір ойды көре алмадым. Бұрынғы ән. Тек бояуы ғана сәл ашық!
asaubota
толық қосылғаннан басқа лажым жоқ. айтқым келген нәрселерді сен әдемі жеткізіпсің.
klipmeiker
Депутат:-мы стали жить лучше
klipmeiker
депутат:
-мы стали жить лучше
народ:
-мы за вас рады

деген сиякты гой, жасай бер Астана, калган калалар аштан ооле берейк
Daniar-Alan
сен битсей Астанаға көшп кеси. аштан өлмисың сонда мен де сөйткем
konvict
Рэпте жасандылық бар секілді. Сосын Ерболат Шоқанға қарағанда жақсы оқи ма деп қалдым. (ИМХО.

Типі Эминемнің бір клипі бар еді ғой, кішкентай балдардың даусын қосатын, соған ұқсаған секілді
zhannin-sayasi
Мен өз басым Ерболатты сыйлаймын! Видеоңызға рахмет! Осындай қызықты дүниелерге не жетсін)Шохан мен Ерболат жақсы жарасып қалыпты бір — біріне! Маған ұнады!!! Өзім Алматылық болсам да, неге екенін қайдам Астанаға ғашықпын, сонда тұрғым келеді(((
Daniar-Alan
керекте астанада туратын бойдактар баршылык…
Daniar-Alan
в обшым клип онша емес. негізі Ерболаттың клиптері тамаша болатын еді… мынауу…
1) Пантыды керек жерінде емес, керек емес жерінде қолданған. Подьездке кіріп келе жатып 5-6 адам күтіп алад т.б. оның орнына кішкене балдарды біркелкі киіндіру керек пеедд… ал шохан көшеде жүрген адам сияқты. олпы-солпы. ерболаттың өз-өзіне қарауы, ұстауы, киінуі ұнайды. шоқанда сол жалбыраған шаш, кожаннай куртка… ал өлеңнің өзі вроде ниче. мәтін қуып кеткен сәл. бірақ рэпте менің ойымша ондайсыз болмайды. рифманың такт в такт түсуі жақсы шыққан (оны Ерболат қатырад енд). ал астананы көрсету жағы кемшін секілді. бірақ мүмкін құсық боп кеткен зданияларды қайта-қайта көрсете береміз бе деп те ойлаған шығар…
zhannin-sayasi
Мәссаған, өлтірдіңіз ғой) Сөзіңіздің жаны бар!