Еске түскен мультфилм

Баяғыда шамалы болса да қазақша мультфилмдерді беріп тұрушы еді көк жәшіктен. Есімде мына бір мультфилім қалып қойыпты. Бір шалдың неше ұлы болатынын білмедім. Әйтеуір бір ұлына ашуланған шал басың ауған жаққа кет деп етігін лақтыра ма әлде қолын сілтей ме әйтеуір сондай бірдеңе болады. Содан Бекболат атты әлгі кейіпкер әкесі нұсқаған жаққа тартып отырады. Жолай түрлі оқиғаларға кезігуші еді.сондай қызығушылықпен көрілетін мультик еді дә. Соны тауып алып ауылдағы іні-қарындастарыма көрсетсем деп едім…
Бөлісу:

3 пікір

omarbirat
Кивиде мына мультфильм бар екен:

Сен жазған мультфильмді қазір де көрсетіп жүр, бірақ Интернетте жоқ екен.
Nurgisa
басың ауған жаққа кет
Орекеңдерде бұның жағрапиялық координаталар тұрғысында сәл нақтыланған нұсқасы бар ма деймін…