КВН командаларының капитандары: ЭКСПО, Астана және татар көшелері туралы

27 маусымда астаналық Mariott қонақ-үйінде Астана қаласында өтетін КВН жазғы кубогінің қарсаңында «Азии MIX», «Камызяк өлкесінің құрамасы», «Пятигорск қаласының құрамасы» және «KAZAХОВ» командаларының капитандарымен open-talk өтті.

— Қала күні 1-6 шілде аралығында аталып өтеді. Мерекенің алғашқы күнін біз көңілді тапқырлардың бағдарламасымен бастаймыз. Аталмыш шара «Қазақстан» ОКЗ-да өтеді. Халықтың қарасы көп болады деп күтілуде. Ойынды қызықтауға Қазақстанның өңірлерінен ғана емес, Екатеринбург қаласынан да адамдар келмек. Омбы, Новосібір қалаларының тұрғындары да қызығушылық танытуда. Дегенмен, концерттік залға тек 2800 адам ғана сыйады, — деді Астана қалалық Мәдениет басқармасының жетекшісі Болат Мажағұлов.

Атап өткен жөн, чемпиондардың жазғы кубогі Қазақстанда, Астана қаласында алғашқы рет өткізгелі отыр.

Журналистермен кездесуге Азамат Мұсағалиев, Ольга Картункова, Нұрлан Қоянбаев, Эльдияр Кененсаров, Айдар Гараев, Малик Хасенов және өзге де КВН ойыншылары келді. Командалар алдағы уақытта өтетін ойынға қызу дайындалуда. «Однажды в России» комедиялық шоуының қатысушысы Ольга Картункованың сөзіне қарағанда, олардың елімізге келуі алғаш емес, бұрындары түрлі шараларды жүргізу үшін де келген. Бұл тұрғыда командалар ойын қызықты өтетініне сенімді.

— Біз бұл елге жиі келеміз, Қазақстан біз үшін екінші үй іспеттес. Қазақтар бізді әрдайым жылы қабылдап, қонақжай халық екендіктерін көрсетеді. Сондықтан болар елдеріңізді аз-кем танып қалған біздер үшін жергілікті тақырыпқа қалжындасу қиындық тудырмайды,- деді «Камызяк өлкесі құрамасының» капитаны.

Тек астаналықтарды ғана емес, бар қазақстандықтарды алаңдататын сауал: Азамат Мұсағалиев неге Қазақстанның құрамасында ойын көрсетпейді?

— Бұл негізінен ең үлкен қателік, — деді «Камызяк өлкесі құрамасының» капитаны. – Мен қазақтардың команда құрамасында қатты ойнағым келеді, ықыласым зор,- дейді Азамат. – Егерде Сочи қаласында Қазақстанның құрамасы ойын көрсететін болса, мен қазақ ретінде сол ойынға қатысуға уәде беремін.

— Ал менің жұбайым қазақ ұлтынан, — дейді Эльдияр, — сондықтан менде қазақтардың құрамасында ойын көрсеткім келеді.

Өз кезегінде «Азия MIX» Астана қаласы әкімінің Кубогын екі рет алған болатын. Команда капитаны Эльдияр Кененсаров Қазақстан астанасында өтетін алдағы жазғы ойынға жоспарлары туралы айтып берді:

-Бұл жерде қандай жастардың отырғанын ескерсек, Кубокқа үміттенбейміз,- деп күледі Эльдияр. – Әрине барлығы жеңіс үшін келді. Ойын сонысымен қызықты. Сондықтан сенім бар. Бұл жерде күресіп жатыр, сол себепті КВН жасап келеді.

«Қазақтардың» жоспары туралы Нұрлан Қоянбаев айтып берді:

-Біз туралы не айтуға болады?! Барлығы жиналды, дайындалып жатыр. Біз бұл ойынды армандадық. Астанада ең болмағанда бір ойын ойнауды қаладық. Сондықтан өте жауапты сәт болғандықтан қызу дайындалудамыз. Қобалжу да бар, себебі көптен бері сахнаға шықпадық. Біз үшін бұл – шақырту іспеттес, — деп бөлісті Қоянбаев. – Мәлік, Санат, Құмар, Нұрдәулет, Ярик, Тұрсынбек, Гүлнар және мен ойнаймын. Сонымен қатар құрамы 120 адам оркестр...., — деп күледі КВН ойнаушы.

Журналистер осы жылы Кубокқа үміткер «Спартаға» да айрықша назар салды. Алайда «Союз» капитаны Айдар Гараевтің айтуынша, болжаммен асықпау керек.

— Алда жартылай финал, ал қазақ командасы үшін ½ — бұл қиын жол. Болжамай-ақ қояйықшы, ойыншылар жұмыс істесін, дайындалсын. Жалпы жасырмаймын, олар фавориттердің бірі. Сондықтан солар үшін жанкүйер боламыз, тақым қысамыз, қуанамыз.

Біздің журналистермен жеке әңгімелесу барысында Айдар ЭКСПО және татар-қазақ қарым-қатынасы туралы не ойлайтынын жеткізді.

-Астанада Сүйінбике көшесінің пайда болуы – тамаша. Жаңалықты естігенде қатты қуандым. Менің білуімше, ЭКСПО-да ресейлік аймақтар ішінде өз павильонын ұсынған жалғыз Татарстан. Көрмеге әлі бара алмай жүргеніме қынжыламын. Уақыт тапшы. Қазақстан Республикасына Татарстан Президенті іссапармен жиі келіп тұрады. Тіпті, бұл жерде татар диаспорасы өте үлкен екенін білеміз. Сондықтан мен біріншіден, көшенің пайда болуының қисыны бар, екіншіден, қуанышты екенімізді жеткізгім келеді, — деді Айдар Гараев.

Естеріңізге саламыз, 1 шілде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен КВН чемпиондарының жазғы Кубогы өтеді. Бұл ойындар қарсаңында Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы коамандаларды журналистермен жүздестірді.
Әрі қарай

Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтуде

Астана жаңалықтары: Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтуде

«Дәулет» астаналық спорт кешенінде көркем гимнастика бойынша Азия чемпионатының ашылуы өтті.

Қазақстанның сеньорлары арасында Рио-2016 Олимпиада ойынының қатысушысы Сабина Әшірбаева, Алина Әділханова (Оңтүстік-Қазақстан облысы), Анна Афуксениди (Алматы), Селина Жұматаева (Астана) сынды споршылар өнер көрсетті.

Топтық бағдарламада Қазақстанның атынан көркем гимнастика бойынша астаналық арулар Регина Сұлтанова, Даяна Жақыпова, Әнел Талғатбек, Камила Көптілеу, Аружан Қазбекова, Динара Ерғалиева алаңға шықты.

Сеньорлар арасында Әділ Тілекенов, Роза Әдірбекова және Даяна Жақыпова жеке бағдарламада өнерлерін паш етеді. Топтық бағдарламада Сағина Мұратқызы, Айза Рустамқызы, Дария Шарафиденова, Дильназ Мұсабекова, Райана Сүлеймен және Рената Жолдынова сынға түсті.

Жарысқа Азия өңірінен 14 елдің 150-ден астам мықты споршысы қатысуда. Бұл орайда 54 медаль сарапқа салынуда. Жеке бағдарламада 72 споршы өзара сынға түсетін болса, топтық бағдарламада 15 команда бақталасады. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанның құрамасы жеке бағдарлама бойынша бірінші орында. Онымен бірге бұл спорт түрінің Жасөспірімдер арасындағы топтық бағдарламасында еліміз 4 орында келеді.

Атамыш чемпионат жыл сайын Азия мемлекеттерінің алаңдарында өткізіледі. Айта кетейік, Қазақстанда бұл жарыс түрі төртінші рет өткізілді.
Әрі қарай

Есілді кім ластайды?

Астана жаңалықтары: Есілді кім ластайды?

Соңғы апта ішінде Есіл арнасы мен Астана аумағындағы оның құятын бөлігінен 10 тонна қоқыс жиналған. Бір айта кетерлігі, судың ластануына тұрғындар өздері атсалысады, жағада қалдықтарды тастап кетеді.

Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің жағаларын тазалау- кешенді ауқымды жұмыс. Бұл қоршаған ортаны қорғап, сақтап, табиғаттың, су экожүйесінің тазаруына мүмкіндік жасайды. Үш өзенді абаттандыру шаралары жағалауларды және су айдындарын қамтиды.

Жыл сайын қалалық үш өзеннен «Астана-Есіл» МКҚМ балдырларды, шабылған шөптерді, қамыс және тұрмыстық қалдықтарды жинайды.

Балдырлар – барлық су қоймалары, өзендер мен көлдердің мәселесі. Ыстық күндері балдырлар су бетін жабады, Толқын оларды жағаға шығарып тастайды. Жұмысшылар балдырларды қаптарға жинайды.

Балдырларды тырмалармен алу мүмкін болмайтын жерлерге жұмыскерлер қайықпен жүзіп барып айдындарды тазартады. Есілдің бір жерін күнде бірнеше рет жинайды. Өйткені түн ішінде су шөбі толқынмен жағаға жетеді.

-Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері үнемі тазартылып тұрады. Ауа қысымының жоғары болуы балдырлардың көптеп өсуіне жағдай жасайды да су айдынының бетін жауып тастайды, — дейді «Астана Есіл» МКҚМ өкілі Мұхит Бақбергенұлы.

Кәсіпорынның жұмысшылары таңның атысынан батысына дейін еңбектенеді. Ылдиларды тазалау күнделікті жүргізіледі. Қамыстар мен шөптерді шабады да, қаптарға жинайды.

Үш өзенді абаттандыру бойынша шара жағалаулар мен су айдындарында жүргізіледі. «Астана Есіл» кәсіпорны мамандарының айтуынша, қала өзендерін тұрғындардың өздері ластайды. Су қоймаларының экологиялық жағдайын бұзып, қалдықтарды суға лақтырып, жағымсыз көрініс қалыптастырады.

-Үшөзен мен жағалау аумағын күнделікті біздің жұмыскерлеріміз тазалайды. Есіл өзенінің қалалық жағалауында өте көп қалдықтар жиналады. Бірақ барлық жерде қоқыс жәшіктері тұр. Бейнебақылау камералары орнатылған. Жұмысшылар бос шишалар, темекі тұқылдарын, пакеттерді тергенде бір қап жиналады. Соңғы апта ішінде Есіл, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендерінен 10 тонна қалдық жиналған, — дейді М.Бақбергенұлы

Кәсіпорын жұмысшылары қала тұрғындары мен қонақтарына Есіл өзеніне ұқыпты қарауға шақырады. Себебі ол тек қаланың ғана көркі емес, елорданың барлық экожүйесінің бөлігі.

-Егер қала су қоймаларын ластайтын адамдар өз жауапкершілігін сезінбесе, жұмыскерлердің ауыр еңбегі зая кетеді, — деп түйіндеді М. Бақбергенұлы.
Әрі қарай

Астанада Қала күнінің құрметіне орай 3 ауқымды фестиваль өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Қала күнінің құрметіне орай 3 ауқымды фестиваль өтеді

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу аясында 1-6 шілде аралығында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы елордалық Мәдениет басқармасының қолдауымен 3 ауқымды фестиваль өткізеді.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Шашу» халықтық биі ансамблінің ІІ Халықаралық фестиваліне, «Астана Самалы» атты VIII Халықаралық үрмелі оркестр фестиваліне, «Серпер»қазақ халық аспаптароркестрі республикалық фестивалінің мерекелік бағдарламасына көзайым бола алады.

Биыл «Шашу» халықтық биі ансамблінің Халықаралық фестивалі қалалық алаңда 1-3 шілде аралығында өткізіледі. Фестивальге Қазақстанның жетекші ұжымдары қатысады, атап айтқанда: «Шалқыма», Астана; «Назерке», Орал; «Томирис», Қызылорда, «Алтынай», Талдықорган), сондай-ақ Қырғызстанның («Ақмарал»), Башкирия мемлекетінің (Стерлитамак мемлекеттік би ансамблі), Ресейдің («Огоньки»).

Өткізгелі отырған Үрмелі аспаптар оркестрінің фестивалі аясында Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының ұжымы, оған қоса ҚР Ұлттық гвардиясының оркестрі, Петропавл Ұлттық гвардия институтының үрмеліаспаптароркестрі, Орынбор (Ресей) қаласы муниципалдық үрмелі аспаптар оркестрі өз өнерлерін паш етеді.

Концерт 4 шілдеде «Бәйтерек» монументі алдында сағат 21.00.-де ашылады. 5 шілдеде сағат 10.00.-де түрлі ұжымдар қаланың орталық саябақтары мен өзге де алаңдарында мерекелік бағдарламасын ұсынады. Сол күні, 5 шілдеде сағат 19.30-да «Бәйтерек» монументі алаңының сахнасында бэнд-марафон өтеді. 6 шілдеде сағат 10.00.-де Республика даңғылы бойынша Әскери-тарихи мұражайынан бастап «Жастар» сарайына дейін жалғасатын парадта «Астана Самалы 2017» фестивалінің барлық ұжымдары өнер көрсетеді. Сол күні, 6 шілдеде сағат 16.00.-де әкімдіктің алдындағы алаңда барлық оркестрлердің плац-концерті өтеді.

«Серпер»қазақ халық аспаптар оркестірінің V республикалық фестивалі 4-6 шілде аралығында өтеді. Фестивальдің ашылуы 4 шілде күні сағат 19.00.-де «Бәйтерек» монументі алаңында болады. 5 шілдеде Астаналық, Студенттік және «Жерұйық» саябағында сағат 11.00-ден бастап фестиваль қатысушыларының концерті басталады. Сол күні, яғни 5 шілдеде сағат 17.00.-де «Бәйтерек» монументі алаңында «Күй керуен» концерті басталады, көрермендер Ақтөбе қаласының Ғ. Жұбанова атындағы халықтық аспаптар оркестрінің, Қарағанды қаласының Тәттімбет атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі мен Новосібір қаласының Орыс академиялық оркестрінің мерекелік бағдарламасымен таныс болады.

6 шілдеде сағат 13.00.-де қалалық алаңда Астана күніне арналған «Серпер»қазақ халық аспаптар оркестір V республикалық фестивалінің гала-концерті өтеді. Гала-концертте көрермендер «Серпер» және «Сарыарқа» оркестрінің ең танымал күйлерін тыңдай алады. Олар дирижер Айтқали Жайымовтың басқаруымен 200 музыканттың түрлі аспаптармен сүйемелдеуінде өнер көрсетпек.

Астанада түнгі уақытта тыныштықты бұзумен күрес бойынша рейд жүргізілді

Астана жаңалықтары: Астанада түнгі уақытта тыныштықты бұзумен күрес бойынша рейд жүргізілді

Тұрғындар тарапынан түнгі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілетіндігі жөнінде шағымдардың көбеюіне байланысты елорда әкімдігі Астана қаласының ІІД-мен бірлесіп рейд жүргізді.

Соңғы уақытта «тұрғындардың тыныштығын бұзу(құрылыс жұмыстары жүргізілуде)» бағытына ерекше назар аударылуда. Қала әкімінің тапсырмасынан кейін соңғы екі тәулікте сағат 23:00 –ден 07:00-ге дейін 34 өтініш қабылданды.

Қоңыраулар «109 кезекшілік қызметі» ММ түседі. Қабылданған ақпаратты сараптау тәртібі: өтініш, өтініш білдірушінің мекен жайы, жеке мәліметтері, одан кейін құрылыс насанынның орналасуы туралы ақпарат «102» пультіне, құрылыс басқармасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауына және аудандық әкімдіктерге (ауданға байланысты) жіберіледі. Жұмыс мерзімі – өтінішті 2 сағат ішінде қарау. Өз кезегінде «109 кезекшілік қызметі» мәліметтерді 300 бағыт бойынша жүргізеді. Сонымен қатар, өтініш білдірушілер өз шағымдарын Smart Astana қосымшасы, сондай-ақ «109 кезекшілік қызметінің» әлеуметтік желілердегі «Фейсбук», «Инстаграм», «Твитер» ресми парақшалары арқылы бағыттай алады.

Сенбіден жексенбіге қараған түні 23:00-де «Комфорт таун» ТК тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Шағымданушы 38 («Саранда» ТК) ауданында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын және құрылыстың дыбысы жақын маңдағы кешен тұрғындарының түн тыныштығын бұзатындығын жеткізді.

-Мен «Комфорт таун» ТК, 3 кезек, 25 көшесі, 38 үй мекен-жайында тұрамын. Осы нысан маңында үнемі құрылыс жұмыстары жүргізіледі, ұйқымызды бұзады. Менің өзім 5-6 рет полиция шақырдым, — дейді тұрғын.

Бұл жерге Астана қаласы Есіл ауданының ІІД қызметкерлері жедел жеткен. Тұрғындардың титығына тиген нысан 39 көшесіндегі «Nova City»ТК орналасқан.Құрылысты «Luxor.kz Company» ЖШС жүргізуде. Шақыртудан кейін мердігер компания өкілі сол уақытта құрылыс басында бетон қабылдау жүргізілгенін, ал қатты дыбыс шығатындай өзге жұмыстар жүргізілмегені туралы түсініктеме берді. Ары қарай аталған ЖШС басшысы атына Есіл ауданының ІІД бөлімшесіне кәсіпкерліктің түрін анықтау үшін барлық қажетті құжаттармен келу туралы шақырту берілді.

-Жаз мезгілінде құрылыс нысандары бойынша өте көптеген өтініш-шағымдар келіп түседі. Егер құқық бұзушылық анықталса, онда біз ӘҚК-нің 437 бабына сәйкес сол жерде әкімшілік хаттама толтырамыз. Мұндай құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға-5 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-10 АЕК, орта кәсіпкерлік үшін -15 АЕК, ірі кәсіпкерлікке-50 АЕК айыппұл қарастырылған, — дейді участкелік инспектор, полиция аға лейтенанты Мадияр Дүйсепбеков. Кәсіпкерлік түрі анықталған соң айыппұл салуға әкімшілік хаттама толтырылады. Жеке тұлғалар үшін хаттама оқиға орын алған жерде жазылады. Кінәлі тарап келіспеген жағдайда 10 күн ішінде бұл шешімге сотта шағымдануға құқығы бар. Егер нақты 1 нысанға үнемі шағымдар келіп түсетін болса, бұзушыға қатысты ұсыныс әкімдікке жіберіледі.
Әрі қарай

Астаналық журналистер шағын футбол бойынша өткізілген турнирден үздік нәтижелер көрсетті

Астана жаңалықтары: Астаналық журналистер шағын футбол бойынша өткізілген турнирден үздік нәтижелер көрсетті

ҚР ақпарат және байланыс күнін тойлау қарсаңында журналистер арасында шағын футболдан жыл сайынғы турнир өткізілді.

Аталмыш шараны қала әкімдігі ұйыдастырды. Бүгін К. Мұңайтпасов атындағы алаңда шағын футбол бойынша өткен ойынға 13 команда мен бұқаралық ақпарат құралдарының 130 өкілі қатысты.

— Шағын футболдан турнир бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында кәсіби қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насиxаттау футбол секілді спорт түріне өскелең ұрпақты баулу мақсатында өткізіледі,- деді Астана қ. Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қамбаров.

Өткізілген турнирдің бас төрешісі Даулет Хамзиннің айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жарыста мықты команда құрып, өздерінің жақсы дайындығы мен қызықты ойынын көрсетті.

— Жыл сайынғы турнир биыл 13 команда арасында өтті, жеребе салу бойынша 4 топқа бөлінді. Командалар алдымен топтық кезеңде ойнап, кейін плей-офф деңгейіне көшті. Ойын барысында БАҚ өкілдері арасынан «Хабар» телеарнасының командасы жақсы нәтиже көрсетіп, алға шықты. Сондай-ақ "Қазақ радиосының" командасы қызықты тартыста турнирдің жеңімпазы атанды. Ала допты соғуда шеберлік танытқан «Елорда Ақпарат» командасы да ерекшелене білді,-дейді Даулет Хамзин.

— Төреші болған соң, ойынның әділ өтуіне ерекше көңіл бөлуге тырыстым. БАҚ өкілдері арасында жыл сайын өткізілетін турнирге 9-шы рет төрешілік етіп отырмын. Халық пен билік арасында көпір болып жүрген журналистердің ерекше еңбегін, қызметін атап өткім келеді. Сіздер арқылы елімізде, әлемде болып жатқан оқиғаларға қанық болып, ақпар аламыз. Осы тұста сіздерді алдағы кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ойынды қызықты әрі тартысты өткізгендеріңіз үшін раxметімді айтамын,- деп атап өтті Хамзин.

Турнирдің қорытындысы бойынша 3-ші орынды «Хабар» телеарнасы, 2-ші орынды "Қазақ радиосы" алса, 1-ші жүлделі орынға Республикалық " Егемен Қазақстан" газеті ие болды. Оған қоса әртүрлі аталымдар бойынша бұл командалар жоғары нәтиже көрсетті.

Мәселен, команданың ең үздік қақпа қорғаушысы астаналық «Елорда Ақпарат» командасының қызметкері Қуандық Әлімжанов, «КазСпорт» арнасының намысын қорғаған Ермек Төрениязов ең үздік қорғаушы атанды. Сондай-ақ «Жеңіс» командасының ойыншысы Марғұлан Ибраев шағын футбол бойынша ең үздік ойыншы атанды.

Турнирдің жеңімпаздары атанған командалар әкімнің кубогімен, медальдармен, диплом және құнды сыйлықтармен марапатталды.

— Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында біз Астана қ. Кубогіне арнайы турнир ұйымдастырдық. Тіршіліктің қайнаған ортасында жүретін журналистердің қоғамға беретін пайдасы зор. Бүгінгі күні олардың тек өз саласында ғана емес спортта да жоғары нәтиже көрсетіп отырғанына көзіміз жетті. Астана қ. әкімдігі атынан келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз,- деді Астана қ. әкімдігінің баспасөз-xатшысы Эльвира Жүргенбаева.
Әрі қарай

Астана еуразиялық қаланың прототипіне айналады ма?


Екі күн бойы елордада тәжірибе алмасқан германиялық және отандық сәулетшілер осы сауалдың жауабын іздеді. Белгілі сәулет докторы Филипп Мойзердің жетекшілігімен өткен дөңгелек үстелге екі елдің жас және тәжірибелі сәулетшілері қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Жиынның алғашқы күні Қазақстан мен Германияның ЖОО оқып жатқан жас сәулетшілеріне арналды. Ал екінші күні алманиялық 30-ға тарта білікті әрі белгілі сәулетші мамандар қатысты. Сәулетшілер Астананың ахуалымен, оның ішінде қала құрылысын дамытуға арналған шешімдерімен танысты. Даму динамикасына, жасыл аймақ пен инфрақұрылымына қатысты таңданыстарын жасырмады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, елордада алғаш рет өткізілген ашық сұхбат алаңы алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Жақын арада дәл осындай кездесу ағылшын сәулетшілерімен бірлесіп өткізілмек.

«Филипп Мойзер еуразиялық қаланың типологиясын жасап шығару үшін келді. Ол посткеңестік кезеңнің қалаларын зерттеп оларды бірнеше топқа жіктеді. Астана еуразиялық қалалар санатына кірді. Оның мақсаты Астанадан еуразиялық қаланың прототипін жасау және нақты еуразиялық қалаларды сипаттайтын нақты өлшемін анықтау. Бұл үлкен ғылыми еңбектің алғашқы бөлігі деп атауға болады.

Келешекте біз оның зерттеу еңбегін құрал ретінде пайдаланып, қолданыста көргіміз келеді», — деді Астана қаласы урбанистика орталығы басшысының орынбасары Асхат Садуов.
Әрі қарай

Пластикалық жол жүру билеттерінің теңгерімін банк карталары арқылы толықтыруға болады


Жүйе жыл аяғына дейін енгізіледі.

Бұл жайында «Астана LRT төлем жүйесі орталығы» ЖШС маркетологы Ахметжан Далиев Елордалық әкімдіктің медиа-орталығына берген сұхбатында мәлімдеді. Қазіргі таңда пластикалық жол жүру билетінің есебін толтыру арнайы терминалдар арқылы ғана жүргізіледі. Алайда, терминал артық ақшаны қайтарып бере алмай жатады, бұл өз кезегінде жолаушылардың келеңсіздіктерге тап болуына әкеліп соғады.

«Біздің инженерлер шынайы уақыт аралығында автоматтарды қарап отырады. Артық ақша аяқтала басталысымен, біз бірден автоматты блокка қоямыз, осы аралықта қолданушы автоматты пайдалана алмайды. Алайда, бір немесе бір жарым сағаттың ішінде инженерлер автоматтарды қайтадан толықтырады. Жыл аяғына дейін бұл проблема толық шешіледі, Астра карточкаларын банк карталары арқылы толтыру мүмкіндігі пайда болмақ», — деді А. Далиев.

Сұхбат берушінің айтуынша, қазірге дейін 30 мыңнан астам пастикалық жол жүру билеті сатылған. Астраның жеңілдік карталарын 66 мың тұрғын, оқушыларға арналған карталарды – 160 мың адам пайдалануда. Елордада оларға қызмет көрсету үшін 37 автомат пен 7 арнайы касса жұмыс істейді.
Әрі қарай

Астанада қазақстандық полицияның 25 жылдығы аталып өтілді

Астана жаңалықтары: Астанада қазақстандық полицияның 25 жылдығы аталып өтілді

22 маусым күні Астана қаласының Ішкі істер департаментінде елордалық үздік полицейлерді мемлекеттік марапаттармен ұлықтау және ресми салатанатты шара өтті. Қаланың ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров қызметкерлерді құттықтады.

— Ширек ғасыр ішінде Қазақстан полициясы қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың қорғанына айналды. Азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуде берік іргетас қаланды. Тиімді нормативті-құқықтық база құрылды. Ішкі істер минисртлігі мен әкімдіктің департаментке көрсетіп жатқан барлық қолдауының арқасында жыл сайын елорда полициясының әлеуметтік қамтамасыз етілуі нығаюда. Мен астаналық полицейлердің бас қалада құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ары қарай да қызметін лайықты атқаратындарына сенімдімін, — деді ол.

Астана қаласының үздік полицейлеріне мереке орай құрметті марапаттар табысталды: «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі, «Ішкі істер органдарынын үздігі» ІІ деңгейлі төсбелгісі, Қазақстан Республикасыынң ІІД алғыс хаттары мен грамоталары табысталды.

Айта кетейік, тәуелсіздіктің 25 жылдығында елорданың 8 полиция қызметкері қызметтік міндетін өтеуде көз жұмды. 20 тәртіп сақшысы оқпен, пышақпен жарақаттанды. Олардың барлығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің Жарлығымен «Айбын», «Ерлігі үшін» мемлекеттік медаліне ұсынылды.

Бүгінгі таңда Астана қаласының Ішкі істер департаменті мықты кадрлық құраммен жасақталған және заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуында жұмыс істеген елордалық полицейлердің еңбегін ерекше атап өткен болатын.

2017 жылдың мамыр айында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ІІД жас қызметкерлеріне арналып жатақхана ашылды. Қазақстандық полиция қызметкерлері күні қарсаңында қала әкімдігі 100-ге жуық қызметтік көлікпен қамтамасыз етті.
Әрі қарай