мен білетін өмір салты

Әле білмейтінім көп. Біліп тұрып қолға алмайтыным дүниеме кейде өзім сүрінінп те жатамын. Өз саулығым үшін, үшін дәлелдеген 4 түйір білгенім бар еді. Бөлісе отырайын.
Дұрыс тамақтану. Әрине, сіз «осы да жазатын дүние ме?!» деп ойлап отырсыз. Бой өлшемі орта есеппен 2 метрден асып жығылатын «ірі қазақтардың» тамақтануын айтамын да… Таза ет, сүт, нан өнімдері. Оның ішінде, таңғы асқа сүт, ірімшік, бауырсақ, сары май; түскі асқа — құрт, жент, қаймақ пен айран; кешкі асқа- ет, сорпа, қымыз… Тап осыны ұстаныңыз демейін, бірақ пайдалы-ақ дүниелер. Ал, енді осыған кішкене өзгеріс енгізсек. Қазіргі тамақ өнімдерінің табиғи емес екендігін есепке ала отырып, жеміс-жидекті де ара-тұра ұмытпаңыз дегенім ғой…

Жаяу жүру. Әдетте, уақыт жоқтығын сылтауратып, өзімізді ұмытып кетеміз. Осы, тарихи шығармаларда «қыр басына жаймен көтеріліп, ұзақ отырды» деген тіркесте ұзақтау мән бар-ау, ә?! Сол, кісі қыр басына шыққанда, ел дауының шешімі ойына орала қалды дейсіз бе? Өзінің денсаулығына керек болғасын, сөйткен де… Енді, біз 9-қабатқа өзіміз көтерілмейтін заманда өмір сүреміз, ең болмағанда Есілдің жағасын пайдаға асыра білгейсіз)

Атпен серуендеу. Осыдан екі жыл бұрын, анам омыртқа сүйектерінің қисаюына байланысты ем қабылдап еді. 20 жыл мұғалім болып, қақиып қалған беліндегі түйнек жараны күніне жарты сағат жылқыға мініп, серуендеу арқылы кетірді. Мүмкіндікті пайдаланып, жуас байталға мініп алып, жылға жуық мен де жаттықтым. Басқа пайдасын білмеймін, бойымнын тез өскенін содан көрдім. Міне, ғылымның емес, халықтың дәлелдеп кеткен кереметі.

Салқын сумен жуыну. Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» шығармасында Есеней тұзды көлдің жағасына үй тіктіріп, бәленбай күн көлге түсіп, шешектен айығып еді ғой? Жағырапиядан білуімізше, елімізде 84 000 өзен, 48 000 көл бар екен. Кеңес үкметіне дейінгі сау ұлтымыз «ыстық су ақпай қалды» деп отырды дейсіз бе?! Жалпы, медицинада да дәлелденгендей, салқын сумен жуыну өмірді ұзартады. Ал, мен мезгілсіз ауырып, тұмауратып көрген емеспін. Астананың суы жаман демесеңіз, салқын-ақ…
Менің кеңесім осы. Салауатты өмір салтын әркім өзінше сүреді. Бағыт та әртүрлі. Тек, айтары ғана бір — деніңіз сау болсын!
Бөлісу:

12 пікір

Ispek92
Бұл репортаж ба, Динар? Білгім келеді, мен ропортажды басқаша түсініп жүрмін
yerlanospan
Әле білмейтінім көп.
Мұныңызды алғашқы сөйлеміңізден-ақ байқауға мүмкіндік бергеніңізге рахметімді айтамын.
0 ұпай. Репортаж емес.
qonyrbai
Әле түземегенсің бе?
Gastarbaiter
Әле білмейтінім көп.

Қоңырбайға жүлдені қолдан беретін адамдардың сиқы ғой мынау))
Gastarbaiter
Кеңес үкіметіне дейінгі сау ұлтымыз «ыстық су ақпай қалды» деп отырды дейсіз бе?
Тіпті ұлтымыздың науқас бөлігі де олай демегеніне сенімдімін.
MERmukhanov
Динарко халтурить етжверіпті))