Асар жасап программа жасау)))

Қадірлі достар, Сіздердің бір көмектеріңіз керек болып тұр. Мәселе — орфографиялық қателерді түзетуге байланысты. Очм, қазақ тіліндегі әріптердің үйлесім заңдылығы керек. Мысалы, ешқашан «кұ» деген буын болмайды деген сиякты.
Өзім 150-ге жуық осындай мүмкін емес жұптарды «таптым». Бірақ әлі мардымсыз болып тұр.
Сонымен, мүмкін емес буындар:
— кұ, -қыгы, -фұ, -вұ, -өм, -жыгы, -гұ, -щұ, -щә…
Осы постқа пікір етінде жазғандарды программаны жасағандардың қатарына аты-жөнін қосып қоямын алғыс бөліміне)))
Бөлісу:

5 пікір

e_zhalgas
-қі, -қү, -қә, -қө

осы ретпен, алфавитке қарап отырып, жасап шыға беруге болады ғой. бірақ, бұлардың бәрін жасалынып қойлған шығар
Пікір түзетілген: 27 тамыз 2011, 14:57
sigma
-щұ, -щә
қателеспесем қазақта «щ» әріпі кездесетін үш сөз бар екен, ащы, тұщы, кесще. Осыған қарап отырып, «щ» әріпіне қалған барлық дауысты дыбыстарды (олар да көп емес, оншақты)жалғап жіберіп болмайтындар қатарына жіберуге болады деген ұсынысымды орыстан кіріп "қазақша" болып кеткендер бар деп, қабыл алмасаңыздар ренжімеймін.
asaubota
мен газет сканерлеп Вордка төккен кезде былай түзетемін, мына буындарды аламын көбінесе:

ык, кы, ыг, гы, үқ, қү, ұк, кұ
a63a1
ғұә десем болама?