Өктем Заурбековпен сұхбат
Қазіргі таңда сәләфилік, мадхалилік (Өктем өзін олай атамаймын дейді) бағытта уағыз-насихат айтып жүрген Қазақ-Кувейт университеті, Мединадағы Ислам универститетінің түлегі Өктем Заурбековпен сұхбат.
Әрі қарай
WapHelp.KZ - Сайт құрастырушылар мекені!
Жоба жайлы ақпарат: waphelp.kz/faq/about.php
Басты сайт: waphelp.kz/
Вконтактеде: vk.com/waphelpkz
Ең алғашқы сайт құрастыруды тегін үйрететін, KazNet-ты, KazContent-ты, дамытуға тікелей ат салысып, мол үлес қосатын Қазақстандық уникалды жоба — WapHelp.KZ Жобасы.
Тек сапалы және пайдалы ақпарат!
PHP, MySQL, HTML, CSS тілдерін тегін үйрену!
Скрипттер, Дизайндар, Модульдерді тегін жүктеу!
Вап/Веб шеберге арналған пайдалы сервистер!
Пайдалы кодтар, Ақ каталог және тағыда басқа бөлімдер!
Біздің сайтымыз арқылы сіз, өз сайтыңызды құрастырып және оны интернетке салу жайлы үйренесіз, енді сіз үшін сайт ашу еш қиындық тудырмайтын болады, үйткені біз сіздерді қадаммен сайт құрастыруды тегін үйретеміз!
Сіздердің тек алғашқы сайтыңызды құрастырып үйренгенге ниетіңіз болса болды. Қадамнан қадамға, жеңілден қиынға дейін сіз сайт құрастыру жайлы тренингымыздан үйренетін боласыз!
Форумда өзіңізді қызықтырып іздеген сұрақтарыңызға жауабыңызды табасыз!
WapHelp.KZ жобасы тегін жоба және тегін болып қала береді! Қазақстандағы қара домалақ қазақ балаларының сайт құрастырып үйренуіне, Қазақ тілді сайттардың көбейуіне, Қазақ тілінің көркейуіне тынбай ат салысудамыз.

Компьютерді смартфоннан басқару
Алдыңғы мақаламда Смартфонда мәтінді компьютер арқылы енгізуге қажетті қосымшаны жазған едім. Енді осыда керісінше компьютерді Смартфон арқылы басқару қосымшасы жайлы қысқаша нұсқауды қарастырдым. Бұл қосымшаның нұсқалары Android-қа да, IOS-қа да бар.

WifiMouse – компьютерді смартфон арқылы басқаруға мүмкідік беретін қосымша. Бұл:
• сенсорды тышқан мен пернетақта орнына қолдануға;
• компьютерді сөндіруге, сөндіріріп-қосуға, ұйқыға жіберуге;
• ойнатқышты басқаруға;
• қажет десеңіз Презентацияларды да (Power Point) басқаруға мүмкіндік береді.
• Қажетті сілтемелер:
• Компьютерге: http://wifimouse.necta.us/
• Android-қа: Wifi Mouse
• Iphone-ға: WiFi Mouse
• IPad-қа: WiFi Mouse HD Free
Төмендегі видеода бағдарламаларды орнату процесін көрсеттім:

Ернар Патиктің ізімен немесе Corolla күнделігі
Күнделік осымен аяқталды. Corolla-ны сатып жібердім. Corolla мықты деп аузынан суы ағып сөйлейтіндерге сұқ саусақ шығарамын) Нәщәр машина.
4-тур қорытындысы

«Керек тілші» жобасында Мәдениет аптасы сапалы репортаждарға толы болды. Берілген бағалар төмендегідей:
ademi_alem — 10
NazerkeAbibulla — 7,5
tomarlik — 9,25
qonyrbai — 10
Basic — 6,25
Aya — 10
Android қосымшаларын Windows платформасында қолдану.
Android қосымшаларын Windows-та қолданудың көптеген жолдары бар. Соған байланысты түрлі эмуляторларды мысалға келтіруге болады. Ғаламторды шарлап, BlueStacks деген ыңғайлы да түсінікті бағдарламаны таптым. Бірақ оны эмулятор деуге келмейді, себебі Apk файлдарды ашатын Player-дың қызметін атқарады және ол эмуляторда қажет ететін барлық баптауларды автоматты түрде жасайды. Енді бағдарламаның өзіне көшейік.
1. Бағдарламаны мына сілтеме бойынша жүктейміз → www.bluestacks.com/
2. Оны орнатамыз (орнату процесі мен оптимизация 5-10 мин уақыт алады).
3. Орнатылып болған соң төмендегідей терезе ашылады.

4. Ендігі қадамда «пернетақтаны» баптап алуымыз керек. «Все приложения» бетіне өтеміз.

5. Настройки.

6. Дополнительные параметры.

7. Язык и ввод.
8. По умолчанию → «Аппаратура» дегенді сөнідреміз.

9. Тілді таңдаймыз. «Язык системый» сөндіріп, қажетті тілдерді таңдаймыз.

10. Келесі қадамда Настройки → Добавить аккаунт деп жәшік логинын жазу керек.
11. Поиск бетіне өтіп, Play Market-ке кіру үшін кез келген сөз жаза саламыз.

Ары қарай бәрі түсінікті).

Ескерте кететін жағдай: Бағдарламадан кіріп-шыққан сайын СЕГІЗІНШІ қадамды қайталап тұру қажет(((.Бұл бағдарлама Android қосымшаларының мүмкіндіктерін зерттеуге, смартфоныңыз көтермейтін ойындар мен бағдарламаларды орнатып қолдануға ыңғайлы.
мен білетін өмір салты
Әле білмейтінім көп. Біліп тұрып қолға алмайтыным дүниеме кейде өзім сүрінінп те жатамын. Өз саулығым үшін, үшін дәлелдеген 4 түйір білгенім бар еді. Бөлісе отырайын.
Дұрыс тамақтану. Әрине, сіз «осы да жазатын дүние ме?!» деп ойлап отырсыз. Бой өлшемі орта есеппен 2 метрден асып жығылатын «ірі қазақтардың» тамақтануын айтамын да… Таза ет, сүт, нан өнімдері. Оның ішінде, таңғы асқа сүт, ірімшік, бауырсақ, сары май; түскі асқа — құрт, жент, қаймақ пен айран; кешкі асқа- ет, сорпа, қымыз… Тап осыны ұстаныңыз демейін, бірақ пайдалы-ақ дүниелер. Ал, енді осыған кішкене өзгеріс енгізсек. Қазіргі тамақ өнімдерінің табиғи емес екендігін есепке ала отырып, жеміс-жидекті де ара-тұра ұмытпаңыз дегенім ғой…
Жаяу жүру. Әдетте, уақыт жоқтығын сылтауратып, өзімізді ұмытып кетеміз. Осы, тарихи шығармаларда «қыр басына жаймен көтеріліп, ұзақ отырды» деген тіркесте ұзақтау мән бар-ау, ә?! Сол, кісі қыр басына шыққанда, ел дауының шешімі ойына орала қалды дейсіз бе? Өзінің денсаулығына керек болғасын, сөйткен де… Енді, біз 9-қабатқа өзіміз көтерілмейтін заманда өмір сүреміз, ең болмағанда Есілдің жағасын пайдаға асыра білгейсіз)
Атпен серуендеу. Осыдан екі жыл бұрын, анам омыртқа сүйектерінің қисаюына байланысты ем қабылдап еді. 20 жыл мұғалім болып, қақиып қалған беліндегі түйнек жараны күніне жарты сағат жылқыға мініп, серуендеу арқылы кетірді. Мүмкіндікті пайдаланып, жуас байталға мініп алып, жылға жуық мен де жаттықтым. Басқа пайдасын білмеймін, бойымнын тез өскенін содан көрдім. Міне, ғылымның емес, халықтың дәлелдеп кеткен кереметі.
Салқын сумен жуыну. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» шығармасында Есеней тұзды көлдің жағасына үй тіктіріп, бәленбай күн көлге түсіп, шешектен айығып еді ғой? Жағырапиядан білуімізше, елімізде 84 000 өзен, 48 000 көл бар екен. Кеңес үкметіне дейінгі сау ұлтымыз «ыстық су ақпай қалды» деп отырды дейсіз бе?! Жалпы, медицинада да дәлелденгендей, салқын сумен жуыну өмірді ұзартады. Ал, мен мезгілсіз ауырып, тұмауратып көрген емеспін. Астананың суы жаман демесеңіз, салқын-ақ…
Менің кеңесім осы. Салауатты өмір салтын әркім өзінше сүреді. Бағыт та әртүрлі. Тек, айтары ғана бір — деніңіз сау болсын!

СӨС-ті дамытамыз деп жүрміз...
Cалауатты өмір салтын қалыптастыру — елбасымыздың басты назарға қойған мәселелерінің бірегейі. Осы орайда түрлі бағдарламалар қабылданып, жыл сайынғы жолдауда да қадап тұрып айтылатыны белгілі. Осы шара төңірегінде түрлі жұмыстардың атқарылып жатқаны да рас. Бірақ көңілді көншітпейтіні — тасбақаның жүрісіндей баяулық. Жақында Оралға бір жұмыстарыммен барып келе жатқанымда пойызда спортшылармен, күреспен шұғылданатын жасөспірімдер мен олардың жаттықтырушыларымен жолымыз бір болып, екі күндік жолды әзілдеп, түрлі тақырыпта әңгіме өрбіткенбіз. Ұққаным: спортшылардың өмірі қызық та қиын екен. Мектеп жасындағы жас балалардың күрестің әр түріне соншалық құмартып, ынтығатындығын көріп қатты қуандым. Түрлі байқауларға қатысып республикаға танылып жүрген балалар екен. Менің есте сақтау қабілетім нашар ма білмедім, толық аты-жөндері есімде қалмапты. Айтайын дегенім, сөз арасында жаттықтырушының айтқандары олар межелі жерден түсіп қалғаннан кейін біраз уақыт жадымнан кетпеді. Не айтты деп ойлап отырған боларсыз, күнделікті естіп жүрген қарапайым мәселе, бірақ адамға түрлі ой салады екен… Сонымен жаттықтырушының жанында 16 жасар орыс баласы болған, әкесі ішімдікке салынған, анасы екінші рет тұрмысқа шыққан. «Спортқа деген талабы зор балалар кішкентай ауылымызда өте көп, солардың бірі — осы бала»- деді. -Бұрын жаман жолға түскен баланың арасында жүрген жерінен арашалап, балаларды спортқа алып келгем, осылай ара-тұра жарысқа шығарып тұрамын, ел-жер көріп, додаға түсіп шыңдалсын деген ниетім еді,- деп сөзін жалғады. Бес уақыт намазын қаза қылмаған адамның иманжүзді келбетінен шын жанашырлық танытқандығы айқын көрініп тұрды. Шағын кабинетті мектеп ішінен арнайы күреспен шұғылданатын орынға айналдырған қарапайым мұғалімнің жалғыз назы — бізге жарыс, түрлі турнирлер туралы хабардың кеш жетуі екендігін айтты. Шалғайдағы ауылдан ат терлетіп жеткенше уақыты өтіп кететіндігін немесе өз қаражатымызбен баруға тура келетіндігін жеткізді. СӨС-ті дамытып, өрлетеміз деп жүрген жоғарыдағы ағайынға спортқа құмар ауыл жастарының үні әлі де жетпей жатқаны жолаушылап жүріп кездейсоқ жолыққан мені де алаңдатпай қоймады. Біраз сырласқан «вагондастарым» пойыздан түсіп кеткеннен кейін де көп ойландым. Дені сау халық боламыз десек, бұғанасын спортпен қатайтқысы келетін балдырғандарды, алыс ауылдардағы қаракөздерімізді қолдаудан бастайық! Естелікке сыйлаған мына бір дүниенің суретін жіберуді жөн көрдім.
Әрі қарай
Аударыспақ - денсаулық кепілі...
Уикипедия бүй дейді: Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Ал, салауатты өмір салтын сақтау үшін, әлбетте, спортпен айналысқан абзал. «Спорт — денсаулық кепілі», «Шынықсаң шымыр боларсың» деген мақалдар — осының айғағы. Спорттың түрі көп, қай спортпен айналысамын десе де, ол адамның — өз еркі. Дегенмен, дене бітімі келісті батырлар жырында кездесетін" жауырыны қақпақтай, білектері тоқпақтай " болуды армандайтын жігіттерге — Аударыспақпен айналысуға кеңес берер едім. Арамызда «Гугл ата» болмаса, аударыспақтың қандай спорт екенін де білмейтіндер бар. Ойнасақ ойын көп, ойнайтын бірі жоқ. Олардың арасынан керегін білер адам жоқ. Денсаулыққа пайданы батыстың технологиясынан емес, қазақ ойындарындағы идеядан табу керек. Қазақтың жан саулығына септігін тигізер ойындарының бірі әрі бірегейі — аударыспақ.
Аударыспақ - салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін, ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған.
Аударыспақтың пайдасы жайлы ҚР Еңбек сірген жаттықтырушысы Сәттібаев Рамазан ағадан 7 кеңес.
1 Сабырлыққа үйретеді (Себебі қарсыласыңның қателескенін күте білу — үлкен сабырлықты талап етеді
2 Айлаға, шапшаңдыққа баулиды
3 Төзімділікті дамытады
4 Бедеулік немесе өзге де қуық ауруларына шалдыққан адамға атқа отыру көмектеседі
5 Жылқыға отырған адамның нерв жүйесі де жақсаратынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған.
6 Жылқыға отырған адамда ешқашан қорқыныш сезімі болмайды
7 Білек күші бұлшық еттерінің жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
70 келі салмақта аударыспақтан Азия чемпионы Ермек Жәпішев:
Аударыспақпен 10 жасымнан бері айналысып келемін. Бұл спорт — шапшаңдыққа, төзімділікке үйретеді, айланы талап етеді. Тек қара күшпен жеңем деу үлкен әбестік. Білек күші тең қарсыластар күш сынасқанда басты орынға айла-тәсіл шығады. Осы тұста кім шапшаң ойлап әдісті жақсы меңгерген болса соның алшысы оңынан түседі. Және де аударыспақ ат үстіндегі күрес болғандықтан, тепе — теңдікті сақтамасаң жеңілсесің. Өзінің денесін игере алған спортшы мықтылығын дәлелдеп шығады. Мен — теледидар қарап, интернетте шұқшиып отырғаннын гөрі, атпен бір мезгіл серуендеп келгенді ұнатамын. Ат үстінде жүргелі 15 жыл болды. Осы уақытқа дейін аурыған емеспін, Аллаға шүкір.
Аударыспақтың ережелері:
Білектен ұстап қарсыласын аттан аунатып түсіру, аударыспақтың ең керемет әдістерінің бірі

Қарсыласыңды өзіңе қарай жұлқа тартуға да болады.

Шын мықтыға тұсау жоқ. Қарсыласын төбесінен бұлтша төніп, атынан итеріп құлатуға да болады.
Аударыспақтан 90 келіден жоғары салмақта және абсолют салмақта Азия чемпионы Біржан Қосалиев:
Аударыспақпен айналысқаныма 7-8 жыл болды. Талай жерде топ жардым. Бірақ мақсат топ жару емес. Басты мақсат — бабаларымыздың көзіндей болған ұлттық спортымызды ұлықтап, кейінгі жастарға дәріптеу. Шын айтсам аударыспақпен айналысқалы бері, сабырлық, ұстамдылық деген сезімдер бойымнан табылды. Негізі атқа отыру нерв жүйелеріне де жақсы әсер етеді. Менің қорқатыным атқа мініп көрмеген, аттан қорқатын жастардың көбеюі. Ат десе ат тонын ала қашатындарды талай көз көрді. Айтарым, бұл спортпен айналыспаған адам бұның керемет қасиетін сезіне алмайды. Сөздің ашығын айтатын болсам, осы күнге дейін ауырған емеспін. Аударыспақтың басты пайдасы да — осы. Ата-бабаларымыз әр істің көзін тауып, өзінің кәдесіне жарата білген. Бұрындары бедеулікпен ауырған қазақ болмаған, қазірде жастарымыздың көбі осы «аты жаман аурумен» ауырады. Жастарымыздың осыны түсініп аттан қорықпауына шақырар едім.

Аударыспақтың қазіргі ережесі
Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтық категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттық сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез — келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.
Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке ұласып жатуы шарт.
Қорытынды
Жанына халқымыздың жылқы жаққан,
Жылқыға жетпеген көз жаутаң қаққан,
Мінсең ат, ішсең қымыз, жесең қазы,
Қашаннан қазақ халық жылқы баққан.
Жасымнан жылқы десе менің жаным,
Атырдым жылқы ішінде өмір таңын,
Жапанда жел жылқының үстінде өстім,
Мекендеп өмірімде аттың жалын..., -деп Ілияс Жансүгіров жырлағандай аттың қазақ өмірінде орны ерек. Жылқы малының қымызы көп дертке ем екені де баршаға мәлім. Бүгінде Еуропаның көптеген елдерінде жылқыға отырғызып емдеу етек алған. Қымызынан неміс халқы дәрі жасап дерттерінің шипасын табуда. «Жылқы — қазақтың қанаты». Салауатты өмір салтын ұстанып, көп дертке ем тапқыңыз келсе атқа қоныңыз...
Әрі қарай
Ал, салауатты өмір салтын сақтау үшін, әлбетте, спортпен айналысқан абзал. «Спорт — денсаулық кепілі», «Шынықсаң шымыр боларсың» деген мақалдар — осының айғағы. Спорттың түрі көп, қай спортпен айналысамын десе де, ол адамның — өз еркі. Дегенмен, дене бітімі келісті батырлар жырында кездесетін" жауырыны қақпақтай, білектері тоқпақтай " болуды армандайтын жігіттерге — Аударыспақпен айналысуға кеңес берер едім. Арамызда «Гугл ата» болмаса, аударыспақтың қандай спорт екенін де білмейтіндер бар. Ойнасақ ойын көп, ойнайтын бірі жоқ. Олардың арасынан керегін білер адам жоқ. Денсаулыққа пайданы батыстың технологиясынан емес, қазақ ойындарындағы идеядан табу керек. Қазақтың жан саулығына септігін тигізер ойындарының бірі әрі бірегейі — аударыспақ.
Аударыспақ - салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін, ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған.
Аударыспақтың пайдасы жайлы ҚР Еңбек сірген жаттықтырушысы Сәттібаев Рамазан ағадан 7 кеңес.

1 Сабырлыққа үйретеді (Себебі қарсыласыңның қателескенін күте білу — үлкен сабырлықты талап етеді
2 Айлаға, шапшаңдыққа баулиды
3 Төзімділікті дамытады
4 Бедеулік немесе өзге де қуық ауруларына шалдыққан адамға атқа отыру көмектеседі
5 Жылқыға отырған адамның нерв жүйесі де жақсаратынын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған.
6 Жылқыға отырған адамда ешқашан қорқыныш сезімі болмайды
7 Білек күші бұлшық еттерінің жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді.
70 келі салмақта аударыспақтан Азия чемпионы Ермек Жәпішев:
Аударыспақпен 10 жасымнан бері айналысып келемін. Бұл спорт — шапшаңдыққа, төзімділікке үйретеді, айланы талап етеді. Тек қара күшпен жеңем деу үлкен әбестік. Білек күші тең қарсыластар күш сынасқанда басты орынға айла-тәсіл шығады. Осы тұста кім шапшаң ойлап әдісті жақсы меңгерген болса соның алшысы оңынан түседі. Және де аударыспақ ат үстіндегі күрес болғандықтан, тепе — теңдікті сақтамасаң жеңілсесің. Өзінің денесін игере алған спортшы мықтылығын дәлелдеп шығады. Мен — теледидар қарап, интернетте шұқшиып отырғаннын гөрі, атпен бір мезгіл серуендеп келгенді ұнатамын. Ат үстінде жүргелі 15 жыл болды. Осы уақытқа дейін аурыған емеспін, Аллаға шүкір.Аударыспақтың ережелері: