Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды

Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды
Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілер саны 8045 адамды құрайды. Олардың барлығы халыққа қызмет көрсетіп, аянбай еңбек етуде. Осындай мәртебелі қызмет иелерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашов Лаззат Мақатұлы марапаттады. Жетісу өңірінің 6 мемлекеттік қызметшісі «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапаталды және бірқатар азаматтар облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов Елбасының мемлекеттік аппаратты жаңғырту мәселесіне айрықша назар аударып отырғаныны айтылды. Бұл мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеуіне жағдай жасауға ықпал ететіні талқыланды.
«Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» міндетін қойды. Мемлекеттік қызметкердің біліктілігі мен кәсіби деңгейі басты мәселе ретінде көрсетілуі бекер емес. Әр саланың жетістігі, алдағы экономикалық өсімі, халықтың әл-ауқаты және елдің дамуы кәсіби басқарушылыққа тікелей байланысты», — деді Л. Тұрлашов.
Шараның соңы жергілікті өнерпаздардың орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше