Астанада тұңғыш рет «Ассамблея аруы - 2017» байқауы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада тұңғыш рет «Ассамблея аруы - 2017» байқауы өтеді

23 маусым күні сағат 19:00-де Астанада тұңғыш рет этномәдени бірлестік өкілдерінің арасында «Ассамблея аруы — 2017» байқауы өтеді. Шырайлы шара қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылуда.

Байқауға ҚР Парламенті мен Астана қаласының депутаттары, мемлекеттік органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық қалыптастыру, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысады деп күтілуде.

Байқаудың мақсаты – жастарды заманауи эстетикалық және өнегелі құндылықтарға баулу, түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерімен таныстыру, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру.

Шара бағдарламасы бойынша қатысушылар өздерін таныстырады, ұлттық киімдер мен кешкі сәнді көйлектер шеруі ұйымдастырылады, үміткерлер шығармашылық қырларын көрсетіп, жеке стильдерін ұсынады әрі сұхбат жүргізіледі.

Байқау мына мекен-жай бойынша: Шұбар ш.а., Космонавтов к., 60, конференция залы Komfort Hotel мейманханасы. Барлық келем деушілерге есік ашық.
Әрі қарай

Астанада Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласы талқыланды

Астана жаңалықтары: Астанада Елбасының Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласы талқыланды

2017 жылдың 21 маусымында Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Ұлы даланың рухани мұрасы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Іс – шараның ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты және ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының Кітапханасы ұйымдастырды.

Конференцияға Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өбекстан елдерінің танымал тарихшы — ғалымдары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Мемлекет тарихы институтының ғалымдары, жоғары оқу орындарының ғылым қызметкерлері қатысты.

— Бүгінгі іс-шара Елбасымыздың озық идеялары және бастамаларын іске асыратын Назарбаев орталығында өтіп жатқанына өте қуаныштымын. Біз үлкен өзгерістер заманы, еліміздің тарихы бетбұрыс кезеңінде өмір сүрудеміз. Бүгін Қазақстан мемлекет пен қоғамның жұмыс істеу негіздерін жаңғыртуға бағытталған реформаларды жүзеге асыруда. Экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларда ауқымды қайта құрылымдау жүріп жатыр. Өзекті экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жаңа идеялар мен тәсілдер ұсынылуда. Президент жүктеген жаңғырту тақырыбы бойынша жаңа міндеттерді ең алдымен ғылыми тұрғыдан түсіну қажет. Конференция барысында күн тәртібіне қойылған өзекті мәселелер талқыланды, — дейді ҚР Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.

Конференция Пленарлық мәжілістен және «Тарихи контекстідегі Қазақстанның жаңғыру әлеуеті» және «Қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту аясындағы тарихи сана» атты екі секциядан тұрды.

Кездесу барысында Қазақстандағы тарих ғылымының міндеттері, ұлттық код және оның қоғамдық сананы жаңғыртудағы маңызы, қазіргі гуманитарлық ғылымдағы өлкетанудың рөлі мәселелері талқыланды.
Әрі қарай

Қажығұмар Воркута. "Коррупция".

— Әдеби-хуйдеби элементтерін өздерің жазып алыңдар, біләдтар — деп әкеп тастаған шығарма. Піспеген әңгіменің тезисі.

Мүтәліп осы жолы прав екеніне екі жүз процент сенімді болды. Біріншіден, оқиғаны көрген адам — дохуя. Екіншіден, оқиғаны түсірген камера дохуя. Үшіншіден — машина видеорегистраторларынан шыққан, оқиғаны қырық түрлі ракурстан түсірген жүздеген видео интернетті өріп кеткен болатын. Сосын ба, әкімшілік сотқа алшаң басып, керіліп келді.
— Сонымен, кінәңді мойындайсың ба, екі жүз мың айыппұлмен құтыла сал — деді судья салған жерден.
— Кет-ей білә! Кез келген куәдан сұраңдар шешесс! — деді Мүтәліп.
— Олар да сені неправ деп отыр.
— А білә, не??? Онда видеолар ше ал?
— Видеоның сараптамасы да сені неправ дейді?
— Дауылбайсыңдар ма, біләдтар? Сендер не, келісіп алғансыңдар ма?
— Иә — деді судья.
— Иә — деді прокуратура өкілі.
— Иә — деді куәлер.
— Иә — деді қарсы тарап.
— Иә — деді күзетші.
Енді қотағымды да істей алмайтынын түсінген Мүтәліп үкіммен келісіп, үйіне тістенген күйі зытты.


© Satibaldi Kerbabaev
Әрі қарай

Халық даналығы. Қазақы анекдот

Баяғыда бір бай барымташыларын жорыққа аттандырыпты. Жорық сəтсіз болып, қарсы жақ қолға түскен ұрылардың киімдеріне дейін сыпырып алып, ауылдарына айдап жібереді. Тыржалаңаш қалған бейшаралар əбүйірлерін қолдарымен жасырып, ауылдарына беттепті.
Мына жақта олжа күткен, болған жайдан хабарсыз бай шыдамай құмалақшыға бармай ма. Құмалақшы құмалақты шашып жіберіп:
— Құмалақ алжасуды білген емес,
Бет алып елге қарай жүрген елес.
Қолдарына келеді бірдеңе ұстап,
Əйтеуір жігіттерің құр қол емес, — деген екен.
(Ұмытпасам Ш.Сариевтың кітабынан оқығам, онда толық өлеңмен жазылған) АА

.
Әрі қарай

Жетісу өңірінде 120 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жинақтау депозиті ашылды

Алматы облысы: Жетісу өңірінде 120 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жинақтау депозиті ашылды
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – жоғары оқу орнынан депозиттік жүйе бойынша білім алуға және халыққа қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы еліміздің әрбір азаматы Қазақстанда немесе шетелде оқуы үшін ақша жинақтауға мүмкіндік алады. Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қаржы орталығының» менеджері Алпамыс Сатыбалдин баяндады.
«Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) өз қызметін бастады. Жүйенің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады. Бүгінгі таңда 15 мыңға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды. Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% шамасында сыйлықақы есептеледі», — деді Алпамыс Сатыбалдин.
Астаналық «Қаржы орталығының» Жетісу жеріне бірнеше мақсаттармен келгені айтылды. Олар: Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығының» арасындағы мемарандумға қол қою және «Айналайын» балалар үйінің 7 тәрбиеленушілеріне білім беру жинақтау салымын ашу.
«Қазіргі таңда балалар үйінде 131 бала тәрбиеленуде. Соның ішінде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша 120 тәрбиеленушіге жинақтау депозиті ашылған. Басқа аудан балаларына да оқу депозиттері қарастырылған. Бұл баланың мектеп бітірген соң кедергісіз қалаған оқу орнына түсуіне көмекші», — деді «Айналайын» балалар үйінің директоры Сейсенбаева Жадыра.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

ЖЕТІСУ БИШІЛЕРІ ИСПАНИЯНЫ ТӘНТТІ ЕТТІ

Алматы облысы: ЖЕТІСУ БИШІЛЕРІ ИСПАНИЯНЫ ТӘНТТІ ЕТТІ
Талдықорғандық «Солнышко» хореографиялық ансамблі Испанияның Ллорет де Маре қаласында ұйымдастырылған «SUMMER TALENT LEAGUE -2017» халықаралық фестиваліне қатысып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының директоры Есболова Ляззат баяндады.
«SUMMER TALENT LEAGUE -2017» халықаралық фестивалі — түрлі жанрларда өнер көрсететін шынайы жас таланттардың мекені. Фестивалге 10 нан аса мемлекет қатысып, ең үздігі Грузия еліне шақырту алды. Аталмыш фестиваль қаланың басты алаңында өткені айтылды.
«Халықаралық фестивалге ұжымымыздан 12 оқушы мен 3 мұғалім барып қайттық. Бізді Испания елінің ресми өкілдері өте жақсы қарсы алды. Бұл ел өзінің тамаша табиғаты мен таңғажайып ғимараттарымен таңқалдырды. Конкурстың бірінші күнің қазақ биімен аштық. Ұлттық киімімізге қызыққандар саны көп болғандықтан, қыздарымыз ел назарында жүрді. Екінші күні хорезм биі биленді. Ол да өзінің ерекше би қойылымдарымен ерекшеленді. Қатысушылар келесі күні Барселона қаласына экскурсиялық сапармен барды. Сонымен қатар интеллектуалды ойындар мен ойын-сауық бағдарламаларына қатысып қайтты», — деді «Солнышко» ансамблінің жетекшісі Татьяна Матвеевна.
Баспасөз конференциясына қатысушылар өзіңдік тарихы бар «Солнышко» ұжымына тек сәттілік тілесті.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

«Еңселі елім, байтағым» атты Астана жастары рухани байқауының ережесі

Астана жаңалықтары: «Еңселі елім, байтағым» атты Астана жастары рухани байқауының ережесі

Елорда әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы Астана күні қарсаңында «Еңселі елім, байтағым» атты Астана жастарының рухани байқауын өткізеді. Байқауға 16-30 жас аралығындағы азаматтар, шығармашылық топтар қатыса алады. Байқауға ұсынылған материалдарды арнайы құрылған қазылар алқасы қарап, жеңімпазды анықтайды. Қазылар шешімі қайта қарауға және шағымдануға жатпайды.
Байқау номинациялары:
1. «Үздік поэзия»;
2. «Үздік блог-пост»;
3. «Үздік дизайнерлік жұмыс» (сәулет, сурет, композиция);
4. «Үздік қолөнер бұйымдары» (әшекей бұйымдар, кәдесыйлар);
5. «Үздік интернет канал» (арнайы түсірілген бейне материалдар);
6. «Үздік мақала».

Жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:

1. Үздік поэзия
Поэзиялық туынды бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек. Елорданың, туған жердің көрікті де көрнекті орындарын арқау етуі тиіс және Астананың гүлденуін халқымыздың рухани жаңғыруымен байланыстыра білуі талап етіледі. Поэзиялық туынды қандай жанрда болсын қабылданады, көлеміне шектеу жоқ.

2. Үздік блог-пост
Қатысушының әлеуметтік желілердегі белсенділігінің жоғары екендігі ескеріледі. Комиссияға тапсырылатын материал әлеуметтік желі парақшасынан скриншотқа түсіріліп жолданады. Ұсынылған жұмыста Астананың рухани-мәдени орындары, тәрбие-білім ордалары, әлеуметтік-спорттық нысандар және олардың жастарды патриоттық тәрбиелеудегі маңыздылығына мән берілуі тиіс. Қатысушы ақпаратты байытып беру, алған әсерімен бөлісу арқылы оқырманды қызықтыра білуі қажет. Жарияланған пост әлеуметтік желіде like, repost (лайк, репост) санымен бағаланады.

3. Үздік дизайнерлік жұмыс (сәулет, композиция)
Негізгі талап – Астананың көрнекті орындарының үздік безендірілуі, қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше баурайтын, оларға жайлылық сыйлайтын идея болуы керек. Идеяны макет түрінде, арнайы бағдарламалар арқылы дайындалған сызбалар арқылы жолдауға болады.

4. Үздік қолөнер бұйымдары (әшекей бұйымдар, кәдесыйлар)
Байқауға ұлттық өрнек, халықтық қолтаңба, адамзаттық құндылықтарды паш ететін қолөнер бұйымдары мен туристерге Астананың қонақжай атмосферасын бере алатын кәдесый жұмыстары қабылданады.

5. Үздік интернет канал (арнайы түсірілген бейне материалдар)
Қазіргі технология мүмкіндігін пайдалана отырып, Астананың оң имиджін қалыптастыру, жастарды тарихи орындарға қызықтыру, елорданың спорттық-мәдени өміріне белсенді тарту мақсатында жұмыс жасайтын интернет канал болуы тиіс және каналға жазылушылардың саны, көрсетілімі (просмотр) ерекше ескеріледі.

6. Үздік мақала
Мақала Астана қаласының тарихы, дамуы, инвестициялық тартымдылығы, ұлттық идеологияның бастауында тұрған шаһар ретіндегі орны жайлы болуы керек. Мерзімді басылымда жарияланған материал (мақала) көшірмесі талап етіледі.

Аталған байқауға ұсынылатын материалдар 2017 жылғы 27 (қоса есептегенде) маусымға дейін қабылданады. Сарапшылар тобы 28-30 маусым аралығында жұмыстарды іріктеп, бағалайды және үздіктерді анықтайды. Жұмыстарды astanaTDB@mail.ru электронды мекенжайына жолдау қажет. Номинация шарттары жайлы мәліметтермен www.tildamytu.astana.kz cайты арқылы танысуға болады. Қосымша ақпараттарды +7 701 478 30 87, +7 702 704 88 98 байланыс нөмірі арқылы білуге болады.
Әрі қарай

Астана күніне арналған «Еңселі елім, байтағым!» жастар байқауы өтеді

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Астана күніне орай «Еңселі елім, байтағым» атты Астана жастарының арасында рухани байқау өткізеді.Байқауға 16-30 жас аралығындағы азаматтар, шығармашылық топтар қатыса алады.

Байқау мынадай номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік поэзия», «Үздік блог-пост», «Үздік дизайнерлік жұмыс» (сәулет, сурет, композиция), «Үздік қолөнер бұйымдары» (әшекей бұйымдар, кәдесыйлар), «Үздік интернет канал» (арнайы түсірілген бейне материалдар),«Үздік мақала».

Аталған байқауға ұсынылатын материалдар 2017 жылғы 27 (қоса есептегенде) маусымға дейін қабылданады.Сарапшылар тобы 28-30 маусым аралығында жұмыстарды іріктеп, бағалайды және үздіктерді анықтайды.

Жұмыстар www.BaikauTDB@mai.ru электронды мекенжайына жолдану қажет.

Номинация шарттары жайлы мәліметтермен www.astanafm.kz cайты арқылы танысуға болады.

Марапаттау кеші арнайы фуршеттік ортада, қонақтар мен қатысушылардың коммуникативтік формат ұстануына негізделеді. Сондай-ақ, шағын концерттік бағдарлама және әр номинация бойынша үміткерлердің жұмыстары, еңбектері жайлы әзірленген бейнесюжеттер көрсетілетін болады. Қызығушылық білдірген БАҚ өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырады.

«Еңселі елім, байтағым» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 3 шілде, 16:00-де «Тілеп» қобыз сарайында өтеді. (Керей, Жәнібек хандар к-сі, 18)
Әрі қарай

Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды

Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды
Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілер саны 8045 адамды құрайды. Олардың барлығы халыққа қызмет көрсетіп, аянбай еңбек етуде. Осындай мәртебелі қызмет иелерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашов Лаззат Мақатұлы марапаттады. Жетісу өңірінің 6 мемлекеттік қызметшісі «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапаталды және бірқатар азаматтар облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов Елбасының мемлекеттік аппаратты жаңғырту мәселесіне айрықша назар аударып отырғаныны айтылды. Бұл мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеуіне жағдай жасауға ықпал ететіні талқыланды.
«Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» міндетін қойды. Мемлекеттік қызметкердің біліктілігі мен кәсіби деңгейі басты мәселе ретінде көрсетілуі бекер емес. Әр саланың жетістігі, алдағы экономикалық өсімі, халықтың әл-ауқаты және елдің дамуы кәсіби басқарушылыққа тікелей байланысты», — деді Л. Тұрлашов.
Шараның соңы жергілікті өнерпаздардың орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.
Әрі қарай

Астана билігіне жиі қойылатын сұрақтар

Астана билігі тұрғындар арасында жиі қойылатын сұрақтары бойынша мониторинг жүргізді.
Жиі қойылатын сұрақтарды және оларға жауаптарды мына сілтемеден қарай аласыздар: Қосымша.doc
Әрі қарай