Таныс болыңыздар: manshukn
manshukn — Mәншүк Ахметова — 1990 жылы 3 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Сонда орта мектепті аяқтап, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің 4-курс студенті.
— КерекИнфоға қалай келдің?
— Негізі, осы блогосфераға біз Асхат ағайдың ( urimtal) сабағының арқасында келгенбіз (осындағы көп қолданушылар да). Ал керекке наурыз айындағы блогкемпке тіркелу кезінде, осы dabai.kz-ға тіркелдім. Ол ақпан айы болатын. Пост жазу, пікір қалдыра бастаған уақыт маусым айында уордпресс ашылмай жүрген кезде басталды. Содан бері күнделікті кіретін болдым.
— Күніне неше рет кіресің?
— Есептемеппін. Негізі, ноут қосылғанда, міндетті түрде бір қараймын. Сабақ кезінде, автобустаіш пысқанда соткадан қызықты жазбаларды оқып жүремін.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Осы эстафеталар, қолөнер, аспаздық жайлы тақырыптағы жазбалар, бір сұрақ айдары да ұнайды. Ал былай, жаңа жазылған жазбаларды бір қарап шығамын.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Жазбаларды оқып отырғанда, барлық пікірлерді оқып шығуға тырысамын. Ал көбінде Сатыбалдының, Патиктың, Нұрғисаның, Бальзаминканың, АКУдың пікірлері ұнайды.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Универдегі достарым, группаластарым оқиды. Ал туыстарымнан ешкім оқымайды.
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Меніңше барлығы жақсы, өзіме ұнайды. Бірақ, маған бастапқыдағы дизайны (жасыл түсті) ұнайтын. Соны қалдыратын едім.

1) Мәншүк, есіміңді кім қойды, азан шақырып ат қою табан астында бола салды ма, әлде әулеттеріңде біреу арнайы сайлап қойған ба еді?
2) "Қазақтың қызы" сенің ойыңша бірінші кезекте қай қасиеттерден ада болмауы керек?
3) Нейролингвистика туралы не білесің?
2."Қазақтың қызы" қарапайымдылығын жоғалтпау керек меніңше.
3.Хабарым жоқ екен.
1. Бітіргеннен соң қай салада журналист болғың келеді?
2. Отбасында қагша баласыңдар? Сен үлкенісің ба?
3. Журналистикаға қалай келдің?
2.Екі баламыз, үйдің үлкенімін. Менен кейін інім бар.
3. Мектеп кезден газет беттеріне мақалаларым шығып тұрды және «Айгөлек» балалар фестиваліне келуім де осы салаға қызығушылығымды арттырды.
2. Шашына күтім жасайсынба?
3. Шашынды қиғын келема?
2. Қазір күтім жасап жүрмін бальзамдар пайдаланып, алдында ұшталып кеткен болатын.
3. Ұшталғанда қиып тұрамын, ал былай қиғым келмейді.
Керекке келгендегі ең алғаш оқыған пост пен пікір есіңде ме? Болмаса, қанша уақыт өтсе де, ұмытылмастай әсер қалдырған пост, пікір жайлы жазып кетсең
Журналистікті диктор, телезвезда(!) боламын деген арманмен таңдадың ба?
Қай кафедрада оқисың?
Жатақта жыр кештері өтіп тұра ма баяғыдай?
Кәкен Қамзин — ұлы ұстаз!
Гүлшат — қатан комендант!
Негізі журналистика тарихы кафедрасы, қазір журналистика тарихын, мерзімді баспасөз, телерадио кафедрасын қосып жіберген.
Ия, Кәкен Қамзин өте білімді ұстаз.
Ал, Гүлшат апай сол қатаңдығынан өзгермеген.
К.Қамзин диплом жетекшім болып еді. Басқа қырларын жылы жауып қойғанда, кәсібіне, кәсібінде адал, таза адам жоқ шығар ол кісідей
Біздің кезде де ән айтылатын домбыра, гитарамен, не өлең оқылып, қызу пікірталастар жүріп жататын. Қалам иелерімен кездесу, мерекелік концерттер, дискотека да сол бел ортаңғы қабаттың фоейсінде өтіп жататын … кездер-ааай…
Бір сұрақ: ең бірінші мақсатың не?
Мейірбек потенциалды күйеубала.
физлицо шығар
жерлесім! Қуаныштымын, биыл соңғы курс екен, универді жақсы аяқтауға тілектеспін. Менің сұрағым:1. Ең сүйікті кітабың қандай?
2. Ер жігіттің бойынан қандай қасиетті бағалайсың?
3. Ең ерекше сыйлық алған кезің?
4. Қандай шетел тілдерін білесің?
2. Адалдық пен адамгершілік, сыйластық
3. Мектепте бастауыш сыныпта оқыған кезде мерекелерде жұмсақ ойыншықтар беретін. Маған қазір солар ерекше сыйлықтар.
4. Ағылшынды енді үйреніп жүрмін