Баяғыда шамалы болса да қазақша мультфилмдерді беріп тұрушы еді көк жәшіктен. Есімде мына бір мультфилім қалып қойыпты. Бір шалдың неше ұлы болатынын білмедім. Әйтеуір бір ұлына ашуланған шал басың ауған жаққа кет деп етігін лақтыра ма әлде қолын сілтей ме әйтеуір сондай бірдеңе болады. Содан Бекболат атты әлгі кейіпкер әкесі нұсқаған жаққа тартып отырады. Жолай түрлі оқиғаларға кезігуші еді.сондай қызығушылықпен көрілетін мультик еді дә. Соны тауып алып ауылдағы іні-қарындастарыма көрсетсем деп едім…
Енесстің, айдап үйрену үшін әуелі сержант өзіңді айдап алатын; кабинаға сыйдыру үшін аяғыңа ампутация жасатуға тура келетін орыс соғыс мәшинелерінің, дәлірек айтқанда — самауырларының ақырғы күндерінің көті де көрініп келеді. «Жалпы бағасы 10 млрд. доллар тұратын 126 шабуылшы тікұшақ сатуда Boeing корпорациясы жеңімпаз деп танылды» деп
14 қазаннан бастап box.net-те акция болып жатыр. iPhone/iPad-қа қосымша көшіріп алғанға қойманың көлемін 50 ГБ-қа кеңейтеді. Акция 50 күн болады, немесе 2 желтоқсанға дейін. Акция біткен соң 50 ГБ сенің жаныңда қалады. http://habrahabr.ru/blogs/services/130483/
Қадірлі достар, Сіздердің бір көмектеріңіз керек болып тұр. Мәселе — орфографиялық қателерді түзетуге байланысты. Очм, қазақ тіліндегі әріптердің үйлесім заңдылығы керек. Мысалы, ешқашан «кұ» деген буын болмайды деген сиякты.
Өзім 150-ге жуық осындай мүмкін емес жұптарды «таптым». Бірақ әлі мардымсыз болып тұр.
Сонымен, мүмкін емес буындар:
— кұ, -қыгы, -фұ, -вұ, -өм, -жыгы, -гұ, -щұ, -щә…
Осы постқа пікір етінде жазғандарды программаны жасағандардың қатарына аты-жөнін қосып қоямын алғыс бөліміне)))
Бұл оқиға баяғыда болған. Әскерден келгенімізге жыл толмаған уақыт. Қаладан жұмыс тапқанымыз қалада, даладан жұмыс тапқанымыз далада жүрген кез. Сондай күндердің бірінде бңрге оқыған біразымыздың басымыз қосылып қалды. Қызып алған жігіттердің қыз іздейтін әдеті бар ғой. "Қазір көшеге шығам, қызсыз келмейм" деп кетті бір қу бізге көнбестен. Шамалыдан соң қолында жарты парағы(бір жарты арағы және бар) бар, ыржиып келіп тұр. "Қыз таптым" дейді,«Тек, біреуің менімен еріп барыңдар» деп қояды. Сөйтсек, «сдаю квартиру девушкам» деген сынды жарнаманы жыртып алып, пәтерде тұратын қыздардың жарнамасы екен деп қалыпты.
Аяғыма кигенім, былғары етік, сәулем-ай,
Табанымнан барады, ызғар өтіп, сәулем-ай.
Жақсы болсаң келерсің судан өтіп, сәулем-ай,
Жаман болсаң қаларсың суға кетіп, сәулем-ай.
Көрші қырғыз елінде бірден қолданысқа көшіп кеткен бұл әдістеменіңде елге берері көп.
Пысықсып жүретін бір жиенім қатты қызығып, жасап алуға құлшыныс жасағандай болып еді, кежегесі керітартып жүрсе керек
ПыСы: Қауіпсіздік шаралары қатты қадағалануы керек.