Астанада жастар үшін тренингтер өткізіледі

Астана жаңалықтары: Астанада жастар үшін тренингтер өткізіледі

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы елордалық әкімдіктің қолдауымен 24-26 шілде аралығында жастар үшін тренингтер өткізбек. Бұл тренингтер тегін өткізіледі, оған 16-29 жас аралығындағы барлық келем деуші азаматтар қатыса алады.

Тренингтер «Жастардың кәсіби және жеке машықтарын дамыту мектебі», «Кәсіпкерлік», «Жұмысқа орналасу» тақырыптары бойынша өткізілді. Тренинг 3 күн бойы 3,5 сағаттан өткізіледі.

Тренингтердің жүргізушілері – кәсіби бизнес-жаттықтырушылар.

Өткізілу уақыты: сағат 18.00-ден 21.20-ға дейін. Өткізілу орны: Астана қ. Сейфуллин көшесі 31, «7 арна» ғимараты, 005 кеңсе.
Әрі қарай

Алматы облысында Қызылағаш балаларына арналған фотокөрме өтті

Алматы облысында Қызылағаш балаларына арналған фотокөрме өтті

Биыл Қызылағаш оқиғасына 7 жыл толып отыр. Қасіретті апаттың зардабы ауыл тұрғындары мен Елімізге қатты тигені белгілі. Қызылағаш оқиғасы болған жердің жағдайын суретке түсіріп, сол фотосуреттерден көрме жасай білген журналист Сандуғаш Дүйсенова Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз-конференциясын өткізді.
Фотокөрме Қызылағаш балаларының суретінен тұрады. Шынайы еш фото әрлеусіз жасалған көрме балалардың бейнесі арқылы Қызылағаш ауылында өткен апат салдарын анықтауға септігін тигізеді. Қарапайым ауыл өмірінен алынған тамаша суреттерді Талдықорған қаласындағы «Журналистер үйінде» тамашалауға болады. Ерекше 15 суреттен құралған фотокөрме автордың ойынша үздік туындылар болып саналады.
«Бала кезімде ең алғашқы фотоаппратты әкем сыйлаған болатын. Сол кезден бастап суретке түсіруді бастағам. Әрине, кәсіби түрде айналыспадым. Тек өзіме ұнаған кадрларды дер кезінде ұстап алуға тырысатынмын. Осы өткізіліп жатқан «Балалық шақ галереясы» атты фотокөрме тырнақ алды туындым. Көрмені ұйымдастыруға көмектескен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлына алғысым шексіз. Болашақта осы фотокөрме жалғасын табады деген үміттемін», — деді «Желтая газета» газетінің бас редакторы С. Дүйсенова.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті

Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысында өткен шараға Орбұлақ шайқасын зерттеп жүрген бір топ азаматтар қатысты. Атап айтсақ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.Жазылбеков, Орбұлақ шайқасы негізінде жазылған «Воскрешающие легенды» атты романның авторы Т.Ермашев, «Табиғат» эко-бірлестігінің, Қазақстандық караванинг пен кемпингтің төрағасы Б. Шапагатова, «Ауылды көтереміз – Возродим село» қоғамдық бірлестік төрағасы К.Жанабилов, ғалымдар, жазушылар, белгілі журналистер мен республикалық блогерлер топ құрамында болды.
Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті
Ел есімінде мәңгі қалған Орбұлақ шайқасы туралы толыққанды ақпаратты белгілі жазушы, «Алаш» халықаралық премияның лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иесі Бексұлтан Нұржекеев таныстырды. Қатысушылар Орбұлақ шайқасы болған орындарды, Жетісу өңірінің этнотуризмімен және тамаша табиғатымен танысты. Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен 2017 жылдың 22 шілдесінде «Қазақ Елінің тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін, жоңғар басқыншыларымен шайқаста жеңіске жеткен айбынды қазақ сарбаздарына ұрпақтары атына» атты жазбасы бар арнайы тасбелгі Белжайлауда орнатылды. Ескере кететін бір жайт, тасбелгіге орнатылған QR-код пайдалану арқылы «Орбұлақ» шайқасы туралы жайлы егжей-тегжейлі ақпарат алуға болады.
Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті
«Біз 374 жыл бұрын Орбұлақ шайқасы болған жерде тұрмыз. Қазақ батырлары 50 мың әскері бар жоңғарларды бірнеше күн бойы Жалантөс батырдан көмек келгенше шекараға кіргізбей ұстаған. Арнайы жер асты тактикаларын қолдана отырып, жоңғар әскерлерін тұзаққа түсіріп 10 мың әскерін жойған. Осындай ақыл-айламен өткен шайқас үлкен өнер болып табылады. Себебі, небәрі 600 адам 50 мың әскерге төтеп беру мүмкін емес жағдай еді», — деді Б.Нуржекеев
Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті
«Қазақ батырлары өзінің ерлігімен елін, жерін қорғай алатын алып тұлғалар екенің дәлелдеп кетті. Бізде осы жайлы талай мысалдар бар. Соның ішінде «Орбұлақ шайқасы» келешек ұрпаққа мақтан ете алатын шайқас. «Мың рет естігенше, бір рет көр» демекші арнайы шайқас өткен жерге барып өз көзімізбен көріп қайттық. Өз тарихын білу — әрбір азаматтың міндеті», — деді Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.
Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті

Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті

Алматы облысы: Жетісу өңірінде «Орбұлақ шайқасының ізімен» атты ақпараттық квест өтті
Әрі қарай

Үшарал әуежайы ашылды

Алматы облысы: Үшарал әуежайы ашылды

Бүгін Алматы облысы Үшарал қаласының әуежайы ашылып, әуежайға Астанадан алғашқы рейспен демалушылар ұшып келді. Мұндағы ескі əуежайдан соңғы ұшақ осыдан ширек ғасыр бұрын ұшқан болатын — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шарада облыс әкімі А. Баталов өңірде туримзді өркендету бағытында атқарылып жатқан шаралар, соның ішінде инфрақұрылымды дамыту, туристік нысандардың құрылысы жайлы айтып өтті.
— Бүгін бәріміз үшін — тарихи күн. Елбасының облысымызға 2014 жылы іссапармен келгенде берген тапсырмаларының бірі — Алакөл көлінде туристік саланы дамыту болатын. Соған сәйкес өңірде туристік инфрақұрылым қарқынды дамып, заманауи туристік нысандар, қонақ үйлер көптеп салынуда. Соның нәтижесінде Алакөлге елімізбен қатар ТМД-дан, тіпті алыс шетелдерден де демалуға азаматтар келіп жатыр. Алакөлдің туристік потенциалы зор. Жаңа әуежайдың ашылуы туристік саланың одан әрі дамуына тың серпін береді деп ойлаймын, — деді А. Баталов. Сонымен қатар Алматы облысының Құрметті азаматы Мұхтар Жолжанов, ауданның басқа азаматтары көпшілікке өз құттықтауын жеткізіп, мемлекеттік қолдауға ризашылығын білдірді.
Облыстық жолаушы көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е. Жасыбаевтың айтуынша, əуежайдың құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, құрылысын «ASD Group» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Мұнда «Жетісу» авиакомпаниясы қызмет көрсетеді. Енді Үшарал әуежайы аптасына төрт рет «Астана-Үшарал-Астана» және үш рет «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» бағытындағы әуе рейстерін қабылдайтын болады. Бұл рейстерді субсидиялауға республикалық және облыстық бюджеттен 177,2 млн.теңге қаржы бөлінді. Атап өтсек, Астанадан ұшатын рейстің құны 16 мың теңгеден, Талдықорған рейсі 8 мың теңгеден.
Бұған дейін 2015 жылдан бастап «Жетіген-Достық-Жетіген» бағытындағы темір жол қатынасы қолға алынған болатын. Алғашында 16 вагонмен басталып, қазіргі кезде сұраныстың артуына байланысты вагондар саны 23-ға жеткен.
Жалпы, Алакөл маңында туризм бағыты бойынша 162 нысан қызмет көрсетеді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша 2014 жылы 200 млн. теңге, 2015 жылы 352 млн. теңге бөлінді. Ақши және Көктұма ауылдары кәріз жүйесі құрылысының құжаттарын дайындауға 21,6 млн. теңге қарастырылды. Ақши ауылының демалыс аймақтарына дейін баратын 23 шақырым жолдың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы ауыз су құбыры жүйесі 343 млн. теңгеге жасалып, пайдалануға берілді. Жуық арада «Талдықорған-Үшарал» автожолының жөндеу жұмыстары басталады.
2016 жылы Алакөлде 452 мыңнан астам адам демалса, биылғы жылы 500 мыңнан астам келеді деп күтіліп отыр.

Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі
Әрі қарай

Елордалық жұмыспен қамту орталығы тәрбиешілер курсын тегін оқытады

Астана жаңалықтары: Елордалық жұмыспен қамту орталығы тәрбиешілер курсын тегін оқытады

«Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыссыздарға арналған «мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» (міндетті түрде педагогикалық білімнің бар болуы) мамандығы бойынша тегін оқытуды бастайды.

Оқу мерзімі 3 ай, оқу барысында 16 759 теңге көлемінде шәкірт ақы төленеді.Оқу ағымдағы жылдың 1 тамызынан ұйымдастырылады.Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін біліктілікті иеленуі жайлы куәлік беріледі және жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген мекен-жайға келіп, хабарласыңызлар: Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бейбітшілік көшесі, 25 үй ІО «Өркен». Анықтама телефондар: 954416, 578978.
Әрі қарай

Үпілмәлік Рюссельхаймның тылсым өмірбаяны

Прекөтбула

Осындағы жазбаларды алда-жалда гламур мүңсіген сыпайы қыздар кіріп қалып, оқып шықса, «Дәруішөлгеннің көт босатар хард-жазушылар арасында бай жөйттердің жоқ болғаны ма сонда? Ең болмаса бір адам?» -деген сұрақтар мезгілсіз менструациямен бірге келе қалуы мүмкін. Аруларымыздың ыңғайсыз жағдайын сезе, түсіне, енегіміз бірге езіле отырып, «тууй, ең болмаса 30-на туалеттің қасынан билет жоқ па?» деген ауылын сағынған студентке көзілдірігінің үстінен қараған кассирдің жанаяр кескінімен таңдай қағып "Імджоқ екен" деуге мәжбүрміз. Расымен де жоқ өйткені. Соның айғағы ретінде, еліміздегі жөйттер диаспорасының босағаінісі Үпілмәлік Рюссельхайм дәруішті сөз еткіміз келеді.
Үпілмәлік Рюссельхайм — Басқа жөйттер құсап, өз жанын, қанын не мүлкін сақтау үшін Үшінші Рейхтен қашып тығылған жоқ. Ол әдейі, қасақана екеуін де оңбаған бір елге барып, ысырап ету үшін Дәруішөлгенге тайып тұрған еді.
Жұрт қатынымен ажырасам деп пәтерінен айрылып, үкіметтің қуғынымен банктегі шотынан айрылып, бала-шағасының қатыгездігінен далада қалып, немесе сол баяғы ішкіліктің кесірінен көше кезіп, оңай жолмен тезек теріп кетіп жатқанда, Үпілмәлік өңменінен өткен тақыр кедейлікке өз маңдай тері мен табандылығының арқасында жетті.

Алдыңғы материалдарда: Үпілмәлік Рюссельхайм: «Кедейлікке жетудің тиімді жолдары»
Әрі қарай

Астанада 22-шілдеден бастап №201 түнгі экспресс маршруты іске қосылады

Қала тұрғындары мен қонақтардың ыңғайлығы үшін Астана қаласының билігі шаһардың көлік жүйесін жаңғыртуда. Осылайша, 22- шілдеден бастап елордада №201 түнгі экспресс маршруты қосылады.

Жаңа бағыт қозғалысының сызбасы «Астана-Нұрлы жол» темір жол вокзалының" аялдау пунктінің басынан «Астана-Нұрлы жол» темір жол вокзалына апаратын теміржол эстакадасы бойындағы жолмен өтеді.

Әрі қарай қоғамдық көліктің бағдары келесі бағыт бойынша жалғаспақ: Шарбақты көшесі- Төлебаев көшесі — Қобда қиылысы–Абылай хан даңғылы –Р. Қошкарбаев даңғылы — Ш. Құдайбердіұлы даңғылы–Манас көшесі – Абылай хан даңғылы – Қ. Мұңайтпасов көшесі – Жирентаев көшесі – Петров көшесі – Қ. Сәтпаев көшесі – Б. Момышұлы даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы — Кравцов көшесі – Бараев көшесі – Республика даңғылы — Сейфуллин көшесі – Ш. Уәлиханов көшесі – Алаш тас жолы – Солтүстік айналма жолы — С316 көшесі– соңғы аялдама — «Алай-Astra» СО.

Кері бағытта автобус «Алай-Astra» СО аялдамасынан Р. Қошқарбаев-Абылай хан даңғылы қиылысына дейін жүреді, әрі қарай жоғарыда көрсетілген қозғалыстың бағыты сақталады, содан кейін Р. Қошқарбаев даңғылы бойынша тік жүреді де Төлебаев көшесінде оңға бұрылады, Айнакөл көшесі бойынша оңға, Абылай хан даңғылында оңға бұрылады, әрі қарай қозғалыс бағыты сақталады.

Астана жаңалықтары: Астанада 22-шілдеден бастап №201 түнгі экспресс маршруты іске қосылады
Әрі қарай

Елордалық автовокзал енді жолаушыларға үш тілде қызмет көрсетеді


Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында қалалық автовокзалда анықтамалық — ақпараттық ресепшн ашылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне «Сапаржай-Астана» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжанов.

Жаз басталғалы жолаушылар ақпаратты үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ала алады.

Өзгеріс тек жолаушылар қызметінде ғана орын алған жоқ.

Биыл автовокзал қайта жөндеуден өткізілуде. Күту залында еден жабындысы ауыстырылып, сыртқы келбеті жартылай өзгертілді. Жұмыс толығымен екінші жарты жылдықта аяқталады. Қазіргі таңда кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Барлық құрылыс жұмыстары жолаушылар кешенінің жұмысына еш кедергі келтірген жоқ.

— Қазір жолаушылардың жайлылығы үшін автовокзал аумағында ана мен бала бөлмесі, асхана, кафетерий, дүңгіршектер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхана бар, — деп хабарлады Ж. Бекжанов.
Әрі қарай

Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

Астана жаңалықтары: Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

Жыл соңына дейін елордада қағаз жинайтын 700-ге жуық арнайы қоқыс жәшігі орнатылады деп күтілуде, деп хабарланды Астана қ. әкімдігінің медиа орталығынан.

«Бүгінде Астана қаласының әкімдігімен қоқыстарды бөліп жинау жүйесін енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Халық бұл бастаманы әу-бастан ақ қолдады. Бұл бағыт шеңберінде жыл соңына дейін қағаздарды жинау үшін 700 арнайы қоқыс жәшіктерін орнату жоспарлануда», — деді медиа орталық тілшісіне қала әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Мирас Ғайсин.

Оған қоса, елордада электр жарығын үнемдейтін құрамында сынап бар шамдарды жинау және жою бойынша жобалар іске асырылуда.

Бүгінде Астанада бұндай контейнерлердің 700-ден астамы орнатылды. Әрі қарай өндіру үшін бұл шамдар тамақ қалдықтарынан бөлек жиналып, сұрыпталып арнайы сарғылт түсті жәшіктерге салынады.

Өз кезегінде сары түсті қоқыс жәшіктері пластик қалдықтары үшін арналған. Қазіргі уақытта тұрғын-үйлердің аулаларында бұндай контейлердерің 600-ден астамы бар. Барлық жиналған пластик әрі қарай өндіру үшін қоқыс өндіру зауытына жөнелтіледі.

Қалдықтар сұрыпталып, брикеттеледі. «Көріп тұрғандай, бұл контейнерлер күн сайын толады. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл жобаны қолдап, елорданың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қосады деген сенімдеміз», — деді М. Ғайсин.

Әкімдіктің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елорда аумағында 9 мыңнан астам түрлі қоқыс жәшіктері орнатылған. Бұған дейін әкімдіктің медиа орталығынан хабарланғандай, Астанада маусым айында тұрмыстық қатты қалдықтарды сыртқа шығаратын компания ауысты. «Астана-Тазарту» компаниясының орнына арнайы базасы мен техникасы бар «Clean City NC» ЖШС келді.
Әрі қарай

Ронюскэ Мұртаза. "Коллектор"

Аффтар Ронюскэ Мұртаза өз қаламдірілімен жапонның құпияға толы жан дүниесіне талай шырақ түсіріп жүргені жасырын. Жасырын емес дер едік, егер ол шынымен жасырын болмағанда. Тендерлердегі, «Шығарма қаззақтың рухани күйін, салт-дәстүрін ашып көрсетуі тиіс» деген пункттердің кесірінен жарық көрмей қалған жапондық жазбаларының алқашқысы қолымызға түсіп отырғаны осы. Шешесстің.
Боттан - Хардқа: Ронюскэ Мұртаза. Коллектор
Ронюскэ Мұртаза. «Коллектор»

Хиросиманың қирандысындағы үйіндіде ыңырсыған дыбыс шықты да, әлдекімнің басы көрінді.
Оқ-дәріге арнап жиналған қорғасын кірпіштердің арқасында алапат термоядролық синтезден мұрты да күймеген Исидиро Хуясе жан-жағына қарап… қуанып кетті! «Тегі жапонды тегі белгісіз сезімдер мазалайтыны хақ, қуануында пәлсапалық мазмұн бар екен» деп бұтақты жемей тұра тұрғайсыз, хуйғайын. Исидиро Хуясені қуантқан — кәдімгі итмықшың тірліктегі айуан кейіптегі жәйт еді. Ол… Ниппон Халықсе Банкіне тура 10 млрд иен қарыз болатын.
Несиені Император әскеріне жалаушалар мен байпақ басып сатып кәсіп қылам деп алған-тұғын. Қайдағы: тендерлер генерал-пенералдардан ауыспай-ақ қойды. Ақыры істі болып тынды. Ниппон Халықсе Банктің жаналғыштары келгіштей бастады. Әуелде, әйелі енді жейін деп жатқан бананды — кенет арт жағынан шыға келіп, қылышпен қақ бөліп тастап мазақ ете бастаған. Кейін, ұйқыға жатарда — аулаға шатырдан ниндзялар саулап түсіп, ізім-қайым жоқ боп кететінді шығарды. Ал біраздан соң — жеп отырған балығынан мынадай төртбу хат бар бамбук шықты:
«Біттің. Ертең — тігеміз».
Зәре-құты қалмаған Исидиро Хуясенің бар миы жеткені — қатын-бала-шағасын Нагасакидегі төркініне апарып тастады. «Атам самурай Фигусидің рухынан соңғы тамшы қалғаны рас болса, хақ өлімді қасқайып тұрмасам да, теріс қарап отырып қарсы алсам» деген. Бірақ жан тәтті. Ал кеп жыла. Сакэны құтылап ішті. Ақыры міне, өзі де енді көріп тұрғандай — қорғасын зауыттың қоймасының артына жығылыпты. Өле қалмағанына қ ам жеді. «Бәлелер сау кезімде, тірілей өлтіретін боп тұр ғой!» — деп, зарлана тұрғанда көргені осы — тып-типыл, жермен Жексен ата болған қала.
Тауыққа тары демекші, Исидиро ғаламат апаттың себебін ұғуға тырысқаннан бұрын, Ниппон Халықсе Банктің ғимаратына қарады. Жоқ! Жоқ, дым жоқ! Жоқ болғаны ештеңе емес, күйген бағанада жарбиып желбіреп тұрған шатыраш пиджактан — банктегі жеке менеджері Хошимотоның да о дүниелік болғанын түсініп, есі кетіп қуанды. «Сәнқой еді-ау өзі көтіне қарамай! „Исидиро, фьшть саған!“ деп, көшеде көрген сайын өз мойнын бауыздап көрсетуші еді, енді қайдасың өзің, а?». Қуаныштан ыңыранып, кірпіштерді итеріп шыға бергенде — алдына адамның кәдімгі саны салбырап түсті. Сандағы иероглиф пен саннан — банк иесі Сайто санның да келмеске кеткенін түсінді.
-Мүмкін тайфун болды ма, мүмкін құдайлар жерге түсті ме, маған бәрібір, енді жаңа өмір басталады! — деп айғайлады ол. Сол-ақ екен, ту сыртынан әлдекім:«Исидиро!» деді. Қарап, шошып кетті: әлгі, әйелінің бананын тіліп кетіп, кивиін жаншып кетіп, үркітіп жүретін сұмырай екен. Өңі оңып, денесінің жартысы әлденеден күйіп кеткен болса да, кесірткедей әлі барға ұқсайды.
— Исидиро сан, сіз Ниппон Халықсе Банкіне 10 млрд иен қарызыңызды 2 жылдан бері өтемегеніңіз үшін...- деді, садағына қорамсағынан оқ салып жатып.
— Не мағынасы бар енді? — деді Исидиро жыламсырап.
— … және келісім-шарттың "құң", "һә", "ғу" тараптарын өрескел бұзғаныңыз үшін… — деді сұмырай садағын кезеніп.
— Әне, император да «жеңілдік!» деп жатыр ғой, не істейсің ол қу ақшаны? — деді Исидиро қорғасын кірпішпен радионы нұсқап, бақырып.
-… Панасоник, Фуджи, Кенон кварталдары якудзаларының әмірімен — өлім жазасына кесілдіңіз! — деді де, сұмырай садақты тартып қалды.
Исидиро жан-тәсілім жатып, соңғы көргені — жаналғышы харакири жасамақтың қамына кірісіп жатыр екен. «Бәсе сұмырай, епті едің, самурай екенсің ғой, ниетің түзу, тағдырымыз осылай болды» деді ол күбірлеп...
Әрі қарай