СӨС-ті дамытамыз деп жүрміз...

Cалауатты өмір салтын қалыптастыру — елбасымыздың басты назарға қойған мәселелерінің бірегейі. Осы орайда түрлі бағдарламалар қабылданып, жыл сайынғы жолдауда да қадап тұрып айтылатыны белгілі. Осы шара төңірегінде түрлі жұмыстардың атқарылып жатқаны да рас. Бірақ көңілді көншітпейтіні — тасбақаның жүрісіндей баяулық. Жақында Оралға бір жұмыстарыммен барып келе жатқанымда пойызда спортшылармен, күреспен шұғылданатын жасөспірімдер мен олардың жаттықтырушыларымен жолымыз бір болып, екі күндік жолды әзілдеп, түрлі тақырыпта әңгіме өрбіткенбіз. Ұққаным: спортшылардың өмірі қызық та қиын екен. Мектеп жасындағы жас балалардың күрестің әр түріне соншалық құмартып, ынтығатындығын көріп қатты қуандым. Түрлі байқауларға қатысып республикаға танылып жүрген балалар екен. Менің есте сақтау қабілетім нашар ма білмедім, толық аты-жөндері есімде қалмапты. Айтайын дегенім, сөз арасында жаттықтырушының айтқандары олар межелі жерден түсіп қалғаннан кейін біраз уақыт жадымнан кетпеді. Не айтты деп ойлап отырған боларсыз, күнделікті естіп жүрген қарапайым мәселе, бірақ адамға түрлі ой салады екен… Сонымен жаттықтырушының жанында 16 жасар орыс баласы болған, әкесі ішімдікке салынған, анасы екінші рет тұрмысқа шыққан. «Спортқа деген талабы зор балалар кішкентай ауылымызда өте көп, солардың бірі — осы бала»- деді. -Бұрын жаман жолға түскен баланың арасында жүрген жерінен арашалап, балаларды спортқа алып келгем, осылай ара-тұра жарысқа шығарып тұрамын, ел-жер көріп, додаға түсіп шыңдалсын деген ниетім еді,- деп сөзін жалғады. Бес уақыт намазын қаза қылмаған адамның иманжүзді келбетінен шын жанашырлық танытқандығы айқын көрініп тұрды. Шағын кабинетті мектеп ішінен арнайы күреспен шұғылданатын орынға айналдырған қарапайым мұғалімнің жалғыз назы — бізге жарыс, түрлі турнирлер туралы хабардың кеш жетуі екендігін айтты. Шалғайдағы ауылдан ат терлетіп жеткенше уақыты өтіп кететіндігін немесе өз қаражатымызбен баруға тура келетіндігін жеткізді. СӨС-ті дамытып, өрлетеміз деп жүрген жоғарыдағы ағайынға спортқа құмар ауыл жастарының үні әлі де жетпей жатқаны жолаушылап жүріп кездейсоқ жолыққан мені де алаңдатпай қоймады. Біраз сырласқан «вагондастарым» пойыздан түсіп кеткеннен кейін де көп ойландым. Дені сау халық боламыз десек, бұғанасын спортпен қатайтқысы келетін балдырғандарды, алыс ауылдардағы қаракөздерімізді қолдаудан бастайық! Естелікке сыйлаған мына бір дүниенің суретін жіберуді жөн көрдім.Керек тілші: СӨС-ті дамытамыз деп жүрміз...
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
1

алдағы тақырыптарға репортаж жасауға тырыс
zholantai
Менің есте сақтау қабілетім нашар ма білмедім, толық аты-жөндері есімде қалмапты.
тек олай ғана емес па дейм