Анонимайзерлерге жол жоқ?!

Бірнеше жерден қарай салдым. Анонимайзер сайттар ашылмайды. Өткенде бір жерге дауыс беру керек болып, анонимайзер қолднанғанда, оншақтысын ашқаным есімде. Қазір вордпресстегі бір блогты ашу керек болып, анонимайзермен кірейін десем, анонимайзерім өзі ашылмайды. Сіздерде ше?
Әрі қарай

Керекшілерге өтініш

"Алтын Орда" газетіне кино, софт нарығындағы қарақшылық жөнінде мақала дайындалып жатыр. Мақала біржақты боп кетпеуі үшін, программист маман мен матеиматиктің пікірі керек, бір тұлғада математик пен программист тоғысқан болса — тіпті қатып кетер еді.
Сұрақтар келесідей:
Әрі қарай

Қазақстанда интернеттегі заңсыз контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды

Қазақстанда заңдарды бұзатын интернет-контент туралы мәлімет қабылдайтын “шұғыл байланыс” желісі құрылды.

Қоғамдық ұйымның күшімен “Safekaznet.kz” ресурсын құра отырып, біз заңсыз контентке қарсы күресу тұрғысынан нақты қадам жасаудамыз.

Біз Қазақстанда ғана емес, шетелдерде көптеген интернет ресурс иелерімен белсенді жұмыс жүргізудеміз”, — деп “Қазақстанның интернет қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Владимир Төреханов бүгін Алматыда “Қазақстан қауіпсіз интернет- кеңістігі: қоғам мен бизнес міндеттері” атты “дөңгелек үстел” отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, шұғыл желі мамандары балалар порнографиясын қамтитын, терроризм мен экстремизмді, есірткіні, қылмысты насихаттайтын сайттар туралы мәліметтер мен өзге интернет қауіптерге қарсы әрекет етпек.

Бүгінгі таңда “шұғыл желі” сайтына төрт мәлімет келіп түскен. Олардың бірінде шетелдік интернет ресурс атына шағым түскен.

kaz.gazeta.kz/art.asp
Әрі қарай

Менің жастық шағымның әндері)))

Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы Кеңес Дүйсекеевтің "Қарағым-ай" әні. Бұл ән мен тоғыз оқып жүргенде шықты-ау деймін. Сәке Қалымов айтты, бірақ Нұрлан Өнербаевтың орындауында маған көбірек ұнайтын.



Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы Мұрат Құсайыновтың «Сұлулық» әні. Жақсы көрем осы әнді. Автор өзі де орындайды, бірақ таба алмадым.



Тағы да Нұрлан Өнербаев. «Мен сені сағыныппын». Авторын білмейм. Бірақ осы әнді естісем, жүрегім елжіреп, көзіме жас үйіріліп, қыз күнім есіме түсіп кетеді)))

Әрі қарай